Кестенің бетінің таңбасымен атын өзгерту

Сабақтың жүру барысы

Бұл сабақта Microsoft Excel бағдарламасын іске қосудан бастап, жұмыс парағының элементтері мен деректермен жұмыс істеудің негізгі тәсілдеріне дейін кезең-кезеңімен қарастырылады.

I. Ұйымдастыру кезеңі

  1. 1 Оқушылармен амандасу.
  2. 2 Оқушыларды түгендеу.
  3. 3 Оқушылардың назарын жаңа сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын пысықтау (сұрақ-жауап)

  • Тіктөртбұрышты кесте дегеніміз не? (Бірнеше жолдан тұрады.)
  • Кесте дегеніміз не? (Ақпарат жолдар мен бағандардан тұрады.)
  • Электрондық кесте дегеніміз не? (Мәтіндер мен сандардың кестелік компьютерлік бейнесі.)
  • Электрондық кесте қандай мақсаттарда қолданылады?
  • Ұяшық ауқымы дегеніміз не?
  • Баған, жол, ұяшық ұғымдарын түсіндіріңдер.
  • Формула деп нені айтамыз? (Есептеуге қолданылатын математикалық өрнек.)

III. Жаңа сабақ: Microsoft Excel мүмкіндіктері

Microsoft Excel — деректермен түрлі операциялар орындауға мүмкіндік беретін кестелік процессор. Төмендегі мүмкіндіктер күнделікті оқу мен жұмыста жиі қолданылады:

  • Кесте құру және сақтау

    Кесте жасап, атау беріп, дискіге сақтау.

  • Файл ашу және түзету

    Сақталған кестелерді ашып, өзгеріс енгізу.

  • Жол/баған/ұяшық қосу

    Қажет элементтерді енгізу.

  • Жою

    Жол, баған немесе ұяшықтарды алып тастау.

  • Көшіру және орын ауыстыру

    Мазмұнды көшіру немесе жылжыту.

  • Сұрыптау

    Өсуі немесе кемуі бойынша реттеу.

  • Формулалармен есептеу

    Өз формулалары немесе дайын функциялар арқылы есептеу.

  • Диаграмма құру

    Кесте деректері бойынша диаграмма жасап, параққа енгізу.

  • Графикалық объектілер

    Суреттерді және стандартты объектілерді кірістіру.

  • Басып шығару

    Кестені принтерге шығару.

Excel бағдарламасын іске қосу

Әрекеттер тізбегі:

Пуск Программы Microsoft Excel

Excel іске қосылғаннан кейін экранда ақпарат енгізілетін жұмыс парағы бар терезе ашылады.

Жұмыс парағының негізгі элементтері

Навигация

  • Айналдыру жолағы
  • Айналдыру батырмалары
  • Бөлудің кішкене белгісі

Кесте құрылымы

  • Жол нөмірі
  • Баған тақырыбы
  • Кестелік меңзер (белсенді ұяшық)

Құралдар

  • Стандартты аспаптар панелі
  • Пішімдеу панелі

Ақпараттық жолдар

  • Формулалар жолы
  • Қалып-күй жолы

Есте сақтаңыз: Excel жұмыс кітабы (Workbook) әдепкі бойынша бірнеше жұмыс парағынан (Worksheet) тұрады және бір файл ретінде сақталады. Бір кітапта жұмыс парақтарының санын 255-ке дейін арттыруға болады.

Кестенің ұйымдастырылуы

  • Жұмыс парағы жолдар мен бағандар түрінде ұйымдастырылады.
  • Бағандар латын әріптерімен (A, B, C, D...) белгіленеді.
  • Жолдар нөмірленеді.

Жұмыс парақтары арасында ауысу

Қажетті бетті экранға шақырудың екі әдісі бар:

  1. 1 Терезенің төменгі жағындағы қажетті парақ таңбасын шертіңіз. Төменгі сол жақ бұрышта парақ таңбаларын жылжытуға арналған айналдыру батырмалары орналасады.
  2. 2 F5 пернесін басыңыз. «Переход» диалогтік терезесінде «Ссылка» өрісіне парақ атауын, леп белгісін және қажет ұяшық координаталарын енгізіп, OK батырмасын шертіңіз.

Жұмыс парағын қосу

  • Вставка → Лист командасын орындаңыз.
  • Немесе парақ таңбасын тінтуірдің оң жақ батырмасымен шертіп, «Добавить лист» пәрменін таңдаңыз.

Парақ таңбасының атын өзгерту

  1. 1 Кез келген парақ таңбасын тінтуірдің оң жақ батырмасымен шертіңіз.
  2. 2 «Переименовать» командасын таңдаңыз. Таңба мәтіні ерекшеленеді.
  3. 3 Жаңа атауды енгізіңіз.
  4. 4 Кестедегі кез келген ұяшықты шертіңіз.

Microsoft Excel-де деректермен жұмыс

Деректерді Excel-де енгізу — ұяшықтарға мәтін, сан немесе формула жазу арқылы орындалады. Қажет болған жағдайда ұяшықтардың пішімін өзгерту, сұрыптау және есептеу құралдары қолданылады.

IV. Практикалық жұмыс

1-тапсырма

Жұмыс парақтарының атауы

Жұмыс беті таңбаларының атын өзгертіңіз (мысалы: Табл1, План, Сведения — «1-кесте, жоспар, мәлімет»).

2-тапсырма

Кесте құру және пішімдеу

  1. 1 Пуск → Программы → Microsoft Excel командасын орындаңыз.
  2. 2 A1, B1, C1, D1 ұяшықтарына баған атауларын (мәтін) енгізіңіз.
  3. 3 A1-ден A8-ге дейін жол атауларын (мәтін) енгізіңіз.
  4. 4 Тінтуір көмегімен A, B және D бағандарының енін өзгертіңіз.

3-тапсырма

Қауіпсіздік

Жұмыс кітабыңызға пароль қойыңыз.

V. Қорытынды бөлім (бақылау сұрақтары)

  1. 1 Microsoft Excel кестелік процессоры деректермен қандай операциялар орындауға мүмкіндік береді?
  2. 2 Жұмыс парағының негізгі элементтерін атаңыз.
  3. 3 Жұмыс кітабы және жұмыс парағы дегеніміз не?
  4. 4 Бағанның енін және жолдың биіктігін қалай өзгертуге болады?
  5. 5 Microsoft Excel бағдарламасын қалай іске қосамыз?

VI. Үй тапсырмасы

Microsoft Excel кестелік процессоры тақырыбын және Excel-дегі деректермен жұмыс істеу бөлімін оқып келу.

VII. Бағалау

Оқушылардың сабаққа қатысуы, сұрақтарға жауап беруі және практикалық тапсырмаларды орындау сапасы бойынша бағаланады.