Қоныстану және игерілу тарихы

Сабақтың тақырыбы

Американың қоныстану және игерілу кезеңдері. Америка елдерін топтастыру.

Сабақтың түрі

Аралас

Оқыту әдістері

Сұрақ-жауап, әңгіме, интерактивті тақтамен және атлас картамен жұмыс

Көрнекіліктер

Атлас, дүниежүзінің физикалық картасы, интерактивті тақта, бейнефильм, оқулық

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Солтүстік Американың географиялық орнының ерекшеліктері мен зерттелу тарихы туралы білім қалыптастыру.

Дамытушылық

Сызба және суреттер арқылы оқушылардың көру, есте сақтау, қабылдау қабілеттерін дамыту; көзқарасын, дүниетанымын кеңейту.

Тәрбиелік

Өз бетінше жұмыс істеуге, жауапкершілікке тәрбиелеу және пәнге қызығушылығын арттыру.

I. Ұйымдастыру кезеңі

  1. Оқушылармен сәлемдесу.
  2. Оқу құралдарын ретке келтіру.
  3. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін нақтылау.

II. Үй тапсырмасын сұрау

1-деңгейлік тапсырма: «Білім бәйгесі»

Азияның мұнай экспорттаушы елдерін топтастырыңыз:

  • 1) Сауд Арабиясы
  • 2) Катар
  • 3) Кувейт
  • 4) Иран
  • 5) Біріккен Араб Әмірлігі
  • 6) Оман
  • 7) Бахрейн
  • 8) Ирак

2-деңгейлік тапсырма: «Білгенге маржан» тесті

Жауап кілті төменде берілген.

1) Сауд Арабиясы жылына қанша млн т мұнай өндіреді?

  • A) 480 млн т
  • B) 568 млн т
  • В) 254 млн т
  • Г) 498 млн т

2) Мұнайдан шамамен қанша өнім алуға болады?

  • A) 756-ға жуық
  • B) 345-ке жуық
  • В) 300-ге жуық
  • Г) 200-ге жуық

3) Жергілікті арзан энергиясы және металлургия комбинаты бар ел:

  • A) Кувейт
  • B) Оман
  • В) Ирак
  • Г) Бахрейн

4) ОПЕК ұйымы қашан құрылды?

  • A) 1945 ж
  • B) 1960 ж
  • В) 1957 ж
  • Г) 1998 ж

5) ОПЕК-тің штаб-пәтері қай қалада орналасқан?

  • A) Вена
  • B) Брюссель
  • В) Париж
  • Г) Прага

6) Латын Америкасындағы қандай ел мұнай экспорттайды?

  • A) Бразилия
  • B) Панама
  • В) Венесуэла
  • Г) Гайана

7) Кувейттің әлемдегі мұнай өндіруден алатын орны:

  • A) 2
  • B) 11
  • В) 10
  • Г) 4

8) Азиядағы ең басты мұнай алабы:

  • A) Парсы шығанағы
  • B) Араб теңізі
  • В) Өлі теңіз
  • Г) Месопотамия ойпаты

Жауап кілті

1 — А, 2 — В, 3 — Г, 4 — Б, 5 — А, 6 — В, 7 — Б, 8 — А

III. Жаңа сабаққа кіріспе

3-деңгейлік тапсырма: «Есіңе сақта!»

Негізгі деректерді еске түсіріңіз:

Қайталау
  1. Америка ежелде қай материктің құрамында болған?
  2. Материк қай ендіктерде орналасқан?
  3. Материктің жер көлемі қанша?
  4. Материктегі ірі тау жүйесі қандай?
  5. Үлкендігі жөнінен нешінші орында?
  6. Ең үлкен арал қайсы?
  7. Ең үлкен әрі ең терең каньон?
  8. Ең ұзын жер асты үңгірі?
  9. Ең биік ағаш?
  10. Ең суық жер?

IV. Жаңа сабақты өту

Жоспар

  1. Қоныстану және игерілу тарихы
  2. Елдерді топтастыру

Солтүстік Америка туралы қысқаша деректер

Ауданы
24,2 млн км²
Ең биік нүктесі
Мак-Кинли (6193 м)
Ең төменгі нүктесі
Өлім аңғары (−86 м)
Гренландия аралы
2 176 000 км²

Шеткі нүктелері

  • Солтүстігі Мерчисон
  • Оңтүстігі Марьято
  • Батысы Уэльс Принц
  • Шығысы Сант-Чарльз

Географиялық диктант

Бос орындарды толтырыңыз:

Солтүстік Американы мұхиттар шайып, материктері қоршап жатыр.

Оңтүстік Американы қиып өтеді, ол Солтүстік Америкаға қатысы жоқ.

Дүние жүзіндегі ең үлкен аралы бар.

Материктің ең биік шыңы , тауында орналасқан.

V. Жаңа сабақты бекіту

Материкке қатысты ұғымдарды түсіндіріңіз

Төмендегі сөздерге қысқаша анықтама беріңіз:

Маккензи

Ниагара

Латифундия

Гризли

Плантация

Алгонкиндер

Инуиттар

Солтүстік Америка туралы бейнеролик

Тақырыпты бекіту үшін қысқаша бейнематериал көрсету.

VI. Оқушыларды бағалау

Бағалау сұрақ-жауапқа қатысуы, тапсырмаларды орындау сапасы және белсенділік деңгейі бойынша жүргізіледі.

VII. Үйге тапсырма

  • Тақырып

    Солтүстік Американың географиялық орны. Ашылуы және зерттелу тарихы.

  • Салыстыру кестесі

    Еуразия — Ұқсастығы — Солтүстік Америка

Негізгі ой

Америка материгін қоныстану, игеру кезеңдері және елдерді топтастырудың қағидалары.

Дағдылар

Картамен жұмыс, дерекпен дәлелдеу, сұраққа нақты жауап беру.

Бағалау

Белсенділік, дәлдік, тапсырманы толық орындау және топтық жұмысқа қатысу.

Үй жұмысы

Солтүстік Американың географиялық орны мен зерттелу тарихын талдап, салыстыру кестесін толтыру.