Пәннің аты

Әдебиеттік оқу 21 оқушы Қатысқаны: 21 Мұғалім: Калакбашова Карлыгаш

Сабақ тақырыбы: «Әйел — ана» (Ақселеу Сейдімбек)

Сілтеме

  • Күнтізбелік жоспар
  • Оқу жоспары
  • Оқулық

Дереккөздер

  • Оқулық
  • Постер
  • АКТ
  • Стикерлер
  • Қосымша материалдар

Жалпы мақсат

Ертегінің негізгі идеясын ашу, оқушылардың өз ойын еркін жеткізуіне мүмкіндік беру. Мәтінмен жүйелі жұмыс арқылы сыни тұрғыдан ойлауға бағыттау.

Күтілетін нәтижелер

  • Ертегінің мазмұнын біледі.
  • Негізгі идеясын түсінеді.
  • Өз ойымен бөлісе алады.

Сабақ барысы

Сабақ оқушылардың оқу белсенділігін арттыруға бағытталған әдіс-тәсілдер арқылы ұйымдастырылады. Әр кезеңде оқушы әрекеті, мұғалім қолдауы және қалыптастырушы бағалау жүйелі түрде қолданылды.

1) Ұйымдастыру және топқа бөлу

Бастапқы кезең

1-топ

Мейірімділік

2-топ

Ерлік

3-топ

Жомарттық

Мұғалім әрекеті

Оқушыларды 3 топқа бөледі, жұмыс ережесін нақтылайды.

Оқушы әрекеті

Топтарға бөлініп, рөлдерді анықтайды.

2) Үй тапсырмасын тексеру: «Ыстық орындық»

5 минут

Мұғалім әрекеті

Үй тапсырмасын бағыттайды. Бір оқушыны «Ыстық орындыққа» отырғызып, өткен сабаққа байланысты сұрақтар қояды.

Оқушы әрекеті

Сұрақтарға жауап береді, қалған оқушылар толықтырады.

Бағалау

Қалыптастырушы бағалау: шапалақтау арқылы қолдау, белсенділікке ынталандыру.

3) Қызығушылықты ояту: «Топтастыру»

2 минут

Негізгі сұрақ

«Ана дегеніміз кім?»

1-топ

Топтастыру (кластер құру)

2-топ

Анаға хат жазу

3-топ

Анаға мінездеме беру

Нәтиже

Оқушылар постер қорғау арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсатын нақтылайды, өз ойларын толықтырады.

4) Мағынаны тану: АКТ және тізбектей оқу

АКТ: 5 минут Оқу: 10 минут

Мұғалім әрекеті

  • Слайд арқылы сурет көрсетеді.
  • «Неге әйел-ана ер адамдарды арқасына көтеріп алған?» деген проблемалық сұрақ қояды.
  • «Әйел — ана» әңгімесін тізбектеп, қатесіз оқуды ұйымдастырады.
  • Топ көшбасшыларына мәтінді өз тобына түсінікті тілмен түсіндіруді ұсынады.

Оқушы әрекеті

  • АКТ материалымен жұмыс істейді, ойын дәлелдеп айтады.
  • Сұраққа толық жауап беруге дағдыланады.
  • Мәтінді тізбектей оқып, топ ішінде мазмұнын түсіндіреді.

Бағалау

«Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы кері байланыс беріледі.

5) Сөздік жұмысы: «Түртіп алу» стратегиясы

10 минут

Негізгі сөздер

Кіріптар
бағынышты, тәуелді
Мұқалту
кемсіту, құнын түсіру
Лағнет
қарғыс айту

Оқушы әрекеті

Әңгімені қайта оқып, таныс емес сөздерді қарындашпен белгілейді. Мағынасын түсіндіреді, қажет болса мұғалімнен немесе басқа топтан сұрайды.

Бағалау

Ұпай жинау және шапалақтау арқылы қолдау.

6) Шығармашылық жұмыс

5 минут

1-топ

Төрт жол өлең құрастыру

2-топ

Ана туралы шағын эссе жазу

3-топ

Ана туралы мақал-мәтелдер жазу

Оқушы әрекеті

Әр топ өз жұмысын дайындап, тақтада қорғайды.

Бағалау

«Екі жұлдыз, бір тілек» тәсілі қолданылады.

7) Үй тапсырмасы

2 минут
  • Мәтінді оқу.
  • Мазмұндап келу.
  • Оқулықтағы 3-тапсырманы орындау.

8) Рефлексия және қорытынды бағалау

3 минут

Бағалау үдерісі

Топ басшыларының бағалауымен танысып, әр оқушы өз нәтижесін қорытындылайды.

Ескерту

Оқушылардың жас ерекшелігі ескеріледі. Үй тапсырмасы күнделікке жазылады.