Ненің суретін салдыңдар
Апта тақырыбы
Менің елім — Қазақстан
Білім беру салалары
Коммуникация, шығармашылық
Оқу іс-әрекетінің түрі
Ашық, кіріктірілген (көркем әдебиет + сурет)
Тақырып
«Отан» (Е. Өтетілеуұлы) және «Мерекелік отшашу»
Мақсат
Әдебиет бағыты
- Отан туралы шығармаларды тыңдату арқылы әдебиетке қызығушылықты арттыру.
- Өлеңді мәнерлеп оқуға дағдыландыру.
- Туған ел, атамекен туралы түсінікті кеңейту.
- Тіл байлығын және сөйлеу қабілетін дамыту.
Шығармашылық бағыты
- Қарындашты дұрыс ұстап, сурет салу дағдысын қалыптастыру.
- Үзік сызықтарды үйлестіре қосу арқылы отшашуды бейнелеуді үйрету.
- Мерекені қуанышпен қарсы алуға баулу, жағымды эмоциялық көңіл күй қалыптастыру.
Әдістер
Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, сергіту сәті, ойындар, ТРИЗ әдісінің элементтері.
Көрнекіліктер
Демонстрациялық материалдар, бейнетаспа, суреттер (мнемокесте), слайд.
Сөздік жұмыс және билингвальды компонент
Сөздік жұмыс
- Туған ел — адамға ең жақын, ең қымбат мекен.
- Өскен жер — балалық шағы өткен, тәрбиесі мен естелігі қалыптасқан орта.
Билингвальды сөздік
- Отан
- Родина
- Астана
- столица
- Ту
- Флаг
- Елтаңба
- Герб
- Әнұран
- Гимн
- Отшашу
- салют
Ұйымдастырушылық-қызығушылық кезеңі
«Шаттық шеңбері» (3 тілде)
Қазақша
Қайырлы таң, ұстаздар!
Қайырлы таң, балалар!
Шеңберге тұрайық,
Жылулық сыйлайық.
Орысша
Доброе утро, учитель!
Доброе утро, друзья!
Посмотрите друг на друга,
Пожелайте добра!
Ағылшынша
Good morning to you,
Good morning to you,
We are glad to see you.
Қиял-ойын арқылы мотивация
Балаларға саяхатқа шығуды ұсынамыз: «Сиқырлы ұшақпен» туған өлкеміздің үстімен ұшып бара жатқандай елестетеміз. Осы арқылы «Отан» ұғымын нақты өмірмен байланыстырып, карта мен суреттер арқылы сөйлесеміз.
Негізгі бөлім: Қазақстанға саяхат
1) Отан туралы түсінік
Қазақстан картасымен таныстырамыз: картада ірі қалалар, облыстар, өзен-көлдер, тау-тас, табиғи байлықтар белгіленгенін түсіндіреміз. Отан — адамның туған жері, өскен ортасы, жақындарымен бірге өмір сүретін атамекені.
Қазақстан — кең-байтақ, көрікті әрі бай мемлекет. Табиғаты әсем, ауасы таза, суы мөлдір. Егініміз мол, мал шаруашылығы дамыған, жануарлар мен құстарға бай, қазба байлықтары жеткілікті ел.
2) Ауыл көрінісі
Кішкентай үйлер мен киіз үйлер, жайлауда жайылып жүрген мал — ауыл өмірінің белгісі. Балалардан: «Бұл қай жер?» деп сұрап, «Ауыл» ұғымын нақтылаймыз. Бұл — біздің туып-өскен ауылымыздың көрінісі.
3) Қала: Атырау
Әрі қарай облыс орталығына, яғни қалаға «ұшамыз». Біз — мұнайлы өңірдегі Атырау қаласының тұрғындарымыз. Қалада көпқабатты үйлер, зауыт-фабрикалар, оқу орындары және жұмыс орындары көп.
Балалармен диалог: «Атырауға немен барамыз?» — көлік түрлерін атап, байланыстырып сөйлеуге жетелейміз.
