Анд тауы
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Өтетін орны
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу гимназиясы ММ
Пән мұғалімі
География пәні мұғалімі — Жолдыбаева Күндіз
Сабақ тақырыбы
Оңтүстік Америка материгі
Сабақ форматы
Қайталау және сынақ сабағы (сайыс түрінде)
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушылардың Оңтүстік Америка тарауы бойынша білімдерін жинақтау, жүйелеу, қорытындылау және тексеру.
Дамытушылық
Танымдық белсенділікті дамыту, сұраққа жылдам әрі дәл жауап беру дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік
Білімді, білікті, жауапкершілігі жоғары жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал ету.
Құрал-жабдықтар
- 1 Дүниежүзінің физикалық картасы
- 2 Оңтүстік Американың физикалық картасы
- 3 Интерактивті тақта
Сабақтың ұраны
Бес болсын алар бағамыз,
Білімнен бақыт табамыз.
Жер шарын танып білуге,
Американы шарлап барамыз.
Сабақтың құрылымы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- •Оқушыларды 4 топқа бөлу.
- •Сабақтың мақсатымен және өту барысымен таныстыру.
2) Мұғалімнің кіріспе сөзі
Оқушылар, біз Оңтүстік Америка материгіне саяхат жасадық. Бүгін сол сапарда алған білімімізді қорытындылап, жүйелейміз. Ол үшін сайыс турларын орындаймыз. Әр дұрыс жауапқа жұлдызша беріледі.
Сайыс турлары
I. «Кім жылдам?»
Жылдам сұрақ-жауап
II. «Бұл кім?»
Ғалымдар мен саяхатшылар
III. «Геодоп»
Доп арқылы сұрақтар және карта
IV. Тест жұмысы
Бекіту және бағалау
I тур: «Кім жылдам?»
Әр топқа пән бойынша қысқа әрі нақты сұрақтар қойылады. Дұрыс жауап үшін жұлдызша беріледі.
I топ
- Оңтүстік Американың жалпы ауданы18,3 млн км²
- Ең суы мол өзеніАмазонка
- Ірі тау жүйесіАнд
- Ең ірі аралыОтты жер
- Андтағы ең биік тау көліТитикака
II топ
- Материкке алғаш аяқ басқан саяхатшыХ. Колумб
- Байырғы халқыҮндістер
-
Кездесетін пайдалы қазбалар
Темір, марганец, уран, никель, алмас, мұнай, газ, көмір, қорғасын, күміс, мырыш.
- Ең биік нүктесіАконкагуа (6960 м)
- Ірі қыраттарыГвиана, Бразилия, Ла-Плата
-
Ірі өзендері мен көлдері
Амазонка, Парана, Ориноко, Магдалена, Титикака, Маракайбо.
III топ
- Екі құрлықтың аралығында орналасқан, астанасы өзімен аттас мемлекетПанама
- Ориноко өзеніндегі әйгілі сарқырамаАнхель
- Орталық Андта 3812 м биіктікте орналасқан қасиетті көлТитикака
- Саяхатшының құрметіне аталған елКолумбия
- Материктегі кең таралған екі ресми тілИспан, португал
IV топ
- Дүниежүзіндегі ең биік Анхель сарқырамасы орналасқан мемлекетВенесуэла
- Экваторға ескерткіш қойылған мемлекетЭквадор
- Атакама шөлі орналасқан мемлекетЧили
-
Оңтүстік Америка — қандай мәдени өсімдіктердің отаны?
Картоп, қызанақ, жүгері.
- Үндістер қасиетті күш беретін сусын дайындаған ағашКакао
II тур: «Бұл кім?»
Материкті зерттеген ғалымдар мен саяхатшылардың суреттері ұсынылады. Оқушылар олардың есімін атап, география ғылымына қосқан үлесін қысқаша сипаттайды.
III тур: «Геодоп»
Ереже
Мұғалім допты лақтырып, сұрақ қояды. Оқушы жауап беріп, допты қайтарады және аталған нысанды картадан көрсетеді.
Картадан көрсетілетін нысандар
Сергіту сәті
Оқушылар көздерін жұмып, Оңтүстік Американың картасын көз алдына елестетеді. Мұғалім атаған нысандарды «ойша картадан» қолмен көрсетеді.
«Зообақ» ойыны
Материктің табиғат зоналары мен жануарлар дүниесіне қатысты сұрақтар арқылы білім бекітіледі.
IV тур: Тест жұмысы (бекіту)
-
1) Оңтүстік Америка ежелде қай материктің құрамында болған?
-
2) Оңтүстік Америка қай материктен көлемі жағынан кіші?
-
3) Материктің солтүстік шеткі нүктесі:
-
4) Материк пен Отты жер архипелагын қандай бұғаз бөліп тұр?
-
5) Оңтүстік Америка мен Солтүстік Американы не бөліп тұр?
-
6) Қай теңіз Оңтүстік Америка материгін шайып жатыр?
-
7) Қай ағыстар Оңтүстік Америка жағаларын шайып өтеді?
-
8) Оңтүстік Американың аса ірі жазығы:
-
9) Материктің ең биік нүктесі:
-
10) Оңтүстік Американың түсті және сирек металдарға бай аймағы:
Қорытынды, бағалау және үй тапсырмасы
Бағалау
Топтардың жинаған жұлдызшалары мен тест нәтижелері бойынша қорытынды баға қойылады.
Қорытынды
Оңтүстік Америкаға қатысты негізгі ұғымдар: жер бедері, климат, өзен-көлдер, табиғат зоналары және пайдалы қазбалар жүйеленеді.
Үй тапсырмасы
«Оңтүстік Америка материгі» тақырыбын толық қайталау.