Сұраққа жауап. Сабақтың тақырыбы

Сабақтың тақырыбы

Өткен шақ

Мақсаты (білімділік)

  • Оқушыларға етістік шақтары, соның ішінде өткен шақ етістігі туралы түсінік беру.
  • Сөйлем ішінен етістіктің шақтарын тауып, ажырата білуге дағдыландыру.

Мақсаты (дамытушылық)

  • Сауатты, көркем жазуға төселдіру.
  • Танымдық белсенділікті арттыру.
  • Шығармашылық ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорды молайту.

Мақсаты (тәрбиелік)

  • Туған елін және оның табиғатын сүюге тәрбиелеу.
  • Ұйымшылдық пен достыққа баулу.

Сабақтың форматы

Типі:
аралас сабақ (жаңа сабақ элементтерімен)
Түрі:
дәстүрлі емес сабақ (саяхат-сабақ)

Әдістер

  • топтық, жеке, ұжымдық жұмыс
  • шығармашылық тапсырмалар
  • сұрақ-жауап

Ресурстар мен байланыс

  • көрнекіліктер: сурет, кесте, кодоскоп
  • бағалау парағы және белгілері
  • пәнаралық байланыс: дүниетану

Өту барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Сынып оқушыларын түгелдеу.
  • Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын таныстыру.
  • Үй тапсырмасын «Ой қозғау» стратегиясы бойынша сұрау.

Ой қозғау: Ғарыш туралы әңгіме

Сұрақ: «Ғарыш дегеніміз не?» — Аспан әлемі.

Сұрақ: «Аспан дегенде көз алдымызға не елестейді?» — Ай, бұлт, жұлдыз.

Жай көзбен қарағанда аспанда шамамен 3000-ға жуық жұлдыз көрінеді. Ғалымдардың болжамынша, жұлдыздардың жалпы саны әлденеше миллиардтан асады. Солардың ішінде Жерге ең жақын жұлдыз — Күн.

Күннің төңірегінде Жермен қоса 9 ірі аспан денесі айналып жүреді. Олар планеталар деп аталады. Бүгінгі сабақты осы 9 планетаға саяхат түрінде өткіземіз: әр планетаның тапсырмасын орындап, оны өз орнына орналастырып, қысқаша мәлімет бересіздер.

Планеталар бойынша тапсырмалар (саяхат-сабақ)

1-планета: Меркурий

Үй тапсырмасын бекіту («Ой қозғау»)

Қайталау
  • Етістік дегеніміз не?
  • Етістіктің қандай түрлері бар?
  • Осы шақ етістігі қандай сұраққа жауап береді?

Меркурий — Жер тобына жататын ең кіші ғаламшар. Диаметрі шамамен 4880 км. Қашықтан түсірілген суреттері оның Айға ұқсас екенін көрсетті.

2-планета: Шолпан

Теорияны нақтылау

Түсінік
  • Етістіктің жіктелуі дегеніміз не?
  • Етістіктің шақтары дегеніміз не?

Шолпанның бетін Жерден оптикалық құралмен бақылау қиын, себебі ол бұлтпен қапталған. Сондықтан оның сипаттары радиоәдіс және ғарыштық зерттеулер арқылы анықталған. Шолпанның массасы Жер массасының шамамен 0,815 бөлігі, радиусы 6050 км.

3-планета: Жер

Жаттығумен жұмыс

Тәжірибе
  • 410-жаттығуды тексеру.
  • Кодоскоп арқылы берілген тапсырманы орындау.

Мәтін (талдау үшін)

Қыс түсті. Қар жауып тұр. Балалар аққала соғып жатыр. Машиналар көшені қардан тазартып жүр.

Жер — Күнді айналатын үшінші ғаламшар. Экваторлық радиусы 6378 км, орташа радиусы 6371 км. Жер бетінің 29,2%-ын құрлық, 70,8%-ын мұхиттар мен теңіздер алып жатыр.

