Тігінші құралы
Сабақтың мақсаты
- Ою-өрнектің шығу тарихы туралы жалпы түсінік беру.
- Ою-өрнек түрлерімен таныстыру.
- Халқымыздың салт-дәстүріне, қолөнеріне терең үңілдіріп, ой-өрісті дамыту.
- Ұлттық ою-өрнек үлгілерін орынды қолдана білуге үйрету.
Үй тапсырмасын сұрау
Төмендегі тест сұрақтарына жауап беріңіз.
-
1) Мата неден тұрады?
-
2) Мата неше түрге бөлінеді?
-
3) Тігін машинасы неше түрге бөлінеді?
-
4) Алжапқышты қандай матадан тігуге болады?
-
5) Адам денесін өлшегенде қай жағында тұру керек?
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу.
- Түгелдеу.
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық
Сөзжұмбақты шешу арқылы жаңа тақырыпқа көшеміз. Оқушылар сөзжұмбақты шеше отырып, бүгінгі сабақтың қандай тақырыпта өтетінін анықтайды.
- 1. Тігіншінің құралы
- 2. Иық бұйымдарының бірі
- 3. Ұлттық бас киім
- 4. Қазақтың ұлттық саз аспабы
- 5. Ертеден бүгінгі күнге дейін жеткен үй жиһазы
- 6. Қалыңдықтың бас киімі
- 7. Ұлттық аяқ киім
Жаңа сабақ жоспары
-
1) Ою-өрнектің шығу тарихы
Ұлттық ою-өрнектің қалыптасуы мен дамуына қысқаша шолу.
-
2) Ою-өрнектің топтары
Тақырыптық және бейнелік топтарға бөлу.
-
3) Ою-өрнектің жасалу жолдары
Оюлау, қию, қиюластыру және кестелеу тәсілдері.
-
4) Сарамандық жұмыс
Қағазды бүктеу арқылы ою үлгісін жасау.
Ою-өрнектің шығу тарихы
Қазақ ою-өрнегінің өзіндік даму тарихы бар. Өте ерте заманда ата-бабаларымыз жазу-сызу кең таралмай тұрған кезде-ақ тау-тасқа әртүрлі белгілер түсіріп, белгілі бір мағынаны білдіріп отырған.
Ғасырлар бойы дамыған ою-өрнек қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде айрықша орын алып, ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан ірі рухани-мәдени мұра ретінде сақталып келеді.
Мысалы, әрбір қазақ шаңырағында сандық, алаша, киіз бұйымдар, құрақ көрпешелер, зергерлік әшекейлер, ат әбзелдері сияқты тұрмыстық және сәндік заттар кездеседі. Олардың көпшілігіне ою-өрнек түсіріліп, көркемдік мән береді.
Негізгі ұғымдар
- Ою
- Бедері түсірілетін үлгіні ойып, кесіп, қиып немесе екі затты оя кесіп, қиюластыру арқылы жасалатын тәсіл.
- Өрнек
- Киім-кешекке, тұскиізге және басқа да қолөнер бұйымдарына кестелеп түсірілетін, сондай-ақ алаша, қоржын сияқты тоқымаларға салынатын геометриялық және бейнелік бедер.
- Ою-өрнек (орнамент)
- Әсемдеу, сәндеу мағынасын білдіретін, арнайы жүйемен құрылып, ырғаққа бағынған өрнек бөлшектерінің жиынтығы.
Сарамандық жұмыс
Орындау жолы
- 1 Қағазды екі немесе үш рет бүктеңіз.
- 2 Бүктелген қағазға оюдың пішінін сызыңыз.
- 3 Сызылған сызық бойымен қиып, оюды ашып көріңіз.
Үйге тапсырма
Қағазды бүктеу әдісі арқылы бірнеше ою үлгісін қиып келу.
Кеңес
Симметрияны сақтау үшін бүктеу сызығы мен қиылатын бөліктердің орналасуына мән беріңіз.