Қазақ жазба әдеби тілінің негізін салушы кім
Іс-шараның мақсаты
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, ана тілін қадірлеуге және өзге тілдерді құрметтеуге шақыру. Өзге ұлттың тілі, әдебиеті мен мәдениетін сыйлай білетін, тілдік мәдениеті жоғары тұлға қалыптастыру.
Залды безендіру және дайындық
- Тіл туралы қанатты сөздер жазылған көрнекіліктер.
- Сайыс тақырыбы жазылған плакат.
- Әр сайыскердің жұмыс орнын мерекелік стильде безендіру.
- Шарлар, көрнекі құралдар, музыкалық сүйемелдеу.
Кіріспе сөз
1-жүргізуші
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Мектебімізде Қазақстан халықтарының Тілдер күніне арналған апталық жалғасуда. Бүгін 8–10 сынып оқушылары арасында өтетін «Тіл білгірі» атты танымдық ойынымызға қош келдіңіздер!
2-жүргізуші
Мінеки, залда тыныштық, естілмейді дыбыс түк — мұны біз де қоштаймыз: қазақ, орыс, ағылшын.
Тілдері жайында кешімізді бастаймыз, жас достарым, мұны жақсы ұғайық:
Қазақ, орыс, ағылшын тілдері — құрметтеуге лайық!
Дүниедегі сұлулықтың бәрін де қызыл тілсіз түсіну мүмкін емес. Көп тіл білу — бүгінгі күні аса қажет!
Бүгін сіздер 8–10 сынып оқушылары арасында өтетін білім сайысының жеңімпазын анықтайтын 5 турдан тұратын ойынымызды тамашалайсыздар.
Сайыстың басталуы
«Тіл білгірі» сайысы басталады. Білгірлерді жұртшылық болып қарсы алайық! Тілдердің көшбасшысы — қазақ тілі. Өзге тілдермен де достасайық.
Ортаға сайыскерлер шығады. Әділ бағасын беретін қазылар алқасымен таныстырылады. Ана тілі — қазақ тілі туралы өлеңдер оқылады.
1-тур — «Бәйге»
Бұл турда қазақ, орыс, ағылшын тілдері бойынша сұрақтар қойылады. Жауапты жылдам әрі нақты беру қажет. Қолын бірінші көтерген оқушы жауап береді; қате болған жағдайда келесі оқушы жауап бере алады.
Сұрақтар мен жауаптар
1. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады?
Жауап: Түркі тілдер тобына.
2. Қазіргі кезде қолданыстан шығып қалған сөздерді қалай атаймыз?
Жауап: Архаизм.
3. Ағылшын тілінде осы шақтың етістігі қалай аталады?
Жауап: Present Simple.
4. Қазақ жазба әдеби тілінің негізін салушы кім?
Жауап: А. Құнанбаев.
5. Лексикалық мағынасы бойынша қарама-қарсы сөздер қалай аталады?
Жауап: Антоним.
6. Ұлыбританияның мемлекеттік тілі қай тіл?
Жауап: Ағылшын тілі.
7. Қазақ тілінде неше өздік есімдігі бар?
Жауап: Бір ғана «өз» сөзі.
8. Present Simple-да сұраулы және болымсыз сөйлемде қандай көмекші етістік қолданылады?
Жауап: do, does.
9. Бір түбірлі сөздердің жалпы мәнін беретін басты бөлік қалай аталады?
Жауап: Түбір.
10. Үзік сызықпен белгіленетін сөйлем мүшесі қалай аталады?
Жауап: Толықтауыш.
Келесі кезекте — Абай сөзімен айтқанда: «Құлақтан кіріп бойды алар, жақсы ән мен тәтті күй…». Өлең жолдары мен «Родной язык» шығармасы орындалады.
2-тур — «Полиглот»
Мақал-мәтелдердегі түсіп қалған сөздерді тауып, олардың қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі баламасын айту және жазу қажет.
1)
Адам басшысы — ақыл (ум, intelligence)
2)
Человек без родины, что соловей без леса (орман, forest)
3)
East or West, home is best (дом, үй)
4)
Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ой өсіреді (родной язык, language)
5)
Чистота — залог здоровья (денсаулық, health)
6)
Actions speak louder than words (слово, сөз)
7)
Жердің сәні — егін, ердің сәні — білім (знание, knowledge)
8)
Дерево крепко корнями, человек — друзьями (дос, friend)
9)
Health is better than wealth (богатство, байлық)
Әдеби үзіліс: «Я стану человеком» өлеңі оқылады.
3-тур — «Ғажайып жетілік»
Бұл бөлімде қазақ, орыс, ағылшын тілі мен әдебиеті, сондай-ақ Қазақстан тарихы бойынша сұрақтар беріледі.
1. Қазақ тілі: Басқа тілден енген сөздер қалай аталады?
Жауап: Кірме сөздер.
2. Қазақ әдебиеті: «Әдебиет» сөзі қазақша қандай мағына береді?
