Шай ішу

7-сынып • Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Шай ішу. Септеулік шылаулар

Сабақтың мақсаты

  • Білімділік

    Лексикалық тақырыппен таныстыру; әңгімелеу; тақырып бойынша оқушылардың сөздік қорын толықтыру; сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін дұрыс қолдануға үйрету; оқулық материалынан тыс кең түсінік беру. Септеулік шылауларды қайталау.

  • Дамытушылық

    Оқушылардың ой-өрісін және ойлау қабілетін дамыту; сөйлеу мәдениетін қалыптастыру; ізденіс жұмысын жүргізуге үйрету; қазақ тіліне қызығушылығын және белсенділігін арттыру.

  • Тәрбиелік

    Шай ішудің адам денсаулығына пайдасын түсіндіру; жұрт алдында еркін сөйлеуге тәрбиелеу.

Әдістер мен құралдар

Сабақтың әдістері

Әңгімелеу, мәнерлеп оқу, сұрақ-жауап, шығармашылық ізденіс.

Қолданылатын құралдар

Компьютер, интерактивті тақта, презентация, флипчарт.

1-бөлім. Ұйымдастыру

Сабақтың басталуы

  1. 1

    Сәлемдесу.

  2. 2

    Кезекшінің мәліметі.

  3. 3

    Күз мезгілі туралы әңгімелеу.

Жұмбақ-өлең

Балалар, мен жұмбақ-өлең оқимын. Мұқият тыңдап, не туралы екенін айтыңдар.

Шөп сарғайып, Өңі тайып, Дала сұры қашады. Бой жаза алмай, Ойнай алмай, Денең мұздап тоңады. Айтыңдаршы, балалар, Бұл қай кезде болады?

Дұрыс жауабы: күз.

Сұрақ-жауап

1

Жыл мезгілдерін атаңдар.

2

Күз айларын атаңдар.

3

Күзде табиғатта қандай өзгерістер болады?

Қорытынды (кластер): «Күз»

Түстердің өзгеруі, жапырақтың түсуі, салқын жел, күннің қысқаруы, жауын-шашын, құстардың жылы жаққа ұшуы.

2-бөлім. Үй жұмысын тексеру

Сұрақ-жауап (кофе тақырыбы)

Кофенің шығуы туралы не білесіңдер?
Кофенің шығуы туралы көптеген аңыздар бар.
XVII ғасырдың басында кофені Батысқа кім әкелді?
XVII ғасырдың басында Венеция көпестері Батысқа көп мөлшерде кофе әкелді.

3-бөлім. Жаңа сабақ

Мұғалімнің кіріспе сөзі

Балалар, бүгін біз ас туралы тақырыпты жалғастырып, шай туралы әңгімелесеміз. Шайдың қайдан шыққанын еске түсіреміз, оны дұрыс демдеу ережелерімен танысамыз және қазақ тіліндегі жалғаулар мен шылау сөздерді, әсіресе септеулік шылауларды қайталаймыз.

1) Жаңа сөздер

Қазақша Орысша
сусын напиток
қою густой
демдеу (шай шығару) заваривать
кірден тазартатын заттар чистящее средство
қайнату кипятить
құрғақ сухой
сіңіру впитывать

Жұмыс түрі: мұғалім оқиды, оқушылар хормен қайталайды.

2) Мәтінмен жұмыс: «Шай»

Шайдың отаны — Қытай. Ол Еуропаға кофемен бірге бір ғасырда әкелінген. Шай көптеген елдерде аса сүйікті сусынға айналды. Қою демделген шай ағзаға кофе сияқты әсер етеді.

Шаймен бірге қант, конфет, лимон, кілегей беріледі. Одан кейін бутерброд, кекс, печенье, жемістер ұсынылады. Қонаққа шай беру үшін арнайы ыдыс қажет. Шай құюға фарфор мен қыш ыдыстар, сондай-ақ күміс ыдыс та жарайды.

