Кезекпен әріп суыралық
Зияткерлік орта, білімге құрмет
Қайырлы таң, қадірлі ұстаздар мен оқушылар! Осы апта бойы мектебімізде дәстүрлі білім апталығы — «Ел ертеңі – бүгінгі мектепте» өтуде. Апталық аясында сіздерді «Эрудит» зияткерлік ойынына қош келдіңіздер деп қарсы аламыз.
Шабыт сөзі
Бұл — білімдінің ғасыры, сараланар адамзаттың асылы. Заман — білімдінің заманы, шәкірттің талабы — таудай. Білімді анықтайтын сайыста сайыскерлердің қадамы сәтті болсын!
Сайыскерлер
-
7 «А» сыныбы
Аружан
Ақылды
-
7 «А» сыныбы
Бағдат
Байсалды
-
7 «Б» сыныбы
Мадина
Мейірімді
-
7 «Б» сыныбы
Дәулет
Дарынды
-
8-сынып
Мұстафа
Математик
-
8-сынып
Нұрбол
Нар жігіт
Сарапшылар
- Урбисенова Алия Қабдырахиқызы
- Орынғалиева Сәуле Отарқызы
- Жұмағалиева Нұрсұлу Ғиниятқызы
Ойын құрылымы: 6 тур
Ойын 6 турдан тұрады. Әр кезеңде жылдамдық, дәлдік және ой ұшқырлығы сынға түседі. Белгілі турлардан кейін ұпайы аз ойыншы ойыннан шығып отырады.
1-тур: Бәйге
10 сұрақ · 10 ұпай
Бұл — ой ашар кезең. Ешбір ойыншы бұл турда ойыннан шығарылмайды.
2-тур: Жалғасын тап
10 мақал · 10 ұпай
Мақал-мәтелдердің жалғасын тез әрі қатесіз айту керек. Тур соңында ұпайы аз 1 ойыншы ойыннан шығады.
3-тур: Кейіпкер келбеті
5 сұрақ · 10 ұпай
Ертегі кейіпкерлері бойынша сұрақтар. Тур соңында ұпайы аз 1 ойыншы ойыннан шығады.
4-тур: Қызықты деректер
4 пән · әр пәннен 3 сұрақ · 10 ұпай
Қалған 4 ойыншы түрлі түсті ұяшықтарды таңдап, пәндік сұрақтарға жауап береді. Тур соңында ұпайы аз 1 ойыншы ойыннан шығады.
5-тур: Кім көп біледі?
Әріптік тапсырма · 5 ұпай
Қалған 3 ойыншыға 3 әріп беріледі. Сол әріптерге байланысты тапсырмалар орындалады. Тур соңында ұпайы аз 1 ойыншы ойыннан шығады.
6-тур: Жорға
15 сұрақ · 1 ұпай
Соңғы 2 ойыншыға 15 сұрақ оқылады. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.
Үкі нышаны: кемеңгерлік пен ақыл
Тақтадан үкінің суретін көресіздер. Үкі — қазақ үшін қасиетті құс. Сенім бойынша, оның қауырсынындағы бедер Құранның құпия түрде жазылған нұсқасына ұқсайды делінеді. Сондықтан ата-бабаларымыз үкі қауырсынын бақ пен береке әкелсін деп, сынға түскен әнші-жыршылардың бас киіміне және домбырасына таққан.
Бүгінгі зияткерлік ойындарда үкі — кемеңгерлік пен ақылдың символы.
Тур үлгілері: сұрақтар мен тапсырмалар
1-тур: «Бәйге» (10 сұрақ)
-
Сұрақ
Балалар туралы жазылған Б. Соқпақбаевтың повесі.
Жауап: «Менің атым Қожа»
-
Сұрақ
Алғаш қағазды ойлап шығарған ел.
Жауап: Қытай
-
Сұрақ
200 теңгенің 25%-ы қанша теңге?
Жауап: 50 теңге
-
Сұрақ
Жансыз заттардан құралған үйлесімді көркемсурет.
Жауап: Натюрморт
-
Сұрақ
«Миллион» сөзін қазақ арасына жеткізген ағартушы.
Жауап: Ы. Алтынсарин
-
Сұрақ
Уақыттың ең кіші өлшем бірлігі.
Жауап: Секунд
-
Жұмбақ
Жоқ өзінде бас та, қас та мойында, ұзындығы жазулы тұр бойында.
Жауап: Сызғыш
-
Сұрақ
Жарық түспейтін кеңістік.
Жауап: Көлеңке
-
Сұрақ
Оқулық беретін орын.
Жауап: Кітапхана
-
Сұрақ
Қазақстанда «Қызыл кітап» қашан шықты?