4-планета: Марс

Жаңа сабақ

Жаңа тақырып

1) Көркем жазу

Ғ ғ Ғ ғ — ғарыш, ғалам, ғарышкер.

2) Шығармашылық жұмыс

Сөз ұйқасын табу. Етістікті анықтап, оның шағын және жақтарын айту.

1-топ

  • ...терді
  • ...берді

2-топ

  • ...күлдің
  • ...жүрдің

3-топ

  • ...оқыдым
  • ...тоқыдым

Марс телескоппен жақсы көрінеді. Оның диаметрі шамамен 6800 км, массасы Жер массасының 0,107 бөлігіне тең.

5-планета: Юпитер

Оқулықпен жұмыс

Оқу
  • 411-жаттығуды ауызша орындау.
  • Оқулықтан ережені оқу.

Юпитер — алып ғаламшар. Оның массасы Жер массасынан 318 есе үлкен. Экваторлық радиусы шамамен 71400 км. Юпитер Жер сияқты батыстан шығысқа қарай айналады.

6-планета: Сатурн

Тақтамен жұмыс

Талдау

413-жаттығу: сөйлем мүшелеріне талдау

  • Аяжан атасының ауылына келді.
  • Жолда оған Ораз кездесті.

Сатурн — қоңырқай реңкті ғаламшар; кей белгілері бойынша Юпитерге ұқсайды. Оның массасы Жер массасынан шамамен 95 есе артық, радиусы Жер радиусынан 9,5 есе үлкен. Сатурн Күннен Жерге қарағанда 92 есе аз энергия алады.

7-планета: Уран

Жіктеу және қолдану

Жаттығу
  • 412, 413, 418-жаттығулар: етістіктерді жекеше және көпше түрде жіктеп жазу (топтық жұмыс).
  • Әр топтан бір оқушы шығып, 415-жаттығуды тақтада орындайды.

Топтарға үлгі етістіктер

1-топ

Биледі.

2-топ

Келді.

3-топ

Аңсады.

Уран мен Нептун бір-біріне ұқсас. Уранның радиусы шамамен 25700 км, массасы 14,6 Жер массасына тең.

8-планета: Нептун

Бекіту және мәнерлеп оқу

Практика
  • 417-жаттығуды орындау.
  • 418-жаттығу: өлеңді ауызша, мәнерлеп оқу.

Нептунның радиусы шамамен 24300 км. Массасы Жер массасынан 17,2 есе үлкен. Күнді 165 жылда бір айналып шығады.

9-планета: Плутон

Қорытынды тапсырмалар

Қорытынды

1) Сурет бойынша әңгіме

Сурет бойынша шағын әңгіме жазып, мәтіндегі етістіктерді табу.

2) Сұрақ-жауап

  • Өткен шақ етістігі дегеніміз не?
  • Өткен шақ етістігі қандай сұрақтарға жауап береді?
  • Осы шақ етістігі дегеніміз не? Қандай сұрақтарға жауап береді?

3) Сабақты бекіту

  • Өткен шақ етістігінің бұрын болған іс-қимылды білдіретінін меңгердік.
  • Етістіктерді жекеше және көпше түрде жіктеп үйрендік.
  • 9 планетаның орналасуын қайталап, олар туралы мағлұмат алдық.

Бізге не ұнады?

  • Сөз ұйқасы бойынша екі жол өлең құрастыру.
  • Топпен жұмыс жасау.
  • Сурет бойынша әңгіме құрастыру.

Плутон туралы мәлімет

Плутон Күнді шамамен 248 жылда бір айналып шығады. Диаметрі шамамен 2200 км.

Қорытынды ұғым: Күн жүйесі

Күн және оны айналып жүретін планеталар мен олардың серіктері біртұтас жүйе құрайды. Бұл жүйе Күн жүйесі деп аталады.

Бағалау және үй тапсырмасы

Бағалау

Әр оқушының және әр топтың жұмысы бағалау парағы бойынша бағаланады.

Үйге тапсырма

  • 416-жаттығу.
  • Ережені оқу және меңгеру.