4) Елорда: Астана
Қазақстанның бас қаласы — Астана. Ол — жас әрі көрікті қала: биік ғимараттар, үкімет үйлері, ойын-сауық орталықтары, көпқабатты тұрғын үйлер және өндіріс орындары бар. Қаланың көркін келтіретін нысандардың бірі — Бәйтерек.
Қазақстан туралы маңызды ойлар
- Қазақстан — көпұлтты, тәуелсіз мемлекет.
- Мемлекеттік рәміздеріміз бар: Ту, Елтаңба, Әнұран.
- Ана тіліміз — қазақ тілі.
Көркем әдебиет: «Отан» (Е. Өтетілеуұлы)
Автор туралы қысқаша мәлімет
Е. Өтетілеуұлы — ақын, жазушы. Ол балаларға арнап көптеген өлеңдер, тақпақтар мен шығармалар жазған.
Өлең мәтіні
Отан деген — атамекен,
Отан деген — туған жер.
Отан — ана, Отан — үлкен,
Қазақстан — туған ел.
Балалар өлеңді қайталап айтады. Қорытынды сұрақ: «Отан деген не?» — Отан: атамекен, туған ел, туған жер, анадай қымбат ұғым.
Талқылау
- Отан туралы тақпақтар мен мақал-мәтелдер айту.
- Тыңдаған шығарма бойынша әсерімен бөлісу.
Шығармашылық жұмыс: «Мерекелік отшашу»
Әңгімелеу және бақылау
Үлкен мерекелерде өлең айтылып, би биленеді. Мерекенің соңында аспанға отшашу атылады. Балаларға сұрақтар:
- Отшашуды көрдіңдер ме?
- Түстері қандай болады?
- Қайда атылады?
Сурет салу техникасы
- Қарындашты дұрыс ұстау және қағазда еркін қимылдау.
- Үзік сызықтарды үйлестіре қосып, отшашу «шашырауын» бейнелеу.
- ТРИЗ элементі: қылқаламның ұшымен «соққылау» әдісін қолдану.
Қорытынды сұрақтар
- Ненің суретін салдыңдар?
- Отшашу қандай мерекелерде болады?
- Ондай кезде адамдардың көңіл күйі қандай болады?
Сергіту сәті
Қимыл-қозғалыс
«Отан» өлеңінің ырғағымен қимыл жасау. «Шаңырақ астында» тұрып, қол-аяқ қимылдарын үйлестіру арқылы сергіп аламыз.
Ойындар арқылы бекіту
Ойын: «Туған ауыл мен қаланы құрастыру»
Шарты: балалар құрастырған сюжеті бойынша әңгімелеп береді. Мақсаты — ойды жүйелеу, байланыстырып сөйлеу, елді мекен атауларын дұрыс қолдану.
Ойын: «Ойлан, тап»
Шарты: берілген пішіндерден бейне құрастыру. Идея: «Елімізді гүлдендіру» — әр баланың еңбегі мен ойы ортақ болашаққа үлес екенін түсіндіру.
Рефлексия және қорытынды
Сұрақтар
- Біздің Отанымыз қалай аталады?
- Еліміздің Президенті кім?
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін ата.
- Отан деген не?
- Қазақстан әлемге несімен әйгілі? Немен мақтанамыз?
- Бүгін қандай сурет салдық?
Тәрбиелік түйін
Отанды сүю — әр перзенттің парызы. Еліміз аман болсын, Қазақстанымыз көркейе берсін. Тәуелсіздігіміздің тұғыры берік болсын.
Күтілетін нәтиже
Білуі керек
Отан туралы қойылған сұрақтарға жауап беру; тыңдалған шығармалардан алған әсерін әңгімелеу; берілген тапсырмаларды орындау.
Түсінеді
Қазақстан Республикасының кең-байтақ әрі бай мемлекет екенін түсіну.
Қолданады
Қазақстан туралы мәліметтерді оқу іс-әрекетінде қолдану дағдыларын көрсету.
Мекеме және автор
Орны
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы
Мекеме
«Ақмарал» бөбекжай-балабақшасы
Тәрбиеші
Зинешова Айгүл