Сөзді өзгерт

Тақырыбы

Баланың тілін дамытуда ойынның атқаратын маңызы

Мақсаты

  • Баланың логикалық ойлауын, есте сақтауын және танымдық қабілетін арттыру.
  • Дұрыс сөйлеуіне жағдай жасау, ойын жүйелі әрі нақты жеткізуге дағдыландыру.
  • Топпен және өз бетінше жұмыс істеу қабілетін дамыту.
  • Жұмбақ шешу, жаңылтпаш айту арқылы шешім қабылдауға, өзіндік пікірін дәлелдеуге баулу.

Сабақтың барысы

I. Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,
Қолды алға созайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.

Бүгін дұрыс сөйлеу, ойымызды тиянақты жеткізу үшін дыбыстармен ойын ойнаймыз. Бізге қонаққа «А» дыбысы келді.

II. Жаңылтпаш айту

1-жаңылтпаш

Айта-айта жақ талды,
Қайта-қайта жатталды.
Қайта-қайта жақ талды,
Айта-айта жатталды.

2-жаңылтпаш

Қаштым қатты-ақ,
Ұшты қалпақ,
Балақ сатпақ,
Аяқ батпақ.

III. «Сөзде неше дыбыс бар?»

Оқушылар сөздердің құрамындағы дыбыстар санын анықтайды:

алма алша асық Айман аспан бала бақша жазу

IV. Жұмбақтар шешу

Алты қырлы,
Алтын сырлы.

Жауабы: қалам

Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса, аттама.

Жауабы: кітап

V. «Жалғасын тап»

Туған жердей жер болмас,
Туған елдей болмас.

Оқу — білім бұлағы,
Білім — өмір .

Талаптыға жауар.

VI. «Артығын тап»

Суреттегі жануарлардың ішінен артығын табады және неліктен артық екенін түсіндіреді.

VII. «Сөзді өзгерт»

«Қарлығаш» сөзінен бірнеше жаңа сөз құрастыру.

VIII. «Ұйқасын тап»

Оқушылар берілген үлгілер бойынша ұйқас сөздерді табады:

Үлгі

А — Ә

Сан — с..н

Үлгі

Ә

Ар — ..р

Үлгі

Ә

Бары — б....рі

Қорытынды

  • Бүгін біз қандай ойындар ойнадық?
  • Қай ойын сендерге көбірек ұнады? Неліктен?