Аман бол балақай
Ашық тәрбие сағаты: «Аман бол, балақай!»
Бұл ашық тәрбие сағаты бастауыш сынып оқушыларына арналған. Негізгі ой — жол қозғалысы ережелерін білу және сақтау арқылы өз өмірін де, өзгенің өмірін де қорғау.
Сабақтың мақсаты
- Оқушыларға жолда жүру ережелерінің өмір үшін қажетті екенін түсіндіру.
- Көліктің адам өміріндегі орнын ұғындыру.
- Көше тәртібін сақтауға, қауіптің алдын алуға, денсаулықты қорғауға тәрбиелеу.
- Өзін де, өзгені де жол-көлік оқиғасынан сақтандыруға дағдыландыру.
Кіріспе сөздер
1-жүргізуші (Ернұр)
Ассалаумағалейкүм, халқым менің! «Аман бол, балақай!» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер.
Батылдық, табандылық, қайсарлық — машинаны асыра жылдам жүргізуде емес, күнделікті қарапайым істе, спортта, тәртіпте тәрбиеленеді.
2-жүргізуші (Жанел)
Туған соң адам болып, білімсізден жаман жоқ. Жол тәртібін білмесең, жұрт «надан» дейді. Өзге ұлттар сияқты, біздің де өз ережеміз бен тәртібіміз бар.
Жолда жүру ережесін бұзу — нағыз тәртіпсіздік. Тәртіпсіз адам ешқашан ержүрек бола алмайды. Сондықтан ерік күші — ержүрек адамға қажет қасиет.
Мұғалім сөзі
Сәлеметсіздер ме, ұстаздар мен оқушылар! Бастауыш сынып оқушылары арасында «Аман бол, балақай!» атты ашық тәрбие сағатын өткізіп отырмыз.
Жол ережесін сақтау — тек талап емес, қауіпсіз өмірдің кепілі. Бүгінгі сабақта біз бағдаршамды, жол белгілерін, жаяу жүргінші тәртібін және төтенше жағдайдағы дұрыс әрекеттерді қайталаймыз.
Сұрақ-жауап: білімді тексеру
Оқушылардың жол қауіпсіздігі туралы түсінігін нақтылау үшін мына сұрақтар қойылады:
Есей
Бағдаршам дегеніміз не?
Алтын
Жаяу жүргіншілер қай жерлермен жүреді?
Мөлдір
Жол өткелінен жүгіріп өтуге бола ма?
Зәуре
Жиек жол жоқ жерлерде қалай жүру керек?
Алмаз
Жол-көлік оқиғасына куә болған адам не істеуі керек?
Жұмбақтар: жол белгілері мен ережелері
Рақым
Енді, балалар, сендерге жұмбақ жасырайық. Бәріміз бірге шешейік.
Есей
Арқаным бар тым ұзын, ала алмайсың бір үзім.
Баста да жоқ, ауыз да жоқ, құлақ та жоқ, бақырайған үш көзі бар бірақ.
Зәуре
Бір ғажабы — бұл жерде бір нәрсені ел күтеді. Отырады біреуі, тік тұрады біреуі. Не қылған жер бұл өзі, айтыңыздар, кім біледі?
Жасұлан
Іші ауырды Үсеннің, сірә үйіне жете алмас. Қандай шешім таба аласың, мұндай кезде қиналмас?
Алмаз (түсіндіру)
Ілулі тұрған — белгі. «Машинаға тоқта!» деген белгі береді. Ал жол үстіндегі ақ-қара жолақ — жаяу жүргіншілерге арналған өткел.
Көрініс: Тазша бала және бағдаршам
Жанел (баяндау)
Тазша бала серуендеп қайтпақ болып көшеге шығады. Жүйткіген машиналарға қарап тұрып, көшенің арғы бетіне қалай өтуді білмей қалады. Ақыры тәуекел деп жолды кесіп өтпек болады. Сол сәтте:
Диалог
Дауыс: Әй, тоқта!