Жауап: Асыл сөз.
3. Орыс тілі: В человеке оно одно, а у вороны двое, в лисе не встретится, а в огороде трое.
Жауап: Буква «О».
4. Орыс әдебиеті: «Москва! Как много в этом звуке…» — авторы мен шығармасын атаңыз.
Жауап: А. С. Пушкин, «Евгений Онегин».
5. Ағылшын тілі: Present Simple-та 3-жақ жекеше түріндегі етістікті атаңыз.
Жауап: goes.
6. Ағылшын әдебиеті: «Алиса ғажайыптар елінде» ертегісінің авторы кім?
Жауап: Льюис Кэрролл.
7. Қазақстан тарихы: Алтын Орданың ресми тілі қай тіл болған?
Жауап: Қыпшақ тілі.
Музыкалық үзіліс: 9-сынып қыздарының орындауында би.
4-тур — «Шешендік өнер»
Бұл турда қатысушылар «Мемлекеттік тілді үйрену — әрбір азаматтың қасиетті борышы» тақырыбын қозғай отырып, өз ойларын дәлелді жеткізу, көрерменді баурап алу, өзін еркін ұстай білу сияқты шешендік дағдыларын көрсетеді.
Сайыскерлер қазақ тіліндегі авторлық туындыларын мәнерлеп оқып, осы тақырып аясындағы сұрақтарға жауап береді.
Әдеби үзіліс: «Ана тілі» өлеңі оқылады.
5-тур — «Жорға»
Бұл турға ұпай саны бойынша алда келе жатқан екі оқушы қатысады. Әр ойыншы 1 минут ішінде 15 сұраққа жауап беруі керек.
1-сайыскерге сұрақтар
- 1) «Абай жолы» роман-эпопеясының авторы? (М. Әуезов)
- 2) Название какой птицы образовано от звукоподражательного междометия? (Кукушка)
- 3) Рождество қарсаңында ағылшындар қандай тағам әзірлейді? (Индейка)
- 4) Шоқан Уәлихановтың шын аты? (Мұхаммед Қанапия)
- 5) Как называются устойчивые сочетания слов? (Фразеологизмы)
- 6) Ұлыбритания Біріккен Патшалығында үкімет басында кім отырады? (Ханшайым)
- 7) Қазақ халқының алғашқы ағартушы-педагогы кім? (Ы. Алтынсарин)
- 8) Какое животное и корабль имеют одно название? (Броненосец)
- 9) Англияда түскі астан кейінгі ас ішу уақытын қалай атайды? (Ланч)
- 10) Қазақ тілінде неше септік бар? (Жеті)
- 11) В каком наречии 5 раз надо писать букву «О»? (безоговорочно)
- 12) Міндеттеуді білдіретін модаль етістік? (must)
- 13) Одағай, қаратпа, қыстырма сөздер қалай аталады? (Оқшау сөздер)
- 14) Какие наречия читаются одинаково слева направо и справа налево? (еле, еле-еле)
- 15) Етістіктің өткен шағының 3 түрін ата. (Past Simple, Present Perfect, Past Perfect)
2-сайыскерге сұрақтар
- 1) Қазақ әліпбиінде неше әріп бар? (42)
- 2) Ағылшын тілінде қанша септік (case) бар? (2)
- 3) Абай Құнанбайұлының шын аты? (Ибраһим)
- 4) В каком наречии 4 раза употребляется буква «Н»? (несомненно)
- 5) Ұлыбритания Біріккен Патшалығының құрамына қандай елдер кіреді? (Англия, Шотландия, Солтүстік Ирландия)
- 6) Қазақ тілінде сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері нешеу? (3)
- 7) Забияка, сирота относятся к какому роду? (Общий род)
- 8) Ағылшын тіліндегі анықтауыш артикль? (the)
- 9) Қазақ тілінде бастауышы жоқ сөйлем қалай аталады? (Жақсыз сөйлем)
- 10) Көмекші етістіктерді ата. (shall, will)
- 11) Какое наречие «предлагает» кусок ткани на пальто или костюм? (наотрез / на отрез)
- 12) «Төбе шашы тік тұру» фразеологизмі қандай мағына береді? (Қорқып кету)
- 13) Какое числительное приказывает? (3)
- 14) Шотландияның астанасын ата. (Эдинбург)
- 15) 5 күнді ретімен атаңыз, бірақ күн атауын да, санды да қолданбаңыз. (позавчера, вчера, сегодня, завтра, послезавтра)
Музыкалық нөмір: «My Bonnie is over the ocean» әні 9-сынып оқушыларының орындауында.
Қорытынды
Көпұлтты Қазақстанда жүзден астам тіл бар. Дегенмен мәртебелі әрі маңызды қазақ тілін терең танып, қадірлей білейік.
Ана тілің — арың, біл;
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!
Ойын жеңімпазы анықталып, сайыскерлер марапатталады.