Топ Қыс мезгілін бейнелеу
Сабақтың тақырыбы
М. Дулатов — «Қыс»
Сабақтың мақсаты
- Оқушыларды жаңа тарау тақырыбымен таныстыру.
- Міржақып Дулатовтың өмірі мен еңбектері туралы түсінік беру, мәтінді мәнерлеп оқуға үйрету.
- Мәтіннің негізгі идеясын және мазмұнын дұрыс түсінуге дағдыландырып, ойлау белсенділігін дамыту.
- Жыл мезгілдерін ажырату, табиғаттағы қысқы өзгерістер мен адамдардың қыстағы еңбегі туралы әңгімелеу.
- Табиғатты аялауға, қорғауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Құралдар мен әдістер
- Көрнекілігі
- Интерактивті тақта, электронды оқулық.
- Әдіс-тәсіл
- СТО технологиясы, әңгімелеу, сұрақ-жауап, ойын.
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сыныппен қысқаша диалог
Мұғалім: Балалар, бүгін аптаның нешінші күні?
Оқушылар: Екінші күн.
Мұғалім: Бүгін қандай сабақ?
Оқушылар: Әдебиеттік оқу сабағы.
Мұғалім: Бүгін сабағымыз ерекше: сыныбымызға қонақтар келіп отыр.
Өткенді пысықтау
«Неткен сұлу, неткен көркем. Осы менің туған өлкем» бөлімі бойынша ұяшық таңдау арқылы сұрақтарға нақты әрі дұрыс жауап беру.
-
1) «Ыстық қой, шіркін, туған жер!» деген сөздер кімнің шығармасында келтірілген?
- A) М. Мақатаевтың
- B) Ж. Смақовтың
- Ә) Ж. Аймауытовтың
- В) С. Жүнісовтың
-
2) Ж. Смақовтың өлеңі қалай аяқталады? «Өйткені ол Отан — …»
- A) Ұлы Отан
- B) Сол Отан
- Ә) Жан Отан
- В) Бұл Отан
-
3) Бөлімдегі М. Мақатаевтың өлеңі қалай аяқталады? «Отан, Отан бәрінен биік екен, мен оны мәңгілікке …»
- A) Ұнатамын
- B) Сүйіп өтем
- Ә) Мақтан етемін
- В) Жырлап өтем
-
4) Астанаға жыр арнаған ақынды ата.
- A) М. Мақатаев
- B) К. Ахметова
- Ә) Ж. Смақов
- В) Ө. Тұрманжанов
-
5) Ө. Тұрманжановтың өлеңі қалай аяқталады? «Неткен сұлу, неткен көркем, …»
- A) Көгінде күн нұрын төккен
- Ә) Жерінде гүл жұпар сепкен
- B) Ел еркіндей бақыт тапқан
- В) Осы менің туған өлкем
Қорытынды сұрақ: Балалар, біз қандай тарауды аяқтадық?
III. Жаңа сабақ
Тақырыпты ашу: сөзжұмбақ жұмбақтары
- Қыста ғана болады, ұстасаң қолың тоңады.
- Есіктен кіреді еңкейіп, төрге шығады қампайып.
- Отқа жанбас, суға батпас.
Дұрыс оқу
Мұ-ұз
жуан дауысты дыбыс
Дұрыс оқу
Қа-а-р
жуан дауысты дыбыс
Дұрыс оқу
Ұ-у-а
жуан дауысты дыбыс
Сұрақ: Көз алдарыңа қай мезгіл елестейді?
Жауап: Қыс мезгілі.
«Қыста талай қызық бар» тарауы бойынша бүгін М. Дулатовтың «Қыс» мәтінімен танысамыз.
Автор туралы қысқаша мәлімет
Міржақып Дулатов — қазақтың «Бес арысының» бірі. Автордың өмірбаяны мен шығармашылығы туралы толық мәліметті жоғары сыныптарда кеңірек қарастырасыңдар.
Мұғалім М. Дулатовтың суретін көрсетіп, өмірбаянымен таныстырады.
IV. Оқулықпен жұмыс
- Мәтінді мұғалім оқып, түсіндіреді.
- Оқушылар мәтінді іштей оқиды.
- Тізбектей оқыту ұйымдастырылады.
- Сөздікпен жұмыс жүргізіледі.
VI–VII. Дәптермен және суретпен жұмыс
Қыс мезгіліне арналған талқылау сұрақтары
Сурет бойынша
- Суретте қай жыл мезгілі бейнеленген? Оны неден байқадың?
- Адамдар суықтан қалай қорғанады? Сен қалай киінесің?
- Қыс мезгілі тағы нелерге жайсыз тиеді?
Мәтін бойынша
- Мәтінде үй жануарлары туралы не делінген?
- Мәтінге сүйеніп, жылқышының еңбегі туралы әңгімеле.
- Малшылар қыста малдарын қалай күтеді?
II. Ой қозғау
Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында электронды оқулықпен жұмыс жүргізіледі.
VIII. Ойын және топтық жұмыс
Ойын: «Аққала құрастыру»
Тапсырмаларға жауап берген сайын аққаланың бөліктері құрастырылады.
- Қыс айларын ата.
- Қысқы ойын түрлерін ата.
- Қыстап қалатын құстарды ата.
- Қыста ауа райы қандай болады?
- «Шана» сөзіне дыбыстық талдау жаса.
- Үй жануарлары қыста қалай тіршілік етеді?
«Қызықты қыс еліне саяхат» (топтық тапсырмалар)
1-топ
Қыс мезгілін бейнелеу
Сурет, коллаж немесе қысқы көріністі сипаттау арқылы орындау.
2-топ
«Қыс қызығы» эссе жазу
Қысқы әсер, ойын, табиғат құбылыстары туралы қысқаша эссе.
3-топ
Қысқы ойын түрлерін жазу
Тізім құрастыру және әр ойынға қысқаша түсінік беру.
IX. Қорытындылау
Қорытынды сұрақтар
- Бүгін қандай мәтінмен таныстық?
- М. Дулатов кім? Қай өңірде туған?
- Қай жылы туылып, қай жылы дүние салған?
- Қандай кітабын жазған?
- Мәтінде қай жыл мезгілі бейнеленген?
- Малшылар қыста малдарын қалай күтеді?
- Малшылар неден қорқады?
- Суық, үскірік аяз кімдердің есінен көпке дейін кетпейді?
X. Бағалау
Оқушылар өзін-өзі және жұппен бағалау арқылы қорытынды бағасын шығарады.
XI. Үй тапсырмасы
Үй тапсырмасы мұғалімнің нұсқауы бойынша беріледі (мәтінді оқу, мазмұндау және сөздік жұмысты толықтыру).