Ыдысты сода қосып, тек ыстық таза сумен жуады. Химиялық кір кетіргіш заттар қолданылмайды. Шай демдеу үшін шәйнекті алдын ала ыстық сумен шайып алу керек. Құрғақ шайға қатты қайнаған ыстық су құйып, дастарқанға әкелердің алдында 5 минуттай тұндырып қояды.

Шайды қақпағы бар жабық ыдыста сақтау қажет, өйткені ол иісті оңай сіңіріп, дәмінен айырылып қалады.

Жұмыс түрі: мұғалім мәнерлеп оқиды, оқушылар тізбектей оқиды.

3) Сұрақ-жауап (мәтін бойынша)

1

Шайдың отаны қай ел?

2

Шай қай ғасырдан бастап Еуропада белгілі болды?

3

Шайды немен бірге беруге болады?

Кластер тапсырмасы

«Шай ішу» дегенде көз алдарыңа не елестейді? (мысалы: дастарқан, отбасы, қонақ, бауырсақ, тәттілер, жылы әңгіме, дәстүр).

4) Сергіту сәті

Тербеледі ағаштар, Алдымнан самал еседі. Кіп-кішкене ағаштар Біп-биік боп өседі.

Қимыл-қозғалыс нұсқаулығы

  • Ағаштар тербеледі: екі қолды созып, оңға-солға тербелу.
  • Қаттырақ тербеледі: екі қолды жоғары созып, қаттырақ тербелу.
  • Кіп-кішкентай ағаштар: тізені бүгіп, төмен отыру.
  • Үлкен болып өседі: қолды кең жаю.
  • Биік болып өседі: қолды жоғары көтеру.

5) Сурет бойынша әңгіме құрау

Жетекші сұрақтар

  • Шайды немен ішеді?
  • Суретте кімдер бар?
  • Бір сөзбен қалай айтамыз?
  • «Отбасы» сөзінің синонимдерін атаңдар.
  • Дастарқан үстінде не тұр?
  • Отбасы мүшелерінің көңіл-күйі қандай? Неліктен?

Үлгі жауаптар (ауызша сөйлеуге тірек)

Суретте ата, әке, ана отыр. Бір сөзбен айтқанда, бұл — отбасы.

«Отбасы» сөзінің синонимдері: жанұя, семья, шаңырақ.

Шайды анасы құйып отыр. Дастарқанда таба нан, бауырсақ, құрт, сүт бар.

Олардың көңіл-күйі жақсы, өйткені «Шай ішсең — көңіл жай» деген мақал бар.

6) Грамматикалық тапсырмалар

Тапсырма 1

Қарамен жазылған сөздерді қалай атаймыз? (шылау сөздер)

Тапсырма 2

Септеулік шылаулары бар сөйлемдерді дұрыс құрастырып, бастауыш пен баяндауыштың астын сызыңдар.

Сөйлемдер

  • Шаймен бірге қант, конфеттер, лимон, кілегей беріледі.
  • Қонаққа шай беру үшін арнайы ыдыс керек.
  • Шай құюға фарфор, қыш, сонымен бірге күміс ыдыс та жарайды.

7-бөлім. Қорытынды

Шайды дұрыс демдеу ережелері

  1. 1

    Шай демдеуге арналған арнайы ыдыс болуы керек.

  2. 2

    Шәйнекті алдын ала ыстық сумен шайып алу қажет.

  3. 3

    Дастарқанға әкелмес бұрын, шайды 5 минуттай тұндырып қояды.

  4. 4

    Шайды қақпағы бар жабық ыдыста сақтау керек.

8-бөлім. Үй жұмысы

Жазба тапсырма

Өз отбасыларыңдағы шай ішу рәсімі туралы шағын әңгіме құрастырып жазыңдар.

Тірек сөздер

дастарқан, қонақ, бауырсақ, шай құю, үлкенді сыйлау, әңгіме, дәстүр, отбасы.