Шөлдегі салқын мезгілде өсетін өсімдіктерді ата

Сабақтың тақырыбы

«Биосфера» тарауын қайталау сабағы.

Сабақтың мақсаты

  • Оқушылардың «Биосфера» тарауы бойынша алған білімі мен дағдысын тексеру, жүйелеу.
  • Ойды жинақтап жеткізу, өз бетімен еңбектену, ойлау қабілетін дамыту.
  • Картамен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру.
  • Жолдастарына көмек беруге, пәнге қызығушылықты арттыруға, тапқырлық пен табандылыққа тәрбиелеу.
  • Табиғи ортаны аялай білуге және экологиялық сауаттылыққа баулу.

Құрал-жабдықтар

  • Физикалық жарты шарлар
  • Қазақстанның физикалық картасы
  • Слайдтар, сызбалар
  • Оқушылардың жұмыстары

Сабақтың түрі

Жарыс сабағы.

Пәнаралық байланыс

Биология, қазақ әдебиеті.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру және топтастыру

I топ

«Қыран» тобы

Ұран

«Білгенің — бір тоғыз, білмегенің — тоқсан тоғыз».

Мақсаты

«Білген сайын келеді біле бергім, біле беру емес пе — тілеп елдің».

II топ

«Қызғалдақ» тобы

Ұран

«Күш — білімде!»

Мақсаты

«Туған жерді сүю — парыз. Сүю үшін білу — парыз».

II. Үй тапсырмасын тексеру

Алдыңғы сабақтағы материал бойынша сұрақ-жауап жүргізіліп, негізгі ұғымдар мен анықтамалар қысқаша қайталанады.

III. Кіріспе әңгіме

Сұрақ

Жердің сыртқы қабықтарын атаңдар.

Жауап: атмосфера, гидросфера, литосфера, биосфера.

Жер — Күн жүйесіндегі тіршілік бар жалғыз ғаламшар. Онда жануарлар, өсімдіктер, адамдар және көзге көрінбейтін майда ағзалар тіршілік етеді. Осы тірі ағзалар мекендейтін әрі олардың әсерінен өзгеріске ұшырайтын ерекше қабық биосфера деп аталады.

Адамзат тіршілік әлемін зерттеу барысында ағзалардың өзіндік ерекшеліктерін, даму заңдылықтарын және қоршаған ортамен байланысын анықтады. Тірі ағзалар белгілі ортада өмір сүреді: жер бетінде, жер қойнауында, теңіз суларының терең қабаттарында және атмосфераның төменгі бөліктерінде кездеседі.

Атақты орыс ғалымы В. И. Вернадский зерттеулері негізінде тірі ағзалардың маңызы аса зор екенін, олардың Жердегі көптеген өзгерістерге тікелей қатысатынын дәлелдеді.

Негізгі ұғым

Биосфера — тірі ағзалар мекендейтін және олардың тіршілік әрекеті нәтижесінде өзгерген Жер қабығы.

Жарыс кезеңдері

1) «Тапқыр болсаң, тауып көр» — сөзжұмбақ және жұмбақтар

Тапсырма

«Биосфера» сөзіне қатысты сөзжұмбақ құрастырып, төмендегі сипаттамалар бойынша ұғымдарды табыңдар.

  1. 1. Сүйегі бар, қаны бар. (Жануар)
  2. 2. Түрі шар сияқты, бірақ жануар емес; түсі қан сияқты; дәмі бал сияқты. Шие
  3. 3. Бастапқы өнімді түзуші. (Өндірушілер)
  4. 4. Күші бар, «тісі» бар; түнде жортып, ауылды торуылдайды. Қасқыр
  5. 5. Жыл мезгілдерінің алмасуына байланысты тірі табиғаттың маусымдық дамуын зерттейтін ғылым. Фенология
  6. 6. Үстінде «көйлек» бар, түрлі түсті; көргенді қызықтырады. Көбелек
  7. 7. Қара киім киіп алып, балшықтан үй салады. Қарлығаш
  8. 8. «Екі үн сезгіші бар, тоқсан жол торабы бар…» — ең күрделі жүйелердің иесі. Адам
  9. Қосымша: Органикалық заттарды ыдырататын тіршілік иелері. Микроағзалар

2) «Бәйге» — жылдам сұрақтар

Ойын

Өлең жолдары

Менің өлкем — атадан мирас хат маған,

Ақылды сөзін жадымда жастай сақтаған.

Көне беттерін күрсініп, ауыр аударып,

Жаңа парағын жадырап, жайнап ақтарам.

