Сөзің семсер, ойың орда бұзады
Жүргізушілердің кіріспе сөзі
I жүргізуші
Сөзің — семсер, ойың — орда бұзар. Өзің едің өлең-жырдың қыраны. Кітабыңды сөреден көрген сәтте-ақ көңілімнің құрағы желкілдеп қоя берді. Сиясы әлі кеппеген көкпарыңды оқымақ болып, қолыма еппен алдым. Оқығанда атой салған жырыңды — жүзім жылып, оттай ыстық денем елжіреді.
II жүргізуші
Қазақстанның халық жазушысы, Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының иегері. Қазақстан Республикасының алғашқы Әнұраны мәтінінің авторларының бірі — ақын, жазушы, публицист, сыншы, драматург Қадыр Мырзалиевтің шығармашылығына арналған «Қазақ поэзиясының алып айсбергі» атты әдеби кешімізге қош келдіңіздер!
Ақын тұлғасы және шығармашылық жолы
I жүргізуші
Ақын — халықтың перзенті. Сезімі ұшқыр, ойы терең, әлеуметтік мүддесі биік, интеллектуалдық қарымы кең, сөз патшалығының феномені атанған ақынның өмірі мен шығармашылық жолын 11 «Ә» сыныбы таныстырады.
Бөлім:
Баяндама оқылады.
II жүргізуші
Туған елден бастапсың-ау жыр басын,
Туған жырың сыр айтысар сырласың.
Мен неліктен іркілемін жырламай,
Асқар таудай алдыңда сіз тұрғасын.
Туған жер: қасиет пен рух
I жүргізуші
Халқымыздың атамекенді ардақтау сезімі өте терең. Олар үшін туған жерді қасиет тұту — қанға сіңген мінез, ежелгі дәстүр. Туған жер дегенде қаны қызбайтын, жүрегі елжіреп кетпейтін адам бола қоймас. Ендеше, ақынның туған жер тақырыбындағы поэзиясына кезек берейік.
Орындау:
3 оқушы өлең оқиды.
Музыкалық нөмір:
Ән.
I жүргізуші
«От ішінде, өрт ішінде жүргенде, басыңды име, тізе бүкпе, именбе! Ер еңкейсе, еңкейеді жалғыз-ақ туған жердің топырағын сүйгенде» — деген жолдарда туған жер қасиеті айқын танылады. Бұл — патриоттық ұғымның поэзия тілімен берілген асқақ сәулесі.
Табиғат: туған жермен мәндес ұғым
II жүргізуші
Халық ұғымында «табиғат» сөзі «туған жер» деген мағынамен астасып жатады. Табиғат тарылып, өзен-өзек азайып, теңіз тұнбаға айналып, орман шыбыққа шақталғанда, ақын мұңын өлеңмен былайша шырқайды.
Орындау:
3 оқушы өлең оқиды.
Музыкалық нөмір:
Ән.
Ана туралы жыр
I жүргізуші
Тұрғанмен, ана, алшақта,
Ұмытпайды ұлың парызды.
Көңілім менің сен жақта,
Компастың тілі тәрізді.
Ендігі кезекті ақынның ана тақырыбындағы поэзиясына береміз.
II жүргізуші
Музыкалық нөмір:
Ән — «Асыл әжем».
Махаббат: мәңгі тақырып
I жүргізуші
Махаббат тақырыбы — қай халыққа да ортақ. Ол әр үйдің есігінен еніп, терезесінен жарық болып түсетін мәңгілік ұғым. Ал қазақтың Қадыры үшін бұл — ешқашан ескірмейтін, әр кітабынан жаңаша танылатын тақырып.
Қос қарашық мені көріп жанбаса,
Бақыт деген — бақыт емес, далбаса.
Өмірді шын сүйем деген — өтірік,
Өле сүйген бір адамың болмаса.
II жүргізуші
«Жүрегіңе сен де ие, мен де ие, махаббатпен ойнама — ол киелі! Ғашықтықтың азабын тартқан жанды қатарына қосар ем әулиенің» — деген ақын сөзі оқырманды өзгеге емес, өзіне ғашық қылғандай. Махаббат отына өртенгенін де, суығына тоңғанын да батыл айтады, бірақ байыптан аспайды.
Көрініс/оқылым:
Нұрбол мен Ақтілек.
Музыкалық нөмір:
Ән.
Адам, ар-ождан және философиялық толғам
II жүргізуші
Адам деген ардақты атты қанаттыға қақтырмай, аяқтыға алдырмай әлдилеу — ақынның ғасыр алдындағы абыройлы ісіндей.
I жүргізуші
Ақын тереңнен тыныстап, ғұмырнамалық мұратын танытады. Әсіресе адамның ар-ожданы төңірегіне топтастырылған толғаулары кім-кімді де еріксіз ойландырады. Ендеше, ақынның философиялық ойларына кезек берейік.
Орындау:
2 оқушы.
Әдеби орта пікірі және драматургия
II жүргізуші
Қазақ әдебиетіндегі жыр саңлақтары жүрек тұсымыздағы өлең иесі туралы не дейді екен?
Драмалық шығармалары (1 томдық жинақтан):
- «Сақал саудасы»
- «Қасқыр қақпан»
- «Жаралы жолбарыс»
- «Әмір Темір»
- «Төле би» (либретто)
Келесі бөлім:
«Төле би» либреттосынан үзінді ұсынылады.