Екінші сөйлемдегі сөздердің байланысын сызбамен көрсет
Қызылорда қаласы
№211 А. Байтұрсынов атындағы орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі: Еспенбетова Зағира Нағметуллақызы
Тақырып
Сын есім
Сабақтың түрі
Аралас сабақ
Сабақтың типі
Пысықтау сабағы
Әдіс-тәсілдер
Сұрақ-жауап, дидактикалық ойындар
Құрал-жабдық
Интербелсенді тақта
Ұйымдастыру кезеңі (өлең жолдары)
Күннен, жерден нәр алған
Біз — өмірдің гүліміз.
Сәрсенбінің сәтінде
Сәтті болсын күніміз.
Сабақтың мазмұны мен бағыты
Бұл сабақта оқушылардың сын есім туралы білімін бекіту, сөйлем мен мәтін ішінен сын есімді табу, сын есімнің зат есіммен байланысын аңғарту және сөздік қорын молайту көзделеді. Тапсырмалар ойын түрінде ұйымдастырылып, оқушының ойлауын, танымын арттыруға бағытталады.
Мақсаттар
Білімділік
- Сын есім туралы білімді тиянақтау.
- Сөйлемнен, мәтіннен сын есімді табу дағдысын жетілдіру.
- Сын есімнің зат есіммен байланысын анықтау.
- Сөздік қорын молайту.
Дамытушылық
- Лексикалық білім, білік, дағдыларын арттыру.
- Ой-өрісін, танымын дамыту.
Тәрбиелік
- Ұлттық салт-дәстүрді насихаттау.
- Дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
Көркем жазу
Сөздер қатары
Қызыл, жасыл, шөп, ұзын, жуан, дәмді, биік, байырғы.
Талқылау сұрақтары
- Осы сөздердің ішінде таныс емес сөз бар ма?
- Қай сөз артық? Неліктен?
Нақтылау
Байырғы — бұрынғы, ежелгі деген мағынаны білдіреді. Бұл қатарда шөп артық, өйткені ол — зат есім, ал қалғандары — сын есімдер.
«Артығын тап» тапсырмасы
1) Жылқы, тай, құлын, ат, асау
Асау — сын есім, қалғандары — зат есімдер.
2) Дәмді, көже, тәтті, көңілді, әдемі
Артық сөзді тауып, оның неге артық екенін дәлелде.
3) Майлы, майлады, шегеледі, тойлады, жайнады
Артық сөзді тап: сөз табына қарай ажырат.
Терме диктант (Наурыз тақырыбы)
Сұрақ-жауап арқылы кіріспе
- Наурыз қандай мереке?
- «Наурыз» — қазақша «жаңа күн» дегенді білдіреді.
- 22 наурызда күн мен түн теңеледі.
- Наурыз көже жасалады.
- Наурыз көже 7 түрлі дәмнен жасалады.
- Наурызда ренжіскен адамдар бір-бірін кешіреді.
Теріп жазу тапсырмасы
Өлеңнен сын есімдерді өзіне қатысты зат есімдермен бірге теріп жаз.
Ата-бабам тойлаған, Наурызым, армысың! Қызығыңа тоймаған, Дарқан дала, қарлы шың. Мерекені байырғы Алды халқым қабылдап. Ақ дастарқан жайылды, Ошақта от жалындап.
Үлгі жауап
Осы тіркестердің ішінде туынды сын есім бар ма? Неліктен олар туынды сын есім деп аталады? Түсіндіру: туынды сын есім жұрнақ арқылы жасалады.
Сурет бойынша жұмыс: салыстыру арқылы сөйлем құрау
1)
Қызыл кітап жуан, ал сары кітап жіңішке.
2)
Пияз ащы, ал сәбіз тәтті.
3)
Түнде қараңғы, ал күндіз жарық болады.
Қорытынды: берілген сын есімдер заттың сапасын білдіреді.
«Бір әріптің ізімен» дидактикалық ойыны
Шарты
Берілген әріптермен сөйлем құра. Сөйлемде мүмкіндігінше сын есім болуы керек.
Үлгілер
Әәәә: Әйгерім әдемі әңгелек әкелді.
Ааа: Ашулы арыстан ақырды.
Талқылау
Бұл сөйлемдегі сын есім — ашулы. Оны басқаша ызалы деп те айтуға болады. Мағыналары жақын мұндай сөздер мәндес сөздер деп аталады.
Мәндес сын есімдер (үлгі)
Ашулы — ызалы
Әдемі — сұлу
Күшті — мықты
Ақылды — білгір
Мөлдір — тұнық
Үркек — қорқақ
Тапсырма
Берілген сын есімдерден туынды сын есімдерді тап та, олардың туынды екенін дәлелде. Мысал ретінде: ашулы, күшті, ақылды (жұрнақ арқылы жасалған).
«Адасқан сөздер» дидактикалық ойыны
Нұсқау
Орны ауысқан сөздерден сөйлем құрастырып жаз. Сын есімдерді тап та, ирек сызықпен белгіле.
1)
Өсіп тұр, гүлдер, аулада, қызыл.
2)
Балды, аю, ұнатады, қоңыр.
3)
Озып келді, ат, жирен, бәйгеден.
4)
Қалаларда, метро, болады, үлкен.
Сөздердің байланысын анықтау (2-сөйлем)
Сөйлемдегі сөздердің байланысын сұрақ қою арқылы анықтаймыз:
- Аю не істейді? — Аю ұнатады.
- Нені ұнатады? — Балды ұнатады.
- Қандай аю? — Қоңыр аю.
«Жұмбақ зат» ойыны
Ойын шарты
Көрсетілген затты сынып оқушылары әртүрлі сөз таптарын қолданып сипаттайды. Тақтаға шыққан оқушы жасырылған затты табуы керек. Алғашқы үш сөйлемге дейін тапқан оқушы — жеңімпаз.
Мысал (шахмат тақтасы)
- Онда ақ, қара фигуралар бар.
- Ол төртбұрышты.
- Онда 64 торкөз бар.
Жасырылатын заттар: терезе, дөңгелек, жол белгісі, орамал.
Қорытындылау: сын есім туралы негізгі түсініктер
- Сын есім заттың түрін-түсін, сапасын білдіреді.
- Сын есімге қандай?, қай? сұрақтары қойылады.
- Сын есім сөйлемде зат есіммен байланысып қолданылады.
- Сын есімнің негізгі және туынды түрлері бар.
- Туынды сын есім жұрнақ арқылы жасалады.
Бағалау және мадақтау
Сабаққа белсене қатысқан және ұтымды жауап берген оқушыларды сынып болып анықтау ұсынылады. Белсенді оқушыларға қол шапалақтап, қошемет көрсетіледі.
Үй тапсырмасы
5-жаттығу
- Өлеңді оқы.
- Сын есімдерді тап.
- Қай зат есіммен байланысып тұрғанын анықта.
Қосымша тапсырма
Абай Құнанбаев туралы мәлімет жинап кел.
Ескерту: сабақта көрнекілік ретінде мазмұнды суреттер мен слайдтар қолданылады.