Алатау, Алтай, Арқа, Арқалық —

Өлкемнің байтақ қуанышын, достар, ал танып.

Қазақстан — шаттықтың елі шалқыған,

Қарсы алған күліп, арайлы туған әр таңым.

Қазақстан — батырлар елі, ер елі.

  1. 1. Қандай тірі организмдер бірінші пайда болды?
    Жауап нұсқалары: балық, жәндік, құс.
  2. 2. Қазақстан қандай табиғат зоналарында орналасқан?
    Орманды дала, дала, шөлейт, шөл.
  3. 3. Шалғын деген не?
    Шөптесін өсімдіктер өсетін жер.
  4. 4. Шалғында қандай жануарлар көп?
    Жәндіктер.
  5. 5. Далада қандай жануарлар ұйқыға кетеді?
    Саршұнақ, кірпі, суыр.
  6. 6. Шөлдегі салқын мезгілде өсетін өсімдіктерді ата.
    Қияқ, қазжуа.
  7. 7. Қандай орманның аңқыған хош иісі бар?
    Қарағайлы орман.
  8. 8. Теректі ауданы қандай табиғат зонасында орналасқан?
    Шөлейт.
  9. 9. Юбилейный ауылында қандай өсімдіктер кездеседі?
    Оқушы жауабы.
  10. 10. Біздің ауылда қандай жабайы жануарлар кездеседі?
    Оқушы жауабы.

3) «Кім тапқыр?» — әріптерді орын ауыстыру

Логика

Берілген сөздердегі әріптердің орнын ауыстырып, Қазақстандағы өсімдіктер мен жануарлардың атауларын табыңдар.

1

БызжалЖалбыз

2

ШұнсарақСаршұнақ

3

СанжуЖусан

4

СқырқаҚасқыр

5

ДенебөБөдене

6

НәркөкКөкнар

7

БормикМикроб

8

КіребеБекіре

4) «Кім жылдам?» — тест

Бағалау
  1. 1. Биосфера географиялық қабықтың қандай бөлігі болып саналады?

    • а) организмдер қоныстанған бөлігі
    • ә) атмосфера, жер бедері
    • б) мантия, ядро
  2. 2. Жердегі организмдер қай қабаттарда таралған?

    • а) жер қыртысы, ядро
    • ә) ноосфера, гидросфера
    • б) литосфера, стратосфера
  3. 3. Ең құнарлы топырақ:

    • а) күлгін
    • ә) қарашірік
    • б) қараша
  4. 4. Табиғат компоненттерінің қайсысы бір-бірінсіз өмір сүре алмайды?

    • а) су, ауа
    • ә) ауа, өсімдік, топырақ
    • б) ауа, топырақ, жарық
  5. 5. Ең үлкен табиғат кешендері:

    • а) көл, өзен
    • ә) тау, жазық
    • б) материк, мұхит
  6. 6. Планетамыздың органикалық заттарды ыдырататын «санитарлары»:

    • а) микроағзалар
    • ә) құстар
    • б) жануарлар
  7. 7. Қазақстан аумағында дала мен шөл зонасының арасында орналасқан табиғат зонасы:

    • а) шөлейт
    • ә) саванна
    • б) орман
  8. 8. Өсімдіктердің жер бетінде қанша түрі бар?

    • а) 600 мың
    • ә) 400 мың
    • б) 500 мың
  9. 9. Жануарлардың қанша түрі бар?

    • а) 500 мың
    • ә) 1 млн
    • б) 2 млн
  10. 10. Жердегі алғашқы өте қарапайым ағзалар қанша жыл бұрын пайда болды?

    • а) 2 млрд
    • ә) 1 млрд
    • б) 3 млрд
  11. 11. Қазақстандағы ең ыстық жер:

    • а) Қызылқұм
    • ә) Бетпақдала
    • б) Үстірт
  12. 12. Дала құсы дуадақтың салмағы:

    • а) 14 кг
    • ә) 16 кг
    • б) 26 кг
  13. 13. Қазақстан аумағының 40%-ын алып жатқан табиғат зонасы:

    • а) дала
    • ә) шөлейт
    • б) шөл
  14. 14. Шөлде жазда топырақ қанша градусқа дейін қызады?

    • а) 70
    • ә) 20
    • б) 100
  15. 15. Өсімдік жапырақтарындағы жасыл пигмент:

    • а) ядро
    • ә) вакуоль
    • б) хлорофилл

IV. Қорытындылау

Қазылар алқасы екі топтың жинаған ұпайларын салыстырып, жеңімпаз топты анықтайды. Сондай-ақ белсенді қатысқан оқушыларды атап, мадақтайды.