Жансыз заттар бейнеленген көркем шығарма
Сабақтың тақырыбы: Натюрморт жанры
Білімділік
Оқушыларға натюрморт жанры туралы түсінік беру, образдық бейнелерді салуға үйрету.
Дамытушылық
Живопись өнері және натюрморт жанры бойынша білімдерін тереңдету; есте сақтау, қиялдау және көре білу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік
Бейнелеу өнері мәдениетін таныстыру, эстетикалық тәрбие беру.
Әдістері
- Практикалық жұмыс
- Жазбаша жаттығулар
- Оқушылардың ізденісі
Пәнаралық байланыс
- Геометрия
- Сызу
- Тарих
Көрнекіліктер
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру бөлімі
Сабақ басында ортақ келісім қабылданады:
- Бәріміз өз оқуымыз үшін жауаптымыз.
- Бір-бірімізді тыңдаймыз.
- Бір уақытта бір адам сөйлейді.
- Өз ойымызды еркін бөлісеміз.
- Артық сұрақ болмайды.
- Уақытты тиімді пайдаланамыз.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Оқушылардың жұмыстары тексеріліп, сыныппен бірге талданып, бағаланады.
Сәйкестікті тап
Термин
Көкжиек
Аспан мен жердің қиылысқан сызығы.
Термин
Композиция
Үйлестіру, орналастыру.
Термин
Перспектива
Кеңістікті бейнелеу тәсілінің заңдылықтары.
Тұлға
Ә. Қастеев
Қазақ халқының ұлы суретшісі.
III. Жаңа сабақ: Натюрморт жанры
Кескіндемедегі жанрлар
- Пейзаж
- Портрет
- Тарихи жанр
- Натюрморт
- Маринистік жанр
- Батальдық жанр
- Анималистік жанр
Натюрморт дегеніміз не?
«Натюрморт» — француз тілінен енген сөз, тура мағынасы «өлі табиғат». Бұл жанрға күнделікті тұрмыста кездесетін заттарды, жеміс-жидек пен гүлдерді, сондай-ақ балықтан немесе түз құстарынан дайындалған әртүрлі тағамдарды бейнелейтін картиналар жатады.
Натюрморт алғаш рет XVII ғасырдың басында Голландияда пайда болды. Қазақ бейнелеу өнерінде ұлттық тағамдардың көркем бейнесін белгілі суретші Айша Ғалымбаева өзінің «Дастархан» атты натюрмортында әсерлі жеткізген.
Натюрморт салудың 4 кезеңі
1-кезең
Орналасуын анықтау (компоновка)
Қағаздың орта нүктесін тауып, заттардың шеткі нүктелерін белгілеу.
2-кезең
Құрылымын табу
Нұсқаның толық көрінісін көмекші сызықтар арқылы шығарып алу.
3-кезең
Пішінін айқындау
Жалпы түстерді анықтап, жарық пен көлеңкені белгілеу.
4-кезең
Суретті аяқтау
Палитра көмегімен түстерді нақтылап, жұмысты толықтыру.
IV. Практикалық жұмыс
Оқушыларға өз бетімен жұмыс жасауға уақыт беріледі.
Мұғалім сырттай бақылап, натюрморттың 4 кезеңі бойынша орындалуын қадағалайды.
Сабақта қолданылатын иллюстрациялар
- Суретшілердің натюрморт шығармалары
- Натюрморт долбарлары
- Төрт кезең бойынша орындалған үлгі
V. Бекіту және қорытындылау
«Сиқырлы сандар» ойыны арқылы негізгі ұғымдар қайталанады.
1. Жансыз заттар бейнеленген көркем шығарма
Натюрморт
2. Белгілі оқиғалар мен тарихи кезеңдер бейнеленген шығарма
Тарихи жанр
3. Үйлестіру, орналастыру қалай аталады?
Композиция
4. Соғыс оқиғалары бейнеленген көркем шығарма
Батальдық жанр
5. Адамның бет-пішінін бейнелейтін көркем шығарма
Портрет
6. Жазықтық бетінде бояулар арқылы орындалатын көркем шығарма
Живопись
7. Теңіз, көл сияқты табиғат көрінісін бейнелейтін шығарма
Маринистік жанр
8. Жан-жануарларды бейнелейтін көркем шығарма
Анималистік жанр
VI. Бағалау
Оқушылардың жұмыстары мен сабаққа қатысу белсенділігі ескеріле отырып бағаланады.
VII. Үй тапсырмасы
Тапсырма:
Сабақта басталған суретті аяқтап келу.
Автор туралы мәлімет
Қызылорда қаласы, №112 орта мектеп
Бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі: Байтанова Динара