Жауап: 1977
2-тур: «Жалғасын тап» (10 мақал)
Мақал-мәтелдердің жалғасын тез әрі қатесіз айту қажет. Бұл турдан кейін ұпайы аз алғашқы ойыншы ойыннан шығады.
- Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім іл.
- Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар.
- Екі жақсы қас болмас, екі жаман дос болмас.
- Досыңды үш күн сынама, үш жыл сына.
- Бір елі ауызға, екі елі қақпақ.
- Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз.
- Отыз күн оразаның бір күн айты бар.
- Елу жылда ел жаңа.
- Бір кісі қазған құдықтан, мың кісі су ішеді.
- Алты жыл аш болсаң да, ата-салтыңды сыйла.
Ескерту: 1–2 тур қорытындысын сарапшылар шығарады. Ұпайы аз ойыншымен қоштасамыз.
3-тур: «Кейіпкер келбеті» (5 сұрақ)
-
8 ағасын іздеп шығатын ертегі кейіпкері.
Жауап: Ер Төстік
-
Алдар алдап кеткен Бізбикештің әкесінің аты.
Жауап: Шықбермес Шығайбай
-
Беске дейін ғана санауды білетін кейіпкер.
Жауап: Буратино
-
Тайбурылдың иесі.
Жауап: Қобыланды батыр
-
Мысықтың құйрығын алып қойған қыз.
Жауап: Мақта қыз
3-тур қорытындысын сарапшылар шығарады. Ұпайы аз ойыншымен қоштасамыз.
4-тур: «Қызықты деректер» (ұяшық таңдау)
Қалған 4 ойыншы 4 түсті ұяшықтың бірін таңдайды. Ұяшық ішінде 4 түрлі пән бойынша 3 сұрақтан беріледі. Әр сұрақ — 10 ұпай. Тур соңында ұпайы аз 1 ойыншы ойыннан шығады.
Қызыл ұяшық
Көк ұяшық
Жасыл ұяшық
Сары ұяшық
4-тур қорытындысын сарапшылар шығарады. Ұпайы аз ойыншымен қоштасамыз.
5-тур: «Кім көп біледі?» (әріптік тапсырма)
Қалған 3 ойыншыға 3 әріп беріледі. Сол әріптерге байланысты тапсырмалар орындалады. Әр тапсырма 5 ұпаймен бағаланады.
5-тур қорытындысын сарапшылар шығарады. Ұпайы аз ойыншымен қоштасамыз.
6-тур: «Жорға» (финал)
Соңғы қалған 2 ойыншыға 15 сұрақтан оқылады. Әр сұрақ 1 ұпаймен бағаланады.
1-ойыншы сұрақтары
15 сұрақ
- 1. Әр адамның шағын Отаны — отбасы.
- 2. Ең кіші төрт таңбалы сан — 1000.
- 3. «Жылдан құр қалған» жануар — түйе.
- 4. Адам денесінің тірегі — қаңқа.
- 5. Көкжиектің неше тұсы бар? — 4.
- 6. Бес дұшпан: өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ.
- 7. 7-Азиада өткен қалалар — Астана, Алматы.
- 8. Күйді орындаушы адам — күйші.
- 9. Ақан серінің тұлпары — Құлагер.
- 10. Ақ алтын — мақта.
- 11. Жеті күн — апта.
- 12. Абайдың әжесі — Зере.
- 13. Ұя салмайтын құс — көкек.
- 14. Біржанмен айтысқан ақын қыз — Сара.
- 15. Заттың санын білдіретін сөз табы — сан есім.
2-ойыншы сұрақтары
15 сұрақ
- 1. Ақ сүт берген аналардың анасы — әже.
- 2. Сөз басы — сәлем.
- 3. Отбасының пірі, қара шаңырақ иесі — әке.
- 4. Қуанышты жаңалықты хабарлау — сүйінші.
- 5. Ең зор байлық — денсаулық.
- 6. Тауықтың түсіне кіретін дән — тары.
- 7. Семіздікті көтеретін жануар — қой.
- 8. Қара алтын — мұнай.
- 9. Махамбеттің жолдасы — Исатай.
- 10. Жігіттің үш жұрты — өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты.
- 11. Күй атасы — Құрманғазы.
- 12. Заттың сынын білдіретін сөз табы — сын есім.
- 13. Өз атын өзі шақыратын құс — көкек.
- 14. Қазақстанның тұңғыш ғарышкері — Т. Әубәкіров.
- 15. 0-ден үлкен сандар — оң сандар.
Қорытынды
Сайысқа қатысқандарыңызға көп рақмет! Әрдайым білімімізді шыңдап, ізденістен танбайық.