Раушан - гүлдердің патшайымы

Психологиялық дайындық: «Менің көршім» ойыны

Оқушылар қасындағы көршісі туралы жылы лебіз айтып, жағымды атмосфера қалыптастырады. Мақсат — бір-біріне қолдау көрсету, сенімді қарым-қатынас орнату және сабаққа дайындықты күшейту.

Тұсаукесер: жұмбақ шешу

Жұмбақ 1

Көрік берер бөлмеге,
Хош иісін сыйлайды.
Туған күн кештерінде,
Сыйлыққа да сыйлайды.

Осы гүлдің отаны — Қазақтың кең даласы.
Көктемде дала құлпырып,
Қып-қызыл болар қарашы.
Кенелтіп жүр пайдаға,
Голландияда көшетті.

Жауабы: қызғалдақ

Жұмбақ 2

Жапырағын ұстасаң — асты суық, үсті жылы.
Дәрі жасар бұл гүлден,
Емдер күйік, тынысты.

Жауабы: түймедақ

Ой қозғау

Сұрақ: Гүл туралы не білеміз?

Бұл бөлімде оқушылар гүлдің табиғаттағы, мәдениеттегі және адам көңіл күйіне әсер етудегі орнын талқылайды.

Негізгі бөлім: қызығушылықты ояту

Аңыз: бәйшешек — үміттің нышаны

Ерте заманда жер бетінде қатал қыс ұзаққа созылып, қақаған аяз кетпей қояды. Сол кезеңде тау бөктеріндегі жертөледе шағын отбасы өмір сүріпті. Отағасы жанұясын асырау үшін жұмыс іздеп алысқа аттанып, әйелі мен екі перзенті оны күтіп қалады.

Қаңтар айының аяғында ұл бала қатты ауырып қалады. Әбден шарасы таусылған ана тәуіпке жүгінеді. Тәуіп баланы емдеу үшін жаңа көктеген гүлдер мен жапырақтар керек екенін айтады.

Анасының қайғысына шыдай алмаған әпкесі емшіге қажет өсімдіктерді іздеп жолға шығады. Бірақ айнала тұтас мұз құрсанып, қалың қар басқан екен. Бойжеткен қорқынышқа беріліп, не істерін білмей отырып қалып, көз жасына ерік береді де, Құдайға жалбарынады.

Жүректен шыққан ыстық жас қарды тесіп, жер түбіне жетіп, нәзік гүлдерді — бәйшешектерді оятады. Олар қардың қалың қабатын жарып, өздеріне жол салып, ақырында жер бетіне қылтиып шығады. Қыздың жасы тамған әр жер аппақ гүлдермен көмкеріледі.

Сұлу бойжеткен бәйшешектерді теріп алып, үйіне жеткізеді. Сол күннен бастап інісі айығып кетеді. Содан бері бәйшешек үкілі үміттің, жаңарудың және мейірімнің нышаны саналады.

Жаңа ақпарат: гүл — әсемдік символы

Гүл — әсемдіктің символы. Гүл арқылы біз көңіл күйімізді көтереміз, бір-бірімізге қуаныш сыйлаймыз және ізгі ниетімізді білдіреміз.

Раушан — гүлдердің патшайымы

Раушан — жалынды махаббаттың, құрмет көрсетудің және сүйкімділіктің нышаны. Ежелден-ақ ең сәнді, ең қадірлі өсімдіктердің бірі саналған. Оның сұлулығы да, түсінің байлығы да, аңқыған хош иісі де ерекше.

Деректерге сүйенсек, Конфуций еңбектерінде ежелгі Қытайдың патшалық кітапханасында раушан туралы 600 кітап болғаны айтылады. Ол дәуірдің өзінде қытайлықтар раушан майын дайындау тәсілін жақсы меңгерген.

Б.з.д. 372–287 жылдары өмір сүрген Теофраст раушанның жабайы және бақта өсетін түрлерін ажыратып сипаттаған. Ал Алтай қорғандарынан (б.з.д. V–IV ғасырлар) раушан бейнеленген күміс тиындар табылған.

Практикалық бөлім: гүлді өз қолымызбен жасау

Материалдар

Гүл жасауда әртүрлі материалдар қолданылады: таспа, қағаз, фетр, фоамиран және басқа да қолөнерге арналған құралдар.

Бүгінгі таңдау: фоамиран

Фоамиран — беті тегіс, жұмсақ синтетикалық материал. Қазіргі уақытта сұранысқа ие материалдардың бірі және қолөнерде кеңінен пайдаланылады.

Шығармашылық жұмыс

  • Қауіпсіздік ережелері: жұмыс алдында таныстырылып, сақталады.
  • Технологиялық карта: қадамдық нұсқаулық бойынша орындалады.
  • Визуалды айғақтар: үлгілер, суреттер, дайын бұйымдар арқылы түсіндіріледі.

I топ: раушан гүлі

Топ технологиялық карта көмегімен фоамираннан раушан жасап үйренеді.

II топ: түймедақ гүлі

Топ технологиялық карта көмегімен фоамираннан түймедақ жасап үйренеді.

Бағалау

Оқушылар жұмыс нәтижесін критерийлер бойынша топ ішінде өзара бағалайды.

Қорытынды және рефлексия

Білдім

Гүлдердің мәні, символикасы және олардың адам көңіл күйіне әсері туралы қорытынды жасайды.

Түсіндім

Аңыздағы үміт пен мейірім идеясының мағынасын талдап, сабақпен байланыстырады.

Қолданам

Фоамиранмен жұмыс істеу дағдысын тәжірибеде қолданудың жолдарын жоспарлайды.

Оқушылар өз білімін және шығармашылық жұмыс нәтижесін қорытындылап, кері байланыс береді.