Түйе - киелі жануар

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Біз бақытты баламыз,

Биікке қанат қағамыз.

Болашаққа талпынып,

Оттай лаулап жанамыз.

Рахмет, балалар. Бүгінгі сабағымыз ерекше: біз топпен жұмыс жасаймыз, белсенді қатысамыз. Сабақтың мақсаты — төрт түлік туралы толық мәлімет алып, білімімізді пысықтау.

Топқа бөлу

Үстел үстінде сандар жатыр. Әрқайсымыз кез келген бір санды алып, топқа бөлінеміз. Өткен тақырыптарымыз мал тақырыбымен байланысты болғандықтан, топ атаулары да төрт түлікке сай болады:

  • I топ

    Сиыр

  • II топ

    Түйе

  • III топ

    Қой

  • IV топ

    Жылқы

Үй тапсырмасын тексеру

Үйге берілген тапсырма: «Түйе» өлеңін жаттау.

Әр топтан бір оқушы шығып, үй тапсырмасын айтады.

Қайталау — білім кілті

«Түйе — киелі жануар» (топтастыру стратегиясы)

  1. 1

    Пірі — Ойсылқара.

  2. 2

    Қос өркешті және бір өркешті түрлері болады.

  3. 3

    Көлік ретінде пайдаланылады.

  4. 4

    30–40 жылға дейін өмір сүреді.

  5. 5

    Еті, сүті, жүні өте пайдалы.

  6. 6

    Шөлге төзімді: 10 күнге дейін су ішпей жүре алады.

  7. 7

    Ыстыққа және ұзақ жүріске шыдамды.

Мақсат қою

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланады: төрт түлік туралы білімімізді толықтыру және пысықтау.

Жаңа сабақ

Кіріспе: сөзжұмбақ арқылы тақырыпты табу

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбын сөзжұмбақ көмегімен анықтаймыз. Сұрақтарға жауап беріп көрейік:

  • 1. Кішкене ғана бойы бар, айналдырып киген тоны бар — қой.

  • 2. Ер қанаты — ат.

  • 3. Төрт аяғын тең басқан — түйе.

  • 4. Жабағыдан кейінгі — тай.

  • 5. Сиыр сүтінен алынатын сусын — айран.

  • 6. Ешкінің төлі — лақ.

  • 7. Сүттің түсі — ақ.

  • 8. Мал төлдегендегі алғашқы сүт — уыз.

Бірінші қатардағы торкөздердегі әріптерді қосқанда «Қайталау» сөзі шығады. Біз бұрын ауыз әдебиетінің төрт түлік туралы жырлар саласымен танысқан едік.

Бүгінгі тақырып: «Төрт түліктің кеңесі».

Оқулықпен жұмыс

Оқу кезеңдері

  1. 1. Мұғалім оқиды.
  2. 2. Іштей оқу.
  3. 3. Хормен оқу (әр топ өз бөлігін оқиды).
  4. 4. Мұғалімнің түсіндіруі.

Уақыт тәртібі

  • Мәтінге саусақ түсіру: 2 минут
  • Түсіндіру: 2 минут

Сиырдың тілегі

«Мен шөбі қалың жерге барсам, тұрмысы нашар адамның қолында өмір сүрсем», — дейді. Мұндағы ой: сиыр сүтімен асырайды. «Бітем» деген сөз — тұрмысы төмен адамның қолында өмір сүруді меңзейді.

Қойдың тілегі

«Жылы жерге, күн суықта ықтауға болатын тау-тасты өңірге барсам, еңбекқор адамның қолына барсам», — дейді.

Жылқының тілегі

«Шөбі шүйгін кең далаға барсам, аттың қадірін білетін ер азаматқа барсам», — дейді.

Түйенің тілегі

«Мен шөлді жерде де жүре аламын», — дейді. Мұндағы «сор» сөзі — шөл деген мағына береді. Күзде не көктемде жаңбырдан кейін кепкен жердің аппақ тартатынын көрген боларсыңдар — ондай жерді сор дейді. Сондай-ақ «ауқатты, бай адамға барсам» деген ой айтылады.

Жұппен жұмыс

Суреттерге назар аударып, мәтіндегі сөз тіркестерін пайдаланып, әр түліктің қай жерді қалайтынын айтыңдар.

Қой

Күнгейлі қара тас

Сиыр

Қалың қорыс, ну

Жылқы

Бетегелі бел

Түйе

Жалмаң құлақты сор

Топтағы екі оқушы бір-біріне мәтіннің мазмұнын айтып береді (1 минут). Кейін әр топтан бір оқушы шығып, келесі топқа мазмұндап береді (1 минут).

Сергіту сәті

Жануарлардың дыбысы

Жануарлардың дыбысын салып көрейік. Малдарды қалай шақыратынымызды әр топ айтады.

Жылдам сурет

Әр топқа шар беріледі. 1 минут ішінде өз жануарының суретін салады. Ұпайды мұғалім береді.

Дәптермен жұмыс

Бүгінгі күнді жазып, тақырыпты белгілейміз. Тақтадағы сөздерді дәптерге түсіреміз (2 минут).

Берілген сөздер Мәтіндегі мәнін ашатын тіркестер
Тұрмыс жағдайы төмен адам Қоры үзілген қу
Еңбекқор адам Шаруа қуған
Батыл, өжет адам Найза ұстаған ер
Шаруасы жақсы, бай адам Ел ішіндегі зор

Түсіндірме

  • Қоры үзілген қу — азығы таусылған кедей.
  • Зор — бай, ауқатты адам.
  • «Бітем» — тұрмысы төмен адамның қолында өмір сүруді меңзейді.

Сен білесің бе?

Қазақта малды топтап жаятын болған. Әр түліктің өз атауы бар:

Түйе тобы
келе
Жылқы тобы
үйір
Сиыр тобы
табын
Қой-ешкі тобы
отар

Шығармашылық жұмыс (3-тапсырма)

Әр топ өз тобын қорғайды: өз жануары туралы жаттаған өлең, тақпақ, жұмбақ немесе ізденіс материалдарын ұсынады (10 минут).

Талап: әр топтың барлық мүшесі белсенді қатысуы керек.