Дауыссыз дыбыстың өзара үндестігі
Сабақ туралы мәлімет
Өтетін орны
БҚО, Казталов ауданы, Қаракөл елді мекені
Қаракөл бастауыш жалпы білім беретін мектебі
Мұғалім
Кушкинбаева Балжан Сейфуллақызы
Пәні және сыныптары
Әдебиеттік оқу (3–4 сынып)
3-сынып: Дауыссыз дыбыстар. Дауыссыз дыбыстың өзара үндестігі
4-сынып: Дауыссыз дыбыстар
Сабақтың тақырыбы
Дауыссыз дыбыстар. Дауыссыз дыбыстың өзара үндестігі.
Сабақтың мақсаты
Білімдік
- Дауыссыз дыбыстар туралы білімдерін пысықтау.
- Дауыссыз дыбыстардың өзара үндестігі туралы түсінік беру.
- Сөздерді дұрыс айтып, сауатты жазуға үйрету.
Дамытушылық
- Шапшаңдыққа және ұқыптылыққа баулу.
- Сөзге шешен болуға жаттықтыру.
Тәрбиелік
- Оқушыларды шымыр болуға тәрбиелеу.
- Денсаулықты күте білуге баулу.
Әдіс-тәсілдер мен көрнекіліктер
Сабақтың әдіс-тәсілдері
Сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік, рефлексия.
Сабақтың көрнекілігі
Тірек-сызба, спортшылардың суреттері.
Сабақтың барысы
I. Кіріктірілген бөлім
Бағдарлау – мотивациялық кезең
Мұғалім сабақты саяхат түрінде ұйымдастырады:
«Адам – керуен, өмір – жол» демекші, бүгінгі сабағымызда Жеті ата ауылына жолға шығамыз. Әр адам өзінің жеті атасын білуі тиіс. Қазақта «Жеті атасын білмеген – жетесіз» деген нақыл сөз бар. Сендерге сәттілік тілеймін, Жеті ата ауылында кездесетін тапсырмаларды мүдірмей орындайық.
1-ауыл: Ата ауылы
Суретпен жұмыс. Спорт түрлері бейнеленген суреттер ұсынылады, мұғалім жетекші сұрақтар қояды:
- Спорт не үшін қажет?
- Суретте берілген спорт түрлері туралы не білесіңдер?
2-ауыл: Әке ауылы
Тірек-сызбамен жұмыс. Оқушылар берілген сызбаға сүйене отырып ойларын айтып, қорытынды жасайды.
Дауыссыз дыбыстардың түрлері
Қатаң
П, ф, к, қ, т, с, ш, щ, х, ч, ц
Ұяң
Б, в, г, ғ, д, з, ж, һ
Үнді
Р, л, й, у, м, н, ң
Ойтұжырым
- Салдырдан жасалған дауыссыз дыбыстарды қатаң дауыссыздар дейміз.
- Салдыр мен үннің қатысуы арқылы жасалып, бірақ үннен салдыры басым дауыссыз дыбыстарды ұяң дауыссыздар дейміз.
- Үн мен салдырдың қатысуынан жасалып, бірақ салдырдан үні басым болатын дауыссыз дыбыстарды үнді дауыссыздар дейміз.
II. Сараланған бөлім
Операциялық – орындаушылық кезең
3-ауыл: Бала ауылы
Әр сынып оқушылары өз оқулықтарындағы жаттығуларды орындайды.