Сабақ бойымен органикалық заттардың қозғалысын тәжірибе арқылы дәлелдеу
Биология, 6-сынып
Сабақтың түр өзгерістері
Бұл сабақта өсімдік сабағының түр өзгерістері қарастырылады: жер үсті түрі өзгерген өркендер және жер асты өзгерген өркендер. Оқушылар нақты өсімдік үлгілерімен жұмыс істеп, олардың бөлімдерін ажыратуды және көрсетуді үйренеді.
Сабақтың мақсаты
- Оқушыларды сабақтың түр өзгерістерімен таныстыру; түрі өзгерген жер үсті өркендерді және өзгерген жер асты өркендерді ажырата білуге үйрету.
- Өз бетімен жұмыс істеу дағдысын дамыту; інжугүл, картоп және пияз өсімдіктерінің бөлімдерін көрсете алуын бақылау.
- Пәнге қызығушылығын арттыру.
Сабақтың сипаттамасы
- Сабақтың типі
- Аралас сабақ
- Сабақтың түрі
- Жаңа сабақты меңгерту
- Қолданылған технология
- Сын тұрғысынан ойлау
- Әдіс-тәсілдер
- Жекелей жұмыс, топтық жұмыс
Көрнекіліктер
Кестелер, суреттер, кеспе қағаздар, семантикалық карта және өсімдік үлгілері:
Сабақтың өту барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың назарын сабаққа аудару, мақсат-міндеттерді қысқаша таныстыру, жұмыс тәртібін анықтау.
2) Негізгі бөлім
Үй тапсырмасын тексеру және тәжірибені талдау
Үй тапсырмасын тексеру сұрақтары
- 1 Сабақтың бойлай өсуі дегеніміз не? Жергілікті материал негізінде үйде қандай шырпу жұмысын жүргіздің? Қандай ағашқа немесе бұтаға жүргіздің?
- 2 Сабақтың жуандап өсуін қандай тәжірибе арқылы анықтадық?
- 3 Жылдық шеңбер мен жылдық қабат дегеніміз не? Тәжірибеде неше жастағы ағаштарды байқадық?
- 4 Орманда адасып қалсаң, оңтүстік пен солтүстікті қалай анықтайсың?
- 5 Су мен минералды тұздардың сабақ бойымен қозғалуы қалай жүреді? Сыныпта жасалған №1 тәжірибені түсіндір.
- 6 Органикалық заттардың сабақ бойымен қозғалысын тәжірибе арқылы қалай дәлелдеуге болады?
Тәжірибе бақылауы: су мен минералды тұздардың қозғалысы
Өткен сабақта ақ түсті герань гүлінің қаламшесі стақандағы суға қызыл бояу қосылған ерітіндіге салынды да, төрт күнге қалдырылды. Келесі сабақта гүлдің қызыл түске боялғаны байқалды.
Негізгі қорытынды
Бояудың гүлге дейін жетуі — судың және ондағы еріген заттардың сабақ бойымен жоғары қарай қозғалатынын көрсетеді.
3) Жаңа сабақ
«Сабақтың түр өзгерістері» тақырыбы бойынша қысқаша кіріспе жасалып, түрі өзгерген жер үсті және жер асты өркендердің ерекшеліктері талданады. Оқушылар үлгілер арқылы сабақтың түр өзгерістерін ажыратып, семантикалық карта көмегімен білімін бекітеді.