Блингвальді компоненттерін айту
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Оқу қызметінің түрлері
- Қоршаған ортамен танысу
- Сауат ашу
- Сөйлеуді дамыту
- Сурет салу
Тақырып
Көлік түрлері
Көрнекіліктер
- АКТ
- Көлік суреттері
- Пазлдар
- Суреттер
- Кеспе әріптер
- Сөздер
Мақсаты
- Көлік түрлерімен таныстыру; оқу қызметі барысында үйренген көліктерді атай білу.
- Сұрақты түсіну және өзінің немен, кіммен баратынын айта алу.
- Дыбыстар мен сөздерді анық айту, мысал келтіру.
- Жолда жүру ережелерін еске түсіру.
Күтілетін нәтиже
- Балалар көлік түрлерін ажырата алады.
- Көліктерді 3 тілде атай алады.
- Суретпен жұмыс жасай алады.
Блингвальді компонент
Сөздік қорды үш тілде бекітуге арналған негізгі сөздер.
Көлік
транспорт — transport
Ұшақ
самолет — aircraft
Тікұшақ
вертолет — helicopter
Пойыз
поезд — a train
Кеме
корабль — ship
Зымыран
ракета — rocket
Қайық
лодка — a boat
Жүк көлігі
камаз — kamaz
Автобус
автобус — bus
Оқыту дағдылары
Сабақ барысы
I. Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру
Жылулық шеңберіҚазақша
Армысың, алтын Күн! Армысың, Жер-ана! Армысың, достарым, Сендерді көрсем қуанам!
Орысша
Здравствуй, солнце золотое, Здравствуй, небо голубое! Здравствуйте, мои друзья, Очень рад вас видеть я!
Ағылшынша
Good morning, good morning, Good morning to you. Good morning, Mr. Rooster, Cock-a-doodle-do!
Тәрбиеші автобустың суретін көрсетіп, бүгінгі оқу қызметінде автобуспен қалаға саяхатқа шығатынымызды хабарлайды.
Тәрбиешінің әрекеті
Жылулық шеңберін ұйымдастырады, сабаққа эмоционалдық дайындық жасайды.
Балалардың әрекеті
Жылулық шеңберін 3 тілде орындайды, саяхат тақырыбына қызығушылық танытады.
II. Ой қозғау
«Ойлан, тап!»Жұмбақтар
Тырылдап көкте инелік,
Инелік емес — үй делік.
Жауабы: Тікұшақ
Аспанда бір алып құс,
Ызғып ұшып барады.
Қарап тұрсаң ғажайып,
Соңында із қалады.
Жауабы: Зымыран
Ауызында орақ,
Қолында тарақ,
Аңыздап келеді,
Ақ маржан төгеді.
Жауабы: Комбайн
Арқасында ауыл жүр,
Ала тайым шауып жүр.
Жауабы: Автобус
Төбесінде кіндігі
Жалғанған желіге,
Қабырғада күндігі
Нұр шашқан төріне.
Жауабы: Троллейбус
Қайда болсаң да баратын,
Мінсең — ұшқыр қанатың.
Жауабы: Ат
Қысқа бейнематериал көрсетіледі. Одан кейін көлік атаулары үш тілде қайталанып, бекітіледі.
- Балалар жұмбақтардың шешуін табады.
- Блингвальді сөздерді қайталап, дұрыс айтуға жаттығады.
III. Негізгі бөлім
Көліктің түрлері
Суреттер арқылы көліктің үш негізгі түрі бар екені түсіндіріледі: әуе, су, жер көлігі.
Бағдаршам
Бағдаршамның қызметі таныстырылады, жолда жүру қауіпсіздігі туралы қысқаша әңгіме жүргізіледі.
Дидактикалық ойын: «Түсін тап»
Шарты: берілген түстердің ішінен бағдаршамның түстерін таңдап, дұрыс ретімен орналастырады.
Әліппе-дәптермен жұмыс
Тақырыпқа байланысты тапсырмалар орындау, сөздермен жұмыс.
Сергіту сәті
«Бағдаршам» өлеңі арқылы қимыл-қозғалыс жасау.
Топқа бөлу
- 1-топ: Әуе көлігі
- 2-топ: Су көлігі
- 3-топ: Жер көлігі
Топтық жұмыс
1-топ (Әуе көлігі)
Ұшақтың суретін салады.
2-топ (Су көлігі)
Кеме туралы тақпақты хормен айтады.
3-топ (Жер көлігі)
Берілген суреттерді қатыстырып, сөйлем құрап айтады.
Бағалау
Топтар бір-бірін «басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.
Дидактикалық ойын: «Қай көлік жоқ?»
Шарты: тақтаға көлік түрлерінің суреттері ілінеді. Балалар мұқият қарап алған соң көздерін жұмады. Педагог 2–3 суретті алып тастайды. Балалар көздерін ашып, қай көліктердің жоқ екенін табады.
Тіл ұстарту жаттығуы
Ме-ме-ме — мынау кеме.
Ақ-ақ-ақ — ұшады ұшақ.
Ақ-ақ-ақ — менде бар тікұшақ.
Ық-ық-ық — жүзеді қайық.
Ік-ік-ік — бәрінің аты көлік.
Қорытынды
Мұғалім «Көліктер» өлеңін оқиды, балалар қайталайды. Үй тапсырмасы: өлеңді жаттау және өлеңде аталған көліктердің суреттерін тауып, тақтаға ілу.
Өлең: «Көліктер»
Қаламызда көліктің Алуан түрі табылар. Ұшақ пенен кемелер, Автобустар тағы бар. Велосипед мініп ап, Жолды кесіп шашпаймын. Жолда жүру тәртібін Мен осылай сақтаймын.
Дидактикалық ойын: «Көліктерді орналастыр»
Шарты: үстел үстіндегі суреттерді көлік түрлеріне қарай ажыратып, тиісті орынға орналастыру қажет: жер көліктерін — жолға, су көліктерін — теңізге/көлге, теміржол көлігін — теміржолға, әуе көлігін — аспанға.
Рефлексия
«Бағдаршам» әдісі: балалар өз түсіну деңгейін түстер арқылы көрсетеді.
Мадақтау
Балаларды смайликтер арқылы ынталандыру және жетістігін атап өту.