Бас қаласы қай қала

Сайыстың мақсаты мен форматы

«Қазақ тілінің білгірі» сайысын өткізудегі негізгі мақсатым — мемлекеттік тілді жоғары деңгейде меңгерген сыныпты (немесе топты) анықтау және оқушылардың тілдік білімін, мәдени-танымын, тапқырлығын дамыту. Сайысқа үш сыныптан құралған 3 топ қатысады. Әр топта 5 оқушыдан болады. Әр команда өз білімін сынға салып, бір-бірімен сайысады.

Қатысушылар

3 топ · әр топта 5 оқушы

Құрылымы

Негізінен 7 кезеңнен тұрады

Бағалау

Әділқазылар алқасы ұпаймен бағалайды

Сайыс кезеңдері

  1. 1-кезең. Топты таныстыру

    Әр топ өзін таныстырады және сайысқа қатысудағы мақсатын айтады. Бағалауды әділқазылар алқасы жүргізеді.

  2. 2-кезең. «Менің елім – Қазақстан»

    Тақырып бойынша әңгіме жазу және өлең оқу.

  3. 3-кезең. «Бәйге»

    Оқушылар қойылған сұрақтарға қысқа әрі нұсқа жауап береді.

  4. 4-кезең. «Елші»

    Мәтінді оқып, екінші тілге аударады және мазмұнын айтып береді.

  5. 5-кезең. «Жаңғырған салт-дәстүрлер»

    Ұлттық салт-дәстүрлерге қатысты сұрақтарға толық жауап беріледі.

  6. 6-кезең. «Сен не істейсің?»

    Берілген заттар мен жағдайлар бойынша оқушы не істейтінін түсіндіреді (тәжірибелік ойлау, тұрмыстық білім).

  7. 7-кезең. «Тапқырлық»

    Мақал-мәтелдердегі жасырын сөзді табу және мақалды жалғастыру. Дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі.

3-кезең («Бәйге») сұрақтары

І топ

  1. А. Байтұрсынов кім?
  2. Неміс елінде айтылатын қазақ әнінің авторы кім?
  3. Қазақ тілінде неше септік бар?
  4. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімінің толық аты-жөні кім?
  5. Жүз жасаған ақын кім?
  6. «Шаһар» сөзінің синонимі қандай?
  7. Сан есім қандай сұрақтарға жауап береді?
  8. Тұрлаусыз мүшелерді ата.
  9. М. Әуезов кім? «Роман-эпопея» шығармасын ата.
  10. Әл-Фарабиді неліктен «Екінші ұстаз» деп атаған?
  11. Қазақ тілі қай жылы мемлекеттік мәртебе алды?
  12. «Ақылды» сөзінің түбірі қандай?
  13. Абайдың қанша қарасөзі бар?
  14. Ата Заң күні қашан?
  15. Қазақтың тұңғыш әліпбиін жасаған кім?

ІІ топ

  1. «Бес арыс» деген кімдер?
  2. Жалғаудың неше түрі бар?
  3. Қазақ халқының батыр қыздары кімдер?
  4. Қазақстан қай жылы тәуелсіздік алды?
  5. Қазақ тіліне тән дыбыстар нешеу?
  6. «Тіл туралы» Заң неше баптан тұрады?
  7. Қазақ әдебиетіндегі алғашқы роман қай шығарма?
  8. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
  9. «Көксерек» әңгімесін кім жазған?
  10. Қазақстан Республикасында Тілдер мерекесі қашан?
  11. «Қазақ хрестоматиясын» жазған кім?
  12. Білім және ғылым министрі кім?
  13. Қазақстан жерінен өткен тарихи жолды ата.
  14. «Қазақ вальсінің королі» атанған композитор кім?
  15. Әнұран авторларын ата.

