Астана өлең шумағын мәнерлеп оқу
Сабақтың тақырыбы
Күләш Ахметова — «Астана»
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушыларға Күләш Ахметова және Астана туралы түсінік беру, сөздік қорын молайту.
Тәрбиелік
Адамгершілікке және Отанды сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі
Аралас сабақ
Сабақтың әдісі
Түсіндіру
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
- Оқушылармен сәлемдесу, назарын сабаққа аудару.
- Психологиялық дайындық (өлең жолдары арқылы).
- Оқушыларды 3 топқа бөлу: I топ, II топ, III топ.
Психологиялық дайындық
Ана тілің — арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
II. Тұсаукесер
Үй жұмысы: С. Жүнісов «Кімнің мекені жақсы?»
I топ
Мәтінді мәнерлеп оқу
II топ
Мәтінге сурет салу
III топ
Мәтінді әңгімелеу
Өткен сабақты бекіту және жаңа сабақты хабарлау
Оқушылардың жауаптары тыңдалып, жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсаттары таныстырылады.
III. Негізгі бөлім
1-тапсырма
Сабақты ребус шешуден бастаймыз. Ребустан «Астана» және «Алматы» қалаларының атауы шығады. Оқушылар осы екі қала туралы білгендерін айтады.
Күләш Ахметова — «Астана» (үзінді)
Бәйтеректің басына сен шықтың ба?
Сарыарқаның саф ауасын жұттың ба?
Өзегіңді жарып аппақ бір сезім,
Өз еліңнің ұлылығын ұқтың ба?
Төгеді Есіл төңірегіне өмірлі ән,
Өз Астанаң — өз қолыңмен соғылған.
Енді, қазақ, бір-біріңді аяла!
Түбі бірге, түпқазыққа шоғырлан!
Алатауда қалды жылдар ең асыл,
Есілдің де жандай ыстық жағасы.
Жан даламның — Алматы мен Астана,
Көздерінің ағы мен қарасы!
IV. Сергіту сәті
Қане, қанат жазайық,
Қарлығаш боп ұшайық.
Ұшып-ұшып алайық,
Орнымызды табайық.
V. Топтық жұмыс
I топ
Мәнерлеп оқу
«Астана» өлеңінен бір шумақты мәнерлеп оқу.
II топ
Шығармашылық тапсырма
Бәйтеректің суретін салу.
III топ
Мақал-мәтел
Отан туралы мақал-мәтел жазу.
VI. Қорытынды
Сұрақтар арқылы сабақты бекіту:
- «Астана» өлең шумағын кім жазған?
- Астана қандай қала?
- Астана несімен басқа қалалардан көрікті?
VII. Бағалау
Сабаққа белсене қатысқан оқушылардың жұмысы бағаланады.
VIII. Үй тапсырмасы
Тапсырма
«Астана» өлең шумағын жатқа айту.