Дара және күрделі етістіктер
Сабақтың бағыты
Тақырып
Дара және күрделі етістіктер
Мақсат
Етістіктің түрлері туралы білімді бекіту, дара және күрделі етістіктерді ажырату және сөйлеуде дұрыс қолдану.
Міндеттер
- Жаттығулар мен тапсырмалар арқылы дара және күрделі етістік туралы білімді еске түсіру, қайталау.
- Оқушылардың тіл байлығын, ой-өрісін және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
- Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Әдістер
- Сұрақ-жауап
- Ойын
- Тест
- Тірек сөздер, ассоциациялық карта
Көрнекілік
- Тірек сөздер
- Ассоциациялық карта
- Жануарлар мен құстардың суреттері
Сабақтың өту барысы
Психологиялық дайындық
Дала гүлге толыпты,
Аққу көлге қоныпты.
Алақай-ау, алақай!
Көктем қандай,
Көктем қандай көрікті!
Ля, ля…
Көктем қандай,
Көктем қандай көрікті!
Бүгінгі сабақта түрлі ойындар арқылы дара және күрделі етістікке қатысты тапсырмалар орындаймыз.
Ойын: «Артық сөзді тап»
Әр қатардан артық сөзді тауып, неге артық екенін дәлелдеңіз.
1-қатар
Семей, Ертіс, доп, Астана
2-қатар
Көктем, бәйшешек, гүлдеді, жауқазын
3-қатар
Естіді, келді, көктем, жүгірді
Талқылау сұрақтары: «Гүлдеді» қай сөз табына жатады? Етістік туралы не білеміз?
Жауаптар ассоциациялық картамен толықтырылады.
Сурет бойынша жұмыс
Зат атауларының алғашқы әріптерінен сөз құраңыз. Құрастырған сөзді пайдаланып сөйлем жасаңыз.
Мысал: Айжан шай құйып жүр.
Дәптермен жұмыс
- Бүгінгі күнді жазу.
- Көркем жазу: көктем.
Тәрбиелік бағыт: табиғатты қорғау
Құстардың табиғаттағы орны туралы әңгімелесу: құстарды қорғау, ұяларды бұзбау, қоршаған ортаға қамқорлық жасау.
Сергіту сәті
Шымыршық, шымыршық, апа қалай жүреді?
Апа былай, апа былай — дәл осылай жүреді.
Шымыршық, шымыршық, ата қалай жүреді?
Ата былай, ата былай — дәл осылай жүреді.
Шымыршық, шымыршық, қыздар қалай жүреді?
Қыздар былай, қыздар былай — дәл осылай жүреді.
Шымыршық, шымыршық, ұлдар қалай жүреді?
Ұлдар былай, ұлдар былай — дәл осылай жүреді.