ІІІ топ

  1. Бір жылда туып, бір жылда қайтыс болған үш бәйтерек кімдер?
  2. Қазақстанда зиялы қауымды қуғындау қай жылы басталды?
  3. Қазақ халқының тұңғыш романисі кім?
  4. «Оян, қазақ!» кімнің шығармасы?
  5. Түркістан — қазақ халқының қандай қаласы?
  6. Жаза алмайтын атақты ақын кім?
  7. Шоқанды не үшін «сегіз қырлы» дейміз?
  8. Абайдың туған жылы қай жыл?
  9. Абайдың қандай өлеңдерін білесің?
  10. ҚР-ның астанасы қай қала? Бас қаласы қай қала?
  11. Құлагер кімнің аты?
  12. ҚР-ның рәміздерін ата.
  13. Әл-Фараби дүниеге келген қала қайсы?
  14. «Домбыра» өлеңін кім жазған?
  15. Шахмат ойынына ұқсас қазақтың ұлттық ойыны қалай аталады?

4-кезең («Елші») мәтіні

Мәтінді оқып, аударыңдар.

Сотни тысяч слов в нашем языке, и на первое место я бы поставил три слова: хлеб, труд, народ. Эти три корня, на которых держится наше государство. Это — самая сущность нашего строя. И эти корни так прочно переплелись, что ни разорвать их, ни разделить никогда нельзя. Кто не знает, что такое хлеб и труд, перестает быть сыном своего народа.

5-кезең («Жаңғырған салт-дәстүрлер») сұрақтары

І топ

  1. Нағашы деген кім?
  2. Құдайы тамақ беру деген не?
  3. Ұлттық киімдерді ата.
  4. Беташар туралы не білесің?
  5. Сырға салу деген не?
  6. Ұлттық ойындарды ата.

ІІ топ

  1. Айт мейрамы туралы не білесің?
  2. Құда, құдағи деген кімдер?
  3. Ұлттық тағамдарды ата.
  4. Шілдехана деген не?
  5. Қымыз қалай жасалады?
  6. Қандай салт-дәстүрлерді білесің?

ІІІ топ

  1. Бата беру дегенді қалай түсінесіңдер?
  2. Құда шақыру деген не?
  3. Ақсүйек қандай ойын?
  4. Тұсаукесер (тұсау кесу) деген не?
  5. Қандай туыстық атауларды білесің?
  6. Ораза деген не?

6-кезең («Сен не істейсің?») тапсырмалары

  1. Жаңа сойылған қойдың еті, ішек, тұз, сарымсақ, ағаш, жіп және пышақ берілсе, сен не істер едің?
  2. Майда еттартқыштан өткізілген ет, оқтау-тақтай, жуа, ұн, су және май берілсе, сен не істер едің?
  3. Ет, жуа, ұн, тұз, су, леген, тақтай және пышақ болса, сен не істер едің?

7-кезең («Тапқырлық») мақал-мәтелдер

Берілген мақал-мәтелдердегі жасырын сөзді тауып, жалғастырыңдар. Дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі.

  1. Тіл тас жарады, тас жармаса — бас жарады.
  2. Бал тамған тілден — у тамған.
  3. Тауды, тасты жел бұзар, адамзатты — сөз бұзар.
  4. Жақсы сөз — жарым ырыс.
  5. Қаһарлы сөз — қамал бұзар.
  6. Шебердің қолы ортақ, шешеннің — тілі ортақ.
  7. Жақсы байқап сөйлер, жаман — шайқап сөйлер.
  8. Бас кеспек болса да, — тіл кеспек жоқ.
  9. Дәлелсіз сөз — желмен тең.
  10. Тіл қылыштан — өткір.
  11. Піл көтермегенді — тіл көтереді.
  1. Тілден артық — қазына жоқ.
  2. Ана сүті бой өсіреді, ана тілі — ой өсіреді.
  3. Жыланның уы тісінде, адамның уы — тілінде.
  4. Ең ащы да — тіл, ең тәтті де — тіл.
  5. Өнер алды — қызыл тіл.
  6. Айтылған сөз — атылған оқ.
  7. Жылы-жылы сөйлесең, жылан — інінен шығады.
  8. Басқа пәле — тілден.
  9. Білім кілті — тіл.
  10. Тілге құрмет — елге құрмет.

Қорытынды

Сайыс соңында жеңімпаздар анықталып, марапаттар табысталады. Шараның қорытындысы ән мен күйге, биге ұласып, көтеріңкі көңіл күймен аяқталады.