Қазақтың алғашқы палуаны кім
Ақтөбе облысы • Ойыл ауданы • Қараой мектеп-балабақшасы
Бастауыш сынып мұғалімі: Мұхтарова Гүлмира
Тақырыбы
Біз — білімді баламыз
Көрнекілігі
- Тіл мен білім туралы қанатты сөздер
- Мақал-мәтелдер
- Слайд-шоу
Мақсаты
- Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, есте сақтау қабілетін шыңдау.
- Шығармашылықпен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
- Ұйымшылдыққа, бірлікке және бірлесіп жұмыс жасауға тәрбиелеу.
- Ізденімпаздыққа баулу, ұтқыр ой мен ұтымды жауапқа дағдыландыру.
- Теориялық білімді бекіту, шапшаң есептеу мен ой ұшқырлығын арттыру.
- Ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу, патриоттық сезім ояту.
Өту барысы
Бұл сайыс оқушылардың білімге қызығушылығын арттырып, зерделі де тапқыр балаларды анықтауға бағытталған. Төменде жүргізушілердің кіріспе сөздері мен сайыс кезеңдерінің құрылымы берілген.
1-жүргізуші
Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі жастар — халқымыздың болашағы, еліміздің ертеңі. Ой-өрісті кеңейтіп, есте сақтау қабілетін шыңдайтын, білімге ынтаны арттыратын «Біз — білімді баламыз» атты сайысымызды бастаймыз.
2-жүргізуші
Ақыл — тон аңдағанда тозбайтұғын,
Білім — кен, қанша болса азбайтұғын.
Қатарың оза шауып бара жатса,
Арқаның аруы не қозбайтұғын, —Тұрмағанбет Ізтілеуов
Осы сөздердей-ақ, білім сайысына құлшынып тұрған білімді оқушыларымызды ортаға шақырамыз.
Әділқазы және ережелер
Ойынды бастамас бұрын әділқазы алқасымен танысамыз. Әділқазы сайыс кезеңдері бойынша ұпай беріп, қорытынды нәтиженің әділ шығуын қадағалайды.
1-бөлім. Таныстыру
Сонымен, балалар, іске сәт! Жұлдыздарың жансын! Әр топ өзін таныстырып, ұранын айтады.
2-бөлім. Кім көп біледі?
Бұл кезеңде әр топқа 5 сұрақтан беріледі. Сұрақтар білім көкжиегін кеңейтіп, жылдам ойлануға баулиды.
І топқа сұрақтар
- Үш кемеңгер биді ата.
- Көне заттарды сақтайтын орын қалай аталады?
- Қазақтың алғашқы палуаны кім?
- «Сәулелі жұлдыз іздеген адам» әңгімесі кім туралы?
- Сүйінбайдың ізін жалғастырған, шәкірті болған ақын кім?
ІІ топқа сұрақтар
- Сауат ашатын кітап қалай аталады?
- «Халық кегінің күйшісі» әңгімесі кім туралы?
- Қабанбай батырдың шын аты кім?
- Абылай ханға Төле бидің қойған аты қандай?
- «Дегелеңдегі жарылыс» әңгімесі не туралы?
3-бөлім. Тіл — өнер
Кіріспе сөз
Бабамыздың тілі деп, даламыздың үні деп, туған елдің үні деп, туған жердің үні деп — қазақ тілін сүйеміз. Бұл кезеңде «Сыңарын тап!» ойыны ойналады: берілген мақалдағы жасырын сөздерді тауып, мақалды жалғастыру керек.
І топқа
-
Тіл — тас жарады, …
Жауабы: тас жармаса, бас жарады.
-
Бал тамған тілден …
Жауабы: у да тамады.
-
Шебердің қолы ортақ, …
Жауабы: шешеннің тілі ортақ.
ІІ топқа
-
Бас кеспек болса да, …
Жауабы: тіл кеспек жоқ.
-
Жақсы сөз — …
Жауабы: жарым ырыс.
-
Піл көтермегенді …
Жауабы: тіл көтереді.
4-бөлім. Қасиетті жетілік
Логикалық сұрақ
Үш түйеқұс «ұшып» келе жатқанда, біреуін аңшы атып алды. Неше түйеқұс қалды?
Нұсқа: Түйеқұс ұшпайды.
5-бөлім. Тапқырлық
Бұл кезеңде жедел сұрақтарға нақты әрі қысқа жауап беру маңызды.
І топқа
- Каспий теңізіне қандай өзен құяды?
- Көкжиек тұстарын немен анықтайды?
- Бұлт неден түзіледі?
ІІ топқа
- Арал теңізіне қандай өзен құяды?
- Су табиғатта қандай күйде кездеседі?
- Жер бетінің құнарлы қабаты қалай аталады?
6-бөлім. Қорытынды
Әділқазы алқасы әр кезең бойынша ұпайларды есептеп, нәтижені жариялайды. Жеңімпаз топ марапатталады.