Айырманың мәнін тап

Сабақтың мақсаттары

Бұл сабақта оқушылар екі таңбалы сандарды қосу және азайту тақырыбы бойынша негізгі ұғымдарды қайталап, білімдерін бекітеді. Тапсырмалар ойын форматында ұйымдастырылып, жылдамдық, дәлдік және түