Білімдік мақсаты: оқушыларға көсемшелердің жасалу жолы бойынша алған білімдерін пысықтау
Сабақтың құрылымы
Бұл қорытынды сабақта көсемше тақырыбы бойынша білім бекітіліп, сұрақ-жауап және талдау жұмыстары арқылы оқушылардың дағдысы нығайтылады. Тапсырмалар слайд және қағаз форматында ұсынылады.
Ұйымдастыру кезеңі
- Сабаққа дайындық, қатысым мен тәртіпті реттеу.
- Оқушыларды 4 топқа бөлу.
- Әр топтан топ басшысын сайлау.
- Бағалау үшін топ басшыларына бағалау парақшасын тарату.
Сабақ жоспары (слайд бойынша)
- 5-сабақ
- Білім мен іскерлік дағдыны бекіту
- «Білім биржасы» — бекіту ойыны
- Қорытынды
«Білім биржасы»: деңгейлік тапсырмалар
Әр тапсырмаға арналған дайын дәптер (немесе жауап парағы) беріледі. Төмендегі сұрақтар арқылы оқушылар көсемшенің анықтамасын, қызметін және грамматикалық ерекшеліктерін нақтылайды.
ІІІ деңгей
Негізгі ұғымдар1) Көсемше дегеніміз не?
Негізгі қимыл-амалды айқындайтын, қосымша қимылды білдіретін етістіктің түрі көсемше деп аталады.
2) Көсемше мезгіл, мақсат, себеп, амал мәнін білдіріп, қай сөз табында болады?
Мезгіл, мақсат, себеп, амал мәнін білдіріп, сөйлемде көбіне үстеу қызметінде жұмсалады.
3) Көсемшеге жалғанбайтын жалғауларды атаңыз.
Көсемшеге көптік, септік, тәуелдік жалғаулары жалғанбайды.
ІІ деңгей
Ереже және қолдану1) Көсемше жұрнақтарын атаңыз.
- Жұрнақтар: -а -е -й
- Жұрнақтар: -ып -іп -п
- Жұрнақтар: -ғалы -гелі -қалы -келі
2) Көсемше сөйлемдегі қызметіне қарай қандай сөйлем мүшелерінің қызметін атқарады?
Көсемше сөйлемде қызметіне қарай баяндауыш және пысықтауыш қызметінде жұмсалады.
Мысалдар
- • Ол маңғаздана сөйлейді.
- • Ол тез сөйлейді.
3) Көсемше қандай жалғауды қабылдайды? Мысал келтіріңіз.
Көсемше жіктік жалғауын қабылдайды.
Мысал
Ол жалт қарапты.
Автор туралы
№189 орта мектептің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Сәрсенбаева Нұргүл