Кенен ата сөзіне бес жолды өлең құрастыру
Пәні және сабақ тақырыбы
- Пән
- Әдебиеттік оқу
- Сынып
- 4-сынып
- Тақырып
- Мырзатай Жолдасбеков. «Тоқсан жастағы тарлан»
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
- Кенен Әзірбаев және оның өнері, ән құдіреті туралы мәтінді оқыта отырып, қазақ халқының тарихы мен тұрмыс-салты туралы мағлұмат беру.
- Көркем сөздер, қара сөздер және нақыл сөздердің мағынасын ашып, оларды орынды қолдануға үйрету.
Дамытушылық
- Өнер адамдары туралы білімді кеңейту.
- Ән мен өнерге қызығушылықты арттыру.
- Сыни тұрғыдан ойлау арқылы сөйлеу тілін дамыту.
Тәрбиелік
- Кенен ата әндерінің құдіретін сезінуге ықпал ету.
- Өнер адамдарын құрметтеуге, қадірлеуге баулу.
- Адамгершілікке тәрбиелеу, туған ел тарихын қастерлеуге үйрету.
Сабақ ресурстары
Көрнекіліктер
- Кенен Әзірбаев туралы буклет
- Кітаптар
- Үнтаспа: «Бозторғай» әні
Пәнаралық байланыс
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылар шеңберге тұрып, Ө. Ақыпбековтың «Өзіңді тану» өлеңін бірге қайталайды.
Жақсы болу — өзіңнен,
Жаман болу — өзіңнен.
Өзіңді өзің ая да,
Өзің үйрен, өзіңнен.
«Мен қандаймын?» деп ойла.
Өзіңді өзің қолыңа ал,
Өзіңсің — ақыл айнасы.
Тиеді саған мәні бар
Өзіңді тану пайдасы.
2) Үй тапсырмасын қорытындылау
- Өткен сабақтағы «Оқушы дана Абайды» өлеңін қайталау.
- «Оқимын мен де Абайды» тақырыбы бойынша құрастырылған шумақтарды оқыту.
3) Қызығушылықты ояту
Топқа бөлу
- 1-топ: Домбыра
- 2-топ: Қобыз
- 3-топ: Жетіген
Мұғалім топ атауларының мәніне қысқаша тоқталып, ортақ тақырыпқа жетелейді.
Сұрақтар арқылы бағыттау
- Топ атаулары қандай тақырыппен байланысты?
- Сабақ не туралы болуы мүмкін?
- Қандай белгілі композиторларды білесіңдер?
Мұғалім музыка сабағымен байланыстыра отырып, қазақ халқы өнер адамдарына әрдайым құрметпен қарағанын атап өтеді. Күй мен әнді халыққа жеткізген композиторлар ерекше қадірленген.
Тыңдалым
«Бозторғай» әнін тыңдау.
- Әннен қандай әсер алдыңдар?
- Көз алдарыңа не елестеді?
- Оқиға қай кезеңде болған деп ойлайсыңдар? (Тарихқа шолу, дүниетанумен байланыс.)
- Бұл ән кімнің туындысы болуы мүмкін?
Мұғалім Кенен Әзірбаев туралы қысқаша мәлімет береді. Сондай-ақ ақынның қызы Төрткеннің әке мұрасын насихаттап, халыққа жеткізіп жүрген ұрпақтарының бірі екені айтылады.
4) Мағынаны тану
Мәтін түсініп оқылады. «Түртіп алу» стратегиясы қолданылады.
Сөздік жұмысы
- Сіңірі шыққан кедей
- Өте кедей.
- Бұғанасы қатпай жатып
- Кәмелет жасқа жетпей.
- Үзеңгілес серігі
- Бірге жүрген жолдасы.
Талқылауға арналған сұрақтар
- Кенен ақынға сипаттама беріңдер. Оның бойындағы қандай қасиеттер ерекше байқалады?
- «Ел басына қайғы түскен қараңғы түнек» деген тіркесті қалай түсінесіңдер?
- Ақын нені армандады? Арманына жетті деп ойлайсыңдар ма?
5) Сергіту сәті
Мынау менің — жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау — басым ақылды,
Бәрін осы басқарған.
Мынау менің — оң қолым,
Мынау менің — сол қолым,
Барлық істі атқарған.
6) Дәптермен жұмыс
Мәтіннен ақынның балаларға берген батасын тауып, мәнерлеп оқыңдар. Оны өздеріңе арналған тілек ретінде қабылдап, дәптерге көшіріп жазыңдар.
7) Ойтолғау (топтық жұмыс)
1-топ
«Кенен Әзірбаев» бойынша топтастыру
Тұлға, өнері, мінез-құлқы, тарихи кезеңмен байланысы сияқты тірек ұғымдарды біріктіріп, кластер құрыңдар.
2-топ
«Ән құдіреті» тақырыбында эссе
Әннің адам сезіміне әсерін, рухани қуатын және халық жадындағы орнын дәлелмен жазыңдар.
3-топ
Кенен ата сөзіне бес жолды өлең
Негізгі ойды қысқа әрі нұсқа жеткізетін бес жолды өлең құрастырыңдар.
Топтар жұмыстарын қорғайды. Ортақ талқылау барысында ойлар жинақталып, дәлелдер мен тұжырымдар салыстырылады.
8) Қорытынды
Сабақ соңында сұрақтарға жауап беріліп, Кенен атаның бата сөздерімен түйін жасалады:
Білім таппай, білгіш болма,
Көрінгенге күлгіш болма,
Қорқақтаған қоян болма,
Қуыс кеуде ноян болма...
Кенен ата әндерін жүрекпен ұғып, жүрекпен айта білейік.
Үй тапсырмасы
Кенен ата туралы қосымша мәліметтер жинастыру.
Бағалау
Сабақта белсенділік танытқан және топтық жұмысты сапалы орындаған оқушылар бағаланады.