Елтаңбасы көгілдір түсті шаңырақ

Тәуелсіздік күніне арналған ашық оқу іс-әрекеті

Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, балалар! «Елу жылда ел жаңа» демекші, еліміз егемендігін алып, тәуелсіз мемлекет ретінде жаңа дәуірге қадам басты. Аспанымыз ашық, еліміз аман болсын; сәби күлкісі мен ана мейірімінің сәні ешқашан бұзылмасын.

Бүгін Тәуелсіздік мерекесіне арналған ашық оқу іс-әрекетін бастаймыз.

Балаларға қойылатын сұрақтар

  1. 1) Тәуелсіздікке биыл неше жыл? — 22 жыл.

  2. 2) Желтоқсан оқиғасында құрбан болған аға-апаларымызды білесіңдер ме? — Ләззат Асанова, Ербол Спатаев, Қайрат Рысқұлбеков, Сәбира Мұхамеджанова және т.б.

  3. 3) Біз қай Республикада тұрамыз? — Қазақстан Республикасында.

  4. 4) Қазақстан Республикасының Президенті кім? — Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы.

  5. 5) Республикамыздың қандай рәміздерін білесіңдер? — Елтаңба, Әнұран, Ту.

Тәрбиешінің түсіндірмесі

Қазақ халқын дүние жүзіне танытқан Желтоқсан оқиғасының құрбандарын еске алу — біздің парызымыз. Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Спатаев және Сәбира Мұхамеджанова сынды ерлердің рухына тағзым етеміз. Олардың от жүрек үні мен намысты қорғаған ерлігі ешқашан ұмытылмайды.

Ту

Көгілдір түс — ашық аспан мен тыныштықтың белгісі. Туда шұғылалы күн және оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген.

Елтаңба

Көгілдір түсті шаңырақ — бірлік нышаны. Айналасында күн сәулесіндей таралған уықтар бар. Жоғарыда — бес жұлдыз, төменде — «Қазақстан» жазуы. Реңдері: алтын және көгілдір.

Әнұран

Әнұранда елдің арманы мен аңсарын білдіретін салтанатты, мән-мағыналы сөздер бар.

Тәуелсіздік туралы тақпақтар

Халилулла

Тәуелсіздік — тұғырым, Азат елдің ұл-қызымын. Өзің бол енді мәңгілік, Қуанышым да — қызығым.

Еркеназ

Он алтыншы желтоқсан — Тәуелсіздік алған күн. Ерекше боп мәңгілік, Ел жадында қалған күн.

Ерназ

Жасай берші, ұлы күн, Үміті боп елімнің. Ақ күні боп баланың, Шаттығы боп ананың.

Хор

Ән: «Біз өмірдің гүліміз»

Мурсалин

Биік болсын шоқтығың, Атыңды айтам ән қылып. Желбірейді көк туың, Төбемізде мәңгілік.

Нұрай

Таң арайлап атады, Күн күлімдеп шығады. Шаша берсін шапағың — Тәуелсіздік шуағы.

Мансур

Қазақстан — киелім, Қияға ұшар қыраның. Еркіндікті сүйемін, Мен тәуелсіз ұланмын.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Сендерге көп-көп рақмет.

Ойын және сергіту сәті

Дидактикалық ойын

«Картаны, туды құрастыру». Балалар, ортаға келіңдер: екі топқа бөлініп, үстелге жақындаңдар. Ойын ойналады.

Сергіту сәті

Біз кішкентай баламыз, Өсіп-өніп толамыз. Күнге қарап табынып, Көкке қолды созамыз. Қанат қағып ұшамыз, Қарлығаштай самғаймыз. Бір отырып, бір тұрып, Жаттығулар жасаймыз.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар, орындарыңа отырыңдар.

Отан туралы мақал-мәтелдер

Тәрбиеші: Балалар, енді Отан, туған жер, ел туралы мақал-мәтел білеміз бе? Балалар: Иә, білеміз.

  • 1) Өз елім — өлең төсегім.

  • 2) Батамен ел көгерер, жаңбырмен жер көгерер.

  • 3) Отан — оттан да ыстық.

  • 4) Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.

  • 5) Отансыз адам — ормансыз бұлбұл.

  • 6) Туған жердің күні ыстық, түні де ыстық.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар. Мақал-мәтелдерді өте жақсы біледі екенсіңдер.

Қорытынды

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетімізді Қазақстан Республикасының Әнұранымен аяқтаймыз. (Әнұран орындалады.)

Тәрбиеші: Құрметті апайлар, балалар! Осымен «Балапан» тобының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік — тұғырым» атты ашық оқу іс-әрекеті аяқталды.

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын!