Бүкіл денем тыныш
Сабақ туралы мәлімет
Мұғалім
Кокогова Айгүл, бастауыш сынып мұғалімі
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ы. Алтынсарин орта мектебі
Пән
Қазақ тілі
Сабақ тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлем
Сабақ форматы
- Түрі: саяхат-сабақ
- Әдістері: сұрақ-жауап, ойын, көрнекілік
- Формасы: жекелей, топпен
Пәнаралық байланыс және көрнекілік
- Пәнаралық байланыс: математика, дүниетану
- Көрнекіліктер: «сиқырлы сандар», қақпалар, ойын элементтері, сызба
Сабақ мақсаты
Білімділік
Жалаң және жайылма сөйлем туралы білімдерін кеңейту, сауатты әрі көркем жазу дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық
Танымдық және шығармашылық тапсырмалар арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, тілін ұштау.
Тәрбиелік
Шапшаңдыққа, уақытты тиімді пайдалануға тәрбиелеу.
Сабақ барысы
Психологиялық ахуал
Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды:
- Балалар, өздеріңді жақсы көресіңдер ме?
- Бір-біріңді жақсы көресіңдер ме?
Осыдан кейін оқушылар бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, мұғалім барлығына сабақта сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту: «Сиқырлы сандар» ойыны
Буындар сандармен жабылады. Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы сандарды біртіндеп ашады (сұрақтар алдын ала үнтаспаға жазылған).
- Сөйлемнің қандай мүшелері бар?
- Тұрлаулы мүшелерге не жатады?
- Тұрлаусыз мүшелерге не жатады?
- Бастауыш дегеніміз не?
- Баяндауыш дегеніміз не?
- Жай сөйлемнің қандай түрлері бар?
- Жалаң сөйлем деген не?
- Жайылма сөйлем деген не?
Жаңа материалмен жұмыс
Оқулықпен жұмыс
Жаттығуларды орындау арқылы «жалаң» және «жайылма» сөйлемді ажырату және кеңейту.
Дәптермен жұмыс
- Күн ретін жазу.
- Көркем жазу.
- Сөздік диктант.
Сөздік диктант
Шаңырақ, аптығу, даяшы, саябақ, қою, еңбек, сымбатты, қарапайым.
Тапсырма
2–3 сөзді қатыстырып, жалаң және жайылма сөйлем құрастыру.
Жаттығулар
115-жаттығу
Үш сөзден құралған жайылма сөйлемдерге қажетті сын есімдерді қосып, төрт сөзден құралған жайылма сөйлемдерге айналдырып жазыңдар:
- Оқушылар озат шопанмен кездесті.
- Жарыс үлкен залда өтті.
- Жас балықшылар көлге жақындады.
- Қатты гүріл алыстан естілді.
116-жаттығу
Ребусты шешу. Шыққан мақалға сөйлем түрлері және сөйлем мүшелері бойынша талдау жасау.
Мақал
Ерді намыс өлтірер.
117-жаттығу (шығармашылық жұмыс)
Суретке қарап әңгіме құрастыру. Тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерді тиісті сызықтарымен белгілеу.
120-жаттығу
Сөздерді толықтыру (ауызша).
Сергіту сәті
Оқушылар орындыққа дұрыс отырып, қолды санға қойып, көзді жұмып, бұлшық етті бос ұстайды. Мұғалім баяу мәтінді оқиды:
- Мен ыңғайлы орналасамын.
- Ешқайда асықпаймын.
- Ақырын және баппен рақаттанып дем аламын.
- Мен тынышталамын.
- Мен тынышпын, маған өте жақсы.
- Денемнің барлық жері тыныш.
- Қолым босаңсиды.
- Бүкіл денем тыныш.
- Денеме өте жағымды әрі ыңғайлы, ол дем алады.
- Мен жақсы дем алдым.
- Қолымнан, аяғымнан, бүкіл денемнен ауырлық сезімі арылды.
- Басым дем алып, сергек күйге келді.
- Өзімді жақсы сезінемін.
- Ақырын көзімді ашамын.
Ой толғаныс: «Кім көп біледі?» ойыны
«Ережелер әлемі» бөлімінде оқушылар төмендегі сұрақтарға жауап береді:
- Сөйлемнің түрін ата.
- Сөйлем мүшелері дегеніміз не?
- Сөйлем мүшелері нешеге бөлінеді?
- Тұрлаулы мүше дегеніміз не?
- Тұрлаусыз мүше дегеніміз не?
- Сөз таптарын ата.
Практикалық талдау (дәптермен жұмыс)
Сөз құрамын талдау
Мұнайшы, өнерпаз, еріншек, кітаптар.
Сөйлем түрі және тыныс белгісі
- Қоңырау соғылды ма?
- Айдана әдемі жазды.
- Табиғат қандай тамаша!
Сөйлем мүшелеріне талдау
- Қыс түсті.
- Жапалақтап қар жауды.
Ереже (электрондық оқулық бойынша)
Жалаң сөйлем
Бастауыш пен баяндауыштан ғана жасалған сөйлем жалаң сөйлем деп аталады.
Жайылма сөйлем
Тұрлаулы мүшелерден басқа тұрлаусыз мүшелері де бар сөйлем жайылма сөйлем деп аталады.
Қорытынды бөлім
Үй тапсырмасы
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау. Күнделікке жазып беріледі.
Бағалау
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. Оқушылар бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс
Оқушылар смайликтерді өздері таңдаған нұсқаға жапсырады.