Мәтін мазмұнын мазмұндау
Пән: ана тілі
Тақырыбы: «Сен ұйықтап жатқанда» (Бердібек Соқпақбаев)
Сабақтың мақсаты
- Бердібек Соқпақбаев туралы мағлұмат бере отырып, мәтінді түсініп оқуға және ойды анық жеткізуге үйрету.
- Сөйлемді дұрыс құрауға, ойды жинақтап, тиянақтап айтуға дағдыландыру.
- Дамылсыз еңбек ететін мамандықтармен таныстыра отырып, еңбекқорлыққа және шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер
Сұрақ-жауап, талдау.
Көрнекіліктер
Интерактивті тақта, суреттер.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық («Жүректен – жүрекке»): Оқушылар сабаққа зейін қойып, іштей бірнеше рет қайталайды: «Мен жақсы адаммын, мен мейірімдімін!»
Бір-біріне қарап, жылы жымиып амандасады.
Өлең шумағы
Күнге қолымды созамын, Күн жылуын аламын. Жүрегіме басамын, Айналама шашамын.
II. Үй тапсырмасын тексеру
- Өлеңді жатқа айту: «Туған ел».
- Ақын туған даласын кімге теңейді?
- С. Сейфуллин кім? Суретті пайдаланып, ақын ойын түсіндіріп көр.
III. Өткенді қорытындылау
Талқылау сұрағы: Неліктен табиғатты «ана» деп атаймыз?
IV. Жаңа сабаққа дайындық
Киноүзінді
«Менің атым Қожа» фильмінен үзінді көрсету.
Ой қозғау
- Фильм туралы пікірлерін тыңдау.
- Фильм түсірілуіне негіз болған повесті жазған кім?
V. Мақсат қою кезеңі
Сабақтың тақырыбы мен мақсаттары хабарланады. Бүгін Бердібек Соқпақбаевтың «Сен ұйықтап жатқанда» мәтінімен танысамыз.
VI. Жаңа сабақ
1) Автормен танысу
Слайдтағы суреттер топтамасына сүйене отырып, Бердібек Соқпақбаев туралы әңгімелеу.
2) Мәтінді түсініп оқу
Әр бөлімде не туралы айтылғанын анықтау, негізгі ойды табу.
3) Оқушылардың оқуы
Іштей оқу, тізбектей оқу, дауыстап оқу.
4) Мазмұндау
Мәтін мазмұнын жүйелі түрде әңгімелету.
5) Сұрақтар мен тапсырмалар
Талдау сұрақтары арқылы түсінгенін бекіту.
Сергіту сәті
Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары.
VII. Түсінгендерін тексеру
Тапсырма: мәтін мазмұнын төмендегі жоспар бойынша әңгімеле.
а) Арнаулы тұрақ
Көліктердің арнаулы тұрағы.
ә) Баспахана
Газет-журналдар шығаратын орын.
б) Жедел жәрдем
Дәрігерлер көрсететін шұғыл көмек.
в) Байланыс бөлімдері
Алыс-жақын хабарларды жылдам жеткізетін қызмет.
Дәптермен жұмыс
Жоспарды дәптерге жазу.
VIII. Бекіту
Суретпен жұмыс
- Суретте қандай жұмыс түрлері көрсетілген?
- Мәтін мазмұнына сүйеніп, сурет бойынша әңгіме құрастыр.
Сұхбат және ойтолғау
- Дамылсыз еңбек ететін мамандықтар туралы не білесіңдер?
- Болашақта кім болғыларың келеді?
- Бердібек Соқпақбаевтың қандай шығармаларын білесіңдер?
Сын тұрғысынан ойлау
«Нені білдім? Нені білгім келеді?» кестесі бойынша қорытынды жасау.
IX. Үй тапсырмасы
Мәтінді оқу, мазмұнын әңгімелеу.
95-бет.
Бағалау
Оқушылардың сабаққа қатысуы мен тапсырмаларды орындауына қарай бағалау жүргізіледі.