Тест әдісімен есептер шығару

Сабақ туралы мәлімет

Мектеп

Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Харькин орта жалпы білім беретін мектебі

Пән мұғалімі

Математика пәнінің мұғалімі: Иманғалиева Бекзат Гилмановна

Сабақтың тақырыбы

Прогрессия тақырыбы бойынша есептер шығару

Сабақтың мақсаты

Білімділік

  • Геометриялық прогрессияның анықтамасы мен қасиеттерін меңгеру.
  • n-ші мүшесінің формуласы және алғашқы n мүшесінің қосындысы формулаларын қолдана білу.
  • Шексіз геометриялық прогрессия қосындысының формуласын білу және есептерде пайдалану.
  • Логикалық ойлау арқылы математикалық біліктерін іске асыру.

Тәрбиелік

  • Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру.
  • Математикалық мәдениетке тәрбиелеу.
  • Өз ойын дәл әрі тиянақты жеткізуге үйрету.

Дамытушылық

  • Оқушыны өз білімін нақты көрсетуге дағдыландыру.

Ресурстар мен ұйымдастыру

Көрнекіліктер

  • Үлестірмелер
  • Слайдтар
  • Семантикалық карта
  • Тест тапсырмалары

Сабақтың сипаттамасы

Сабақтың түрі
Дамытушылық
Сабақтың әдісі
Түсіндірмелі, сұрақ-жауап

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру

  1. Оқушылармен амандасу.
  2. Сыныпты топтарға бөлу.
  3. «Шаттық шеңбері» арқылы сабақты бастау: қол ұстасып, алақан жылуын сезіне отырып, бір-біріне жылы лебіз айту.

Шаттық шеңбері (өлең)

Қуанамын мен де (өзін көрсетеді),

Қуанасың сен де (көршісін көрсетеді),

Қуанайық, достарым (бір-бірінің қолын ұстайды),

Арайлап атқан күнге! (қолдарын жоғары көтереді)

II. Үй тапсырмасын тексеру

Үй тапсырмасы есептер арқылы тексеріледі.

III. Тақырып бойынша қайталау

«Прогрессия» ұғымын қайталау: арифметикалық прогрессия және геометриялық прогрессия.

Арифметикалық прогрессия

Тізбектің көршілес мүшелерінің айырмасы тұрақты болатын прогрессия.

Геометриялық прогрессия

Тізбектің көршілес мүшелерінің қатынасы тұрақты болатын прогрессия.

IV. Тренинг-сабақ

I тур. «Кім жылдам?» Прогрессиялардың n-ші мүшесінің формуласы бойынша мүшелерін табу.

Есептер тест әдісімен орындалады.

№101

Дене бірінші минутта 5 м жылжыды, ал әрбір келесі минутта алдыңғысынан 0,5 м-ге артық жылжыды. Алтыншы минутта дене қандай қашықтыққа жетеді?

  • A) 8,5 м
  • B) 8 м
  • C) 7,5 м
  • D) 7 м

№102

Бірінші күні дүкен 12 кг қант сатты, әрбір келесі күні алдыңғысынан 2 кг-ға артық сатты. Дүкен 8 күн ішінде қанша қант сатты?

  • A) 163
  • B) 152
  • C) 180
  • D) 150

№103

Геометриялық прогрессияның алғашқы бес мүшесінің қосындысын табыңдар: b1 = 6, q = 2.

  • A) 186
  • B) −186
  • C) 376
  • D) 190

№201

22; 5; −21; ... арифметикалық прогрессиясы берілген. Арифметикалық прогрессияның 11-ші мүшесін және айырымын табыңдар.