Сұраулы сөйлемді

Сабақ тақырыбы: «Сөйлем» (Қазақ тілі, 4-сынып)

Сабақтың негізгі бағыты — сөйлем туралы бұрынғы білімді еске түсіріп, жүйелеу және қолдану.

Сабаққа негізделген оқу мақсаты

Сөйлем туралы алған білімдерін еске түсіре отырып, жинақтау.

Оқу нәтижелері

  • Барлық оқушылар: сөйлемді және оның айтылу мақсатына қарай түрлерін біледі.
  • Оқушылардың басым бөлігі: сөйлемді жаттығулар барысында талдай алады, түрлеріне қарай ажырата алады.
  • Кейбір оқушылар: сөйлемді және оның түрлерін толық меңгеріп, дәлелдеп қолдана алады.

Алдыңғы оқу (6-жаттығу)

Сөйлемдерді оқып, сөз тіркестерін теріп жазу.

Тіркестер үлгілері:

киіз үй; қолайлы баспана; шапшаң тігуге; ыстықта сая; суықта пана; ақ киізбен; киізбен жабады; уық пен шаңырақ; шаңырақтан тұрады.

Ережені еске түсіру: «Сөз тіркесі»

Анықтама

Екі немесе бірнеше сөздің бір-бірімен байланысуы сөз тіркесі деп аталады.

Құрылымы

Сөз тіркесінде алдыңғы сөз — бағыныңқы, соңғы сөз — басыңқы болады.

Мысалдар

таза ауа ұзын көше ауылға бару машинамен келді жүйрік ат

Стратегия: «Жұптасқан тіркестер»

Оқушылар көршісімен жұптасып, сөз тіркестерін бірлесіп табады. Сөз тіркесін таппаған немесе қайталанған тіркесті айтқан жұп ойыннан шығады.

Үлгілер:

сұлу қыз, көркем мінез, кең бөлме және т.б.

Жеңген жұптарды «қол шапалақтау» әдісі арқылы мадақтау ұсынылады.

Сабақ барысы

Басталуы: қызығушылықты ояту

Тренинг: «Тілек гүлі»

3 топқа гүлшелер беріледі. Әр гүлшеде жасырын тілектер жазылған. Топ мүшелері ақылдасып, сөздерді тауып жазады.

Мысалы: ж.. с.. ы., қ.. н.., с.. т.. і..жақсылық, қуаныш, сәттілік.

Стратегия: «Серпілген сауал»

  • Сөйлем түрлерін ата.
  • Сұраулы сөйлем деген не?
  • Сұраулы сөйлем қандай мақсатта айтылады?
  • Лепті сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады?

Ортасы: жаттығулар және топтық жұмыс

1-жаттығу

Сөйлемдерді оқып, айтылу мақсатына қарай қай түрі екенін анықта. (Күтілетін жауап: хабарлы сөйлем)

  1. 1.Тотықұстың көзінің салмағы миынан екі есе ауыр болады.
  2. 2.Адамның әдептілігі оның сөзінен байқалады.
  3. 3.Сауыт — ерте кездегі батырлар киген қорғаныш киім.
  4. 4.Теріскен — далада өсетін өсімдік түрі.
  5. 5.Бал — өте пайдалы тағам.

2-жаттығу (күрделірек тапсырма)

Сөйлемдерді айтылу мақсатына қарай түрлеріне бөліп жаз.

Стратегия: «Детектив»

Оқушылар топпен жұмыс істейді: қиынды қағаз түрінде берілген сөйлемдерді хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдер бөліміне сәйкестендіріп жапсырады.

Хабарлы сөйлемдер

  • Атасы жолаушылап кетті.
  • Әсет оны күтіп жүрді.
  • Атасы Әсетке ойыншық әкелді.
  • Екеуі атасы әкелген ойыншықты абайсызда сындырып алды.

1-топ: хабарлы сөйлемдерді теріп жазады.

Сұраулы сөйлемдер

  • Бұл жолы не әкелер екен?
  • Енді не істеймін?

2-топ: сұраулы сөйлемдерді теріп жазады.

Лепті сөйлемдер

  • Алақай, атам келді!

3-топ: лепті сөйлемдерді теріп жазады.

3-жаттығу

Өлеңді мәнерлеп оқы. Сөйлем соңындағы тыныс белгілері не үшін қойылғанын түсіндір.

«Туған өлкем» өлеңінен әр топтан 1 оқушы мәнерлеп оқиды.

4-жаттығу

Тиісті тыныс белгілерін қойып, жұмбақтарды көшіріп жаз.

Жалтылдап қалағы,

Салатын кім қаланы?

(құрылысшы)

Шәкіртке жанашыр,

Мейірман кім, жаны асыл?

(мұғалім)

Шығармашылық жұмыс

Жұмбақтардың шешуін тауып, сол сөздермен сөйлемдер құрастырып жаз.

құрылысшы мұғалім

Аяқталуы: бекіту және қорытындылау

5-жаттығу (күрделірек тапсырма)

Сұраулы сөйлемдерді хабарлы сөйлемге айналдырып, мақал түрінде жаз.

Береке көзі

бірлікте.

Отан

оттан да ыстық.

Ат

адамның қанаты.

Үй тапсырмасы

6-жаттығу, 56-бет.

Бағалау

Бағалау парақшасын толтырып, нәтижесін жария етеді.

Кері байланыс

Оқушылар өз түсіну деңгейін тыныс белгілері арқылы белгілейді:

!

Сабақты өте жақсы түсіндім.

.

Сабақты түсіндім, әлі де толықтыру керек.

?

Маған көмек қажет.

Білім беру ұйымы

Елтінді батыр атындағы орта мектебі

Мұғалім

Раимбекова Фатима