Балалар сендерге мынандай сұрақ

Сабақ тақырыбы: «Ұстаз — ұлы тұлға»

Сабақтың мақсаты

  • Білімділік: оқушылардың білімін толықтырып, жаңа мәліметтер арқылы түсінігін қалыптастыру.
  • Дамытушылық: ерік-жігерді, қабілет пен белсенділікті дамыту; танымдық қиындықтарды жеңуге ұмтылдыру.
  • Тәрбиелік: балаларды адамгершілікке, әдептілікке баулу; ұстаздар қауымына құрметпен қарап, мұғалім еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі

Аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдер

Әңгімелесу, сұрақ-жауап, пікірталас.

Көрнекілік құралдар

  • Буклет
  • Ұлағатты сөздер
  • Ұлы ұстаздардың суреттері: Ы. Алтынсарин, А. Байтұрсынұлы

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Мұғалім сөзі

Ұстаз — жас ұрпақтың рухани сәулеткері, қоғам мен халық өз үміті мол болашағын табыстайтын сенімді өкіл. Ұстаздар сол сенімді ақтай отырып, зерделі де зерек, парасатты, ұлттық және адамзаттық құндылықтарды бойына дарытқан тұлғаларды тәрбиелейді.

М. Жұмабаевтың «Әрбір елдің келешегі мектебіне байланысты» деген ойы тәуелсіз Қазақстанның тарихи-әлеуметтік, мәдени-рухани болмысын дамытуда және ұлттық мектепті қалыптастыруда ұстаз еңбегінің айрықша екенін айғақтайды.

Ұстаз еңбегін тек оқушы ғана емес, ұлы жазушылар да бағалап, талайы өз шығармаларына арқау еткен. Ендеше, ұстаз туралы өлең-жырлардан үзінді оқып көрейік.

Өлең жолдары

Ұстаз болу — жүректің батырлығы,

Ұстаз болу — сезімнің ақындығы,

Азбайтұғын адамның алтындығы.

Мұғалім деген — ерекше тұлға, дар шың,

Ұмытылмастай көңілде мәңгі қалатын.

Мұғалім деген — аяулы адам, асыл жан,

Шәкірт көңілінде күн болып жайнап жанатын.

Мектептің басты тұлғасы, жүрегі — мұғалім. Егемен еліміздің ертеңін ойлар білімді де саналы, Отанын, туған жерін, ұлтын сүйетін ұлтжанды, парасатты азамат тәрбиелеуде ұстаз еңбегінің орны орасан.

Алдын ала тапсырма

Оқушыларға «Ұстаз — ұлы тұлға» тақырыбында шығарма жазу тапсырылған. Сабақта оқушылар өз жұмыстарын оқып, ой бөліседі.

Проблемалық сұрақтар

Бір минутқа өзімізді мұғалім деп елестетейік: осы сыныпта отырған әрқайсың әр пәннен сабақ беретін ұстазсыңдар. Төмендегі жағдайларда қандай шешім қабылдар едіңдер?

  1. 1) Тәртіп пен өзара сыйластық

    Сабақ түсіндіріп тұрған кезде артқы партадағы оқушылар сөйлесіп, айналасына кедергі келтіріп отыр. Тіпті тыңдап отырған оқушыға да тыныштық бермейді. Мұндай жағдайда ұстаз ретінде қандай әрекет жасар едіңдер?

  2. 2) Ашық сабақ алдындағы дайындық

    Ашық сабақ өткізгелі жатырсыңдар: тапсырмалар алдын ала берілген, сабаққа завуч пен директор шақырылған. Дайындықты тексергенде сыныптың көбі әзір емес. Бірі «тапсырманы жоғалтып алдым» дейді, енді бірі «ертең сабаққа келмеймін» дейді. Осындай жағдайда қандай шара қолданар едіңдер?

  3. 3) Диктант кезіндегі жауапкершілік

    Диктант жаздырмақшысыңдар. Диктантты оқып беріп, жазуға кіріскен сәтте бір оқушы «қаламсабымды ұмытып кетіппін» дейді, екіншісі «жазғым келмейді» дейді. Мұндайда ұстаз қандай шешім қабылдауы керек?

Осы проблемалық жағдаяттарды талқылай отырып, оқушылар мұғалім еңбегінің жауапкершілігін сезінеді: ұстаз болу — тек білім беру емес, сондай-ақ тәрбие, талап, әділдік және түсіністік тең ұсталған үлкен өнер.

Қорытынды бөлім

Ән

«Ұстазым» әні барлық оқушының орындауында шырқалады.

Сабақты бекіту

Оқушылар бүгінгі сабақтан қандай ой түйгенін айтады: ұстазға құрмет, білімге жауапкершілік, бір-біріне сыйластық.

«Ұстаздық қылған жалықпас, үйретуден балаға», — деген ұлы Абай сөзімен сабақты аяқтаймыз: ұстаздар үйретуден жалықпасын, оқушылар үйренуден жалықпасын.