Білем деме, балам
Кіріспе сөз
Қазан айы — жалпыға міндетті білім айы. Білімді болу дегеніміз не? Білімді болу — бәрінен бұрын адам болу. Өмірдегі барлық жақсылық білімнен бастау алады. Білім — сенің серігің, өмірлік жолдасың.
Адам өз керегін, ой-арманын, талап-тілегін тек білім арқылы ғана қанағаттандыра алады. Ақын Өтебай Тұрманжанов айтқандай: «Білем деме, балам! Білмейтінің көп шығар. Бәрін білген адам дүниеде жоқ шығар». Ендеше көп білуге ұмтылайық.
Білім айы — «Білім — таусылмас қазына» апталығы
Жандияр
Уа, жарандар, жарандар! Мына бізге қараңдар! Мінекей, залда тыныштық — естілмейді дыбыс түк. Мұны біз де қоштаймыз, кешіккенді тоспаймыз. Білім айы талапқа қанат беріп, «Білім — таусылмас қазына» атты апталықты бастаймыз.
Жауқазын
Балалар, оқуға бар, жатпа қарап, жуынып, киініңдер, шапшаңырақ! Тауық та шақырды әлдеқашан, терезеден күн де жылтырап қарап тұр.
Адам да, ұшқан құс та, жүрген аң да — жұмыссыз тұрып қалған жан жоқ. Кішкене қоңыз да жүр жүгін сүйреп, аралар да ұшып барады балға.
Балалар, бұл жол басы — даналыққа. Келіңдер, түсіп байқап, қаралық та. Бұл жолмен өзіңдей көп бара жатыр — соларды көре тұра қалалық па?
Даналық — өшпес жарық, кетпес байлық. Жүріңдер, іздеп тауып алалық!
Дамир
Мендік ойға келіссең, танылады ер іспен. Өнерліге — жол ашық, білімдіге — өріс кең.
Сағынай
Білім жолы — асқақ ән. Жаман оқу жат маған. Біліміме сенем де, болашаққа аттанам.
Аймереке
Оқу елге керек пе, керексіз бе — болды дау… Жар салып әлемге соғылды бір қоңырау. Ол — Ыбырай атаның қоңырауы болатын. Жарық етті әлемді, қараңғы еді дала тым.
Жырын жаттап жатамыз жалықпастан қыс-жазы: ұлы Ыбырай атамыз — ұстаздардың ұстазы. Көп елге ұран тастар: «Кел, балалар, оқылық!» — деген сөзін көңілге ықыласпен тоқылық.
Мәншүк
Кітап керек — білім таңдап аларға, білім керек — іске дұрыс қарауға. Кітап — шырақ, қара түнді ашатын; білім — жарық, нұрын саған шашатын.
Жерден ауыр дегеніміз — ақыл-білім,
Судан терең дегеніміз — оқу-ғылым.
Хор (ән)
Оқудан сен жалықпа — білім беру айлығы басталыпты, балалар. Білімдіден шыққан ғой барлық дана бабалар.
Қайырмасы:
Жалықпа, сен жалықпа — оқы, тоқы, арманда.
Бәрін білген балаға жақын болар алыс та.
Перизат
Білімменен арайланса таң күліп, мектебімді жырлап өтем ән қылып. «Білімді мыңды жығар» деген сөз бар — сол үшін де оқи берем мәңгілік.
Дильназ
Адамдық — борышың, халқыңа еңбек қыл. Ақ жолдан айнымай, ар сақта — оны біл. Талаптан да, білім мен өнер үйрен: білімсіз, өнерсіз болады ақыл тұл.
Жандияр
Қарағым, оқу оқы, босқа жүрме! Жастайынан оқу оқып, өнер қуған — жан жетпес, көңілі жүйрік кемеңгерге.
Алижан
Ғылым жолы бірде жеңіл, бірде қатты — ақыл-ойлар әлемді арбап алды. Математика — ғылымдар патшасы, таңырқатып аңыз қылған адамзатты.
Келер ұрпақ даналарға ұқсап тұрса, Омар Хаям, әл-Фараби жолын қуса — елімнің болашағы гүлденеді, ғылымның шамшырағы жанып тұрса.
Аймереке
Мектептен аларың — білім.
Қай-қайдан табарың — білім.
Мазданып жанарың — білім.
Бәрінен табарың — білім.
Хормен:
Білімнің мініп алып тұлпарына,
Қиналмай шығу керек шыңдарына.
Хор (ән)
Білім керек бәріне. Кемені біз басқарсақ шіркін-ай, көк жүзіне біз самғасақ шіркін-ай! Тауды бұзып, тасты жарып, мұхиттарды жалғасақ шіркін-ай!
Қайырмасы:
Сырлары көп ғылымның — шешілмеген әлі де.
Тереңдігі білімнің — керек екен бәріне.
Таңдандырар біз егер де бар елді, ғажап үйлер біз сала алсақ егер де. Жасартатын біз егер де әжені — дәрі ойлап таба алсақ шіркін-ай!