Мектебіммен мақтанамМен, Нұрлан Жансая Бақытбекқызы, Қызылорда қаласы, Мерей мөлтек ауданындағы 211 А. Байтұрсынов атындағы орта мектептің 2 В сыныбында оқимын
Мектебіммен мақтанам
Мен, Нұрлан Жансая Бақытбекқызы, Қызылорда қаласы, Мерей мөлтек ауданындағы
№ 211 А. Байтұрсынов атындағы орта мектептің 2 "В" сыныбында оқимын. Біздің мектебіміз қаланың батыс бөлігінде, Сырдария өзеніне жақын маңда орналасқан.
Мектебіміздің ашылғанына 25 жылдай уақыт өтіпті. Осы жылдарда мектебімізден талай шәкірт түлеп ұшты. Былтыр ғана екі оқушы "Алтын белгіні" иеленді. Мырзабекова Салтанат пен Нағметулла Айдос деген түлектерді мектебіміз мақтан тұтады. Сондай - ақ біздің мектепте үйірмелер, спорт секциялары жұмыс жасайды. Мектеп оқушылары интеллектуалдық сайыстардан, өнер байқауларынан да жүлделі орындарды иеленіп жүр. Мен осындай мектепте оқығанымды мақтан етемін.
Өнер, білім үйреніп,
Болашаққа барамын.
Бәсекеде әлемдік
Қазақ атын жазамын.
Жақсы оқып сабақты,
Кілең бестік аламын.
Соғылғанда қоңырау
Дайын дәптер, қаламым.
Үзілісте шуламай,
Тыныш қана жүреміз.
Апайымыз мақтаса,
Тек жымиып күлеміз.
Мектеп біздің екінші
Үйіміз деп санаймыз.
Үйімізде тәртіптің
Орнағанын қалаймыз.
Оқуда, еңбекте
Үлгі бол сен көпке!
Бақыт та, байлық та
Барлығы еңбекте.
Қызылорда қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2011 жылғы 1 шілдедегі қорытындылары туралы АҚПАРАТ
Жергілікті қаржылар
Бастауыш білім беру жүйесінде білім сапасын мониторинглеу
Күрделі қаржы бюджетін оңтайландыру
Педагогикалық процестің жеке бағдар негіздері педагогикалық технологиясы
Бағдарламалы оқыту технологиясы
Әміре Әрін өмірі мен шығармашылығы
Қай жаңғырту мен тану бұрын қабылдағандарды қалпына келтіру процесі
Ұлы жібек жолының географиясы мен туристік мүмкіндіктері
Қызылорда облысының экономикалық потенциалы
Бу қазандықтары мен шаң дайындау жүйелері есебі
ТҰМАР
Тасымалдау шаруашылығын ұйымдастыру
Аурудың тұрақтылығы және даму себебі
ТҮМЕН ҰЛЫ МҮДЕ ҚАҒАН
Қазіргі дүниежүзінің саяси картасы
МЫҢЗЫҚҰЛЫ ЕДІЛ ҚАҒАН
Дербес компьютерлердің шығу тарихы