Бала құқығы туралы конвенция
Қызылорда облысы • Қазалы ауданы • Қазалы ауылы
№100 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Бердишева Жадыра Молыбекқызы
Тақырыбы
Мен және менің құқығым
Мақсаты
- Оқушылардың құқықтық білімін жетілдіру, құқықтық білім әр адамның міндеті екенін ұғындыру.
- Ой-өрісін дамыту: пікір айтуға, тұжырым жасауға үйрету; есте сақтау қабілетін жетілдіру; сөздік қорын молайту.
- Құқықтық, патриоттық және адамгершілік тәрбиені сіңіру.
Көрнекіліктер
Нақыл сөздер, «Бала құқығы туралы конвенция» материалдары.
Кіріспе: құқықтық тәрбие не үшін қажет?
Қазіргі уақытта оқушыларға құқықтық тәрбие беру аса маңызды. Ол баланың ой-өрісін кеңейтіп, ойлау қабілетін дамытады, өз пікірін ашық айтуға және нақты тұжырым жасауға үйретеді. Сонымен бірге отансүйгіштікке тәрбиелейді.
Әрбір адам өз құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын заңдарды білуі керек. Заң тек құқық беріп қана қоймай, міндет те жүктейді. Сондықтан адам өзгенің құқықтарын бұзбауы, олардың өміріне, денсаулығына, ар-намысына қол сұқпауы тиіс.
Адам әртүрлі ортада өмір сүреді: отбасында, мектепте, жұмыста, қоғамдық орындарда. Қоғам мен мемлекет алдындағы негізгі міндеттердің қатарына мемлекетті қорғау, салық төлеу, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу жатады.
Негізгі ұғым: Конституция
Әлемде қанша адам өмірге келсе де, барлығы ортақ тәртіпке бағынады. Әр мемлекеттің өз азаматтарына арналған негізгі заңы бар — ол Конституция. Бұл заңда құқықтармен қатар міндеттер де жазылады.
Құқықтың мысалы
Әр адам сияқты сенің де оқуға, білім алуға құқығың бар.
Міндеттің мысалы
Сен орта білім алуға міндеттісің.
Үлкен, жарық әрі кең мектеп — жақсы білім алып, тәртіпті, саналы азамат болып өсіп, еліңе қызмет етуің үшін жасалған орта.
Сыныптағы көрініс: «Біз неге құқылымыз?» сұрақ-жауап ойыны
Төмендегі сұрақтар арқылы оқушылар құқық, заң және халықаралық құжаттар туралы білімін бекітеді.
Негізгі сұрақтар
- 1) Құқық деген не?
- Мемлекет шығарған немесе бекіткен тәртіп ережелерінің жиынтығы.
- 2) Құқық немен қорғалады?
- Заңмен қорғалады.
- 3) Адам құқығының қорғалуы алғаш қай елде бастау алған?
- 1789 жылы, Францияда.
- 4) Адам құқықтары мен бостандықтары туралы Декларацияны қандай ұйым қабылдады?
- БҰҰ.
- 5) БҰҰ-ның мақсаты қандай?
- Әлемде бейбітшілікті сақтау, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау.
- 6) Қазақстан БҰҰ-ға қашан мүше болды?
- 1992 жылы, 2 наурыз.
- 7) БҰҰ адам құқығына қатысты қандай халықаралық шарт қабылдады?
- «Бала құқығы туралы конвенция».
- 8) Бала деп кім саналады?
- 18 жасқа толмаған адам.
- 9) «Бала құқығы туралы конвенцияға» Қазақстан қай жылы қол қойды?
- 1995 жылы, Нью-Йорк қаласында (көптеген мемлекеттермен бірге).
- 10) Декларация деген не?
- Үкіметтің, саяси партияның немесе халықаралық ұйымның аса маңызды мәселелер бойынша ресми мәлімдемесі.
- 11) Құқық туралы заңдарды қандай орган шығарады?
- Парламент.
- 12) Адам құқығы көбіне қандай жағдайда бұзылады?
- Соғыс жүріп жатқан елдерде.
- 13) Адам құқығы шетелде жүргенде қалай қорғалады?
- Әр адамның құқығы қайда жүрсе де заңмен қорғалатыны Декларацияның 6-бабында көрсетілген.
Қызықты сұрақтар
-
а) Алғаш рет сыныпқа кіммен келдің?
-
ә) Партада кіммен отырдың?
-
б) Білім туралы мақал айт.
-
в) 1-қыркүйекті неге Білім күні деп атаймыз?
-
г) Қыркүйек айы қай мезгілге жатады?
Бәріміз бірге айтамыз
-
Біздің мемлекет — ҚР.
-
Мемлекеттік тіл — қазақ тілі.
-
Мемлекеттік рәміздер — әнұран, ту, елтаңба.
-
Елорда — Астана.
-
ҚР-ды басқарады — Президент.