Ақмола округтік приказы
Пәні мен тақырыбы
Пән
Қазақстан тарихы (8-сынып)
Сабақ тақырыбы
Ақмола бекінісінің салынуы мен дамуы
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Қаланың іргетасының қалану тарихын, оның саяси-стратегиялық және экономикалық маңызын түсіндіру. Ақмоланың тәуелсіз Қазақстан тарихындағы қазіргі мәртебесіне назар аударту.
Дамытушылық
Әртүрлі тарихи кезеңдердегі оқиғаларды салыстыру дағдыларын жетілдіру, логикалық ойлауды дамыту, тарихи картамен жұмыс істеуге үйрету.
Тәрбиелік
Туған жерге сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін қалыптастыру, эстетикалық талғамды тәрбиелеу.
Сабақ форматы
Сабақтың түрі
Аралас сабақ
Әдісі
Интерактивті жұмыс, компьютермен жұмыс
Көрнекілігі
Карта, сызба
Пәнаралық байланыс
География, әдебиет, ғылыми зерттеу
Негізгі түсініктер
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
- Сыныпты ұйымдастыру.
- Оқу құралдарын тексеру, түгелдеу.
- Оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру.
Үй тапсырмасын тексеру (сұрақтар)
- Қазақстанда хан билігі қандай жағдайда жойылды?
- 1822 жылы шыққан «Сібір қырғыздары туралы жарғының» басты мақсаты — қазақтың дәстүрлі саяси жүйесін жою және аумақтық басқаруды өзгерту. Осы пікірді растайтын деректер келтіріңдер.
- Картадан округтік приказдарды және Кіші жүздің үш бөлігін көрсетіңдер. Орта және Кіші жүз қазақтары қай генерал-губернаторларға бағынды?
Жаңа тақырыпты меңгеру жоспары
1) Дайындық және әкімшілік құрылым
- Жаңа округтің ашылуына дайындық жұмыстары.
- Ақмола округтік приказының құрылуы және қызметі.
2) Сауда және қала мәртебесі
- Ақмоланың аймақтағы ірі сауда орталығына айналуы.
- Округтік қаланың мәртебесі және оның маңызы.
3) Зерттеу жұмысы және дереккөздер
«Ақмола энциклопедиясы» және қала тарихына арналған қосымша әдебиеттер негізінде оқушыларға шағын ізденіс жұмыстарын ұйымдастыру. Сабақта тәуелсіз Қазақстанның жаңа астанасының тарихына қатысты тың деректерді міндетті түрде пайдалану.
Ізденіс барысында астананың әскери бекініс ретіндегі тарихына ерекше мән беріледі.
Топтық тапсырмалар
1-топ: Ақмола бекінісі — географиясы және табиғи ортасы
Тақырып бойынша хабарлама дайындаңдар:
- Жалпы мәліметтер
- Рельефі
- Климаты
- Су ресурстары
- Жер бедері
- Халқы
2-топ: Ақмола округтік приказы — аймақтағы ірі орталық
Тақырып бойынша хабарлама дайындаңдар:
- Жаңа басқару тәртібі
- Экономикасы
- Архитектурасы және қала құрылысы
- Халқы
- Білім беру ісі
3-топ: Қаланың қалыптасу тарихы (уақыт сызығы)
Тізбекті сақтай отырып, қала атауы мен мәртебесінің өзгеруін сипаттаңдар: Ақмола бекінісі → Ақмола округтік приказы → Ақмола → Целиноград → Ақмола → Астана.
Нені көрсету керек
- Жылдар
- Қаланың мәртебесі
- Архитектуралық ескерткіштер
Бағыт
«Астананың ақ таңы» тақырыбы аясында Қазақстан Республикасы астанасының қалыптасу тарихын қысқа деректермен толықтырыңдар. Мәліметтерді карта, кесте, қысқа уақыт сызығы немесе тезистер түрінде ұсынуға болады.
Қорытынды және бағалау
Қорытындылау
Оқушылардың топтық жұмыстарын тыңдау, нәтижесін талқылау, негізгі тұжырымдарды жинақтау.
Бағалау
Топтық жұмысқа қатысу белсенділігі, дәлел келтіруі, карта және дереккөздермен жұмыс сапасы, қорытындыны анық жеткізуі бойынша бағаланады.
Үй тапсырмасы
Сәулет ескерткіші бойынша шағын зерттеу
- Әртүрлі дереккөздерді пайдаланып, сәулет өнері ескерткіштерінің біріне байланысты сурет немесе иллюстрация дайындаңдар.
- Авторын (сәулетшісін), ғимараттың атауын, көркемдік деңгейін және маңызын қысқаша сипаттаңдар.