Отбасындағы ата - ана баланың өмірлік ұстазы және тәрбиешісі

Бала тәрбиесінің бастауы — отбасы

Бала тәрбиесінің негізі — отбасы. Осы шағын әлеуметтік орта бала үшін алғашқы өмір мектебі болып саналады. Отбасындағы ата-ана — баланың өмірлік ұстазы әрі тәрбиешісі. Баланың болашағы, білімі мен мәдениеті ең алдымен ата-ананың еңбегіне, берген тәлім-тәрбиесіне байланысты.

Отбасы — баланың тұлғалық қалыптасуы, қызығушылықтары мен дамуы үшін ең шешуші орта.

Ата-ана мен педагог серіктестігі

Баланың тұлғасы, оның қызығушылығы мен дамуы, әлеуетін ашу — педагог пен отбасы арасындағы өзара байланыс стратегиясының өзегі. Ата-ананың басты қуанышы — бала, ал оның жетістігі ата-ана мен педагогтің бір мақсатқа жұмылуымен нығаяды.

Біркелкі талап — ортақ бағыт

Серіктестік пен ынтымақтастық негізінде отбасы мен мектепке дейінгі ұйымдарда балаларға қойылатын талаптар үйлесіп, біріңғай білім беру кеңістігі қалыптасады.

Үлгі — тәрбиенің өзегі

Отбасындағы ересектердің мінез-құлқы, қарым-қатынасы, жауапкершілігі мен мәдениеті — тәрбиелік жұмыстың нәтижелілігін айқындайтын негізгі фактор.

Отбасының әлеуметтендірудегі шешуші рөлі

Ата-ана — отбасындағы жетекші тұлға, бала тәрбиесінің қамқоршысы әрі өнегесі. Ата-ана үшін тіршіліктің ең қымбат қуанышы — перзенті. Отбасы баланың әлеуметтенуінде, көзқарасының қалыптасуында, сондай-ақ интеллектуалдық, эмоционалдық және еріктік қасиеттерінің дамуында шешуші рөл атқарады.

Отбасы беретін әлеуметтік-адамгершілік тәжірибе

  • Ата-ананың махаббаты мен қолдауын сезіну.
  • Ата-анаға деген сенім қалыптастыру және олардан үлгі алу.
  • Отбасының жалпы психологиялық ахуалын сезіну, қарым-қатынас мәдениетін үйрену.
  • Әлеуметтік-адамгершілік құндылықтарды ұрпақтан ұрпаққа жеткізу.

Нәтижесінде балалардың қоғамға бейімделуі күшейіп, қоғамның жаңа мүшелерінің дайындығы қамтамасыз етіледі.

Балабақша — алғашқы жаңа орта

Болашақ ұрпақты тәрбиелеу, сөзсіз, отбасынан басталады. Ал осы тәрбиені отбасы­мен бірлесе жалғастырып, балаға білім мен тәрбие беретін ең алғашқы жаңа орта — балабақша. Сондықтан отбасы мен мектепке дейінгі ұйым арасындағы байланыс тұрақты әрі мазмұнды болғаны маңызды.

Отбасы тәрбиесі: құқықтық және стратегиялық негіз

Қазіргі таңда отбасы тәрбиесі мәселесі әлемдік деңгейде қарастырылады. Бұған бала құқықтарын қорғауға және білім беру сапасын арттыруға бағытталған бірқатар құжаттар дәлел:

Балалар құқығы туралы Конвенция

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы

Қазақстан Республикасының «Балалардың құқығы туралы» заңы

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы

Үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы сатысы

Үкімет қолдау тапқан білім беру тұжырымдамалары үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы сатысы — балабақшадан бастап, мектеп бітіргенге дейінгі кезеңде оқыту мен тәрбиені жоспарлы түрде ұйымдастыруды және отбасына педагогикалық көмек көрсетуді мақсат етеді.