Тазша бала: Сен кімсің?
Бағдаршам: Мен — бағдаршаммын. Сен көше тәртібін бұздың.
Тазша бала: Қалай? Қашан?
Бағдаршам: Қызыл жарық жанып тұрғанда жолды кесіп өтпек болдың.
Тазша бала: Онда қалай өту керек еді?
Жанел
Балалар, Тазша балаға көмектесейік:
Қызыл жарық жанғанда, қалт тоқтай қал табанда!
Сары шамы жанғанда, сақ бол, абайла барынша!
Жасыл жарық — жол ашық, өте бер қорықпай-ақ!
Бағдаршам (өсиет)
Бейғам кісі — бейбақ. Балбыр, бейғам болма. Бас-аяғыңды ойлап, жолда ұқыпты бол.
Шамил
Ирек-ирек көшелер — үйренесің біртіндеп. Барар жерге асықпа: бәйге алмайсың бұрын кеп.
Барлығы бірге
Қызыл көзі жанғанда, сынық сүйем баспа алға!
Сары көзі жанғанда, қарап қалма аспанға!
Жасыл көзі жанғанда, жүре бергін жасқанба!
Бағдаршам жоқ жерде: дұрыс әрекет
Көрініс жалғасы
Тазша бала: Мұнда бағдаршам жоқ екен ғой — тіпті жақсы! Мен көшенің арғы бетіне жүгіріп өте салайын.
Жүргізуші: Әй, бала! Өлгің келіп жүр ме?
Жүргізуші Тазша баланы жолдың шетіне шығарып тастайды.
Тазша бала: Бағдаршам жоқ жерде жолдан қалай өту керек? Балалар, көмектесіңдерші!
Жол белгілері: негізгі түрлері
Бағыт беретін белгі (Мөлдір)
Мен белгі болып жылдамдықты, бағытты, ой-шұңқырды, бұрылысты, қатер мен қауіпті ескертемін. Барлығын анық көрсетемін, сондықтан бәрі мені таниды.
Тыйым салатын белгі (Зәуре)
Мен әрқашан тыйым салып тұрамын. Қауіп болса, алға бір адым бастатпаймын. Түсім қызыл, өзім шеңбермін. Ендеше, ережені ұмытпа!
Ескерту белгісі (Әмірхан)
Өзім қызыл жиекті үшбұрышпын — ескерту белгісімін. Алда тұрған қауіпті хабарлаймын. Маған қарап жүрген жүргізуші де, жаяу да жолда сақ болады.
Көрсеткіш белгісі (Алтын)
Барар сапардың қашықтығын үн-түнсіз көрсетемін. Күндіз де, түнде де көрінемін. Көк түсті төртбұрыш боламын.
Барлығы бірге
Төрт топтан құралған белгілер — бір-біріне туыстай. Жол сілтеп тұрамыз у-шу шығармай. Кіршіксіз міндет атқарамыз: сенің қауіпсіздігіңді қорғаймыз.
Тазша баланың қорытындысы
Балалар, сендерге рақмет! Мен көп нәрсе үйрендім. Енді жол ережесін білетін болдым. Сау болыңдар!
Қорытынды өлең жолдары
Есей
Көшеде бағдаршам болмаса,
Кісі жоқ жөн сілтер өзіңе.
Кідірме, абыржып онда аса,
Сен — өз көзіңе сен.
Динара
Көшенің ортасына жеткенше,
Әуелі көзің сал сол жаққа.
Ортадан өткен соң, балақай,
Мойныңды бұр: оң жаққа.
Арай
Ұшқалақ бала — ұрыншақ,
Ойланалық, соны ұғынсақ.
Машина алдын кеспесек,
Майып болып уайым шекпеспек.
Есте сақта
- Жолдан өтерде асықпа, жүгірме.
- Бағдаршам бар жерде оның сигналына бағын.
- Жаяу жүргінші өткелін пайдалан.
- Белгілерді танып, олардың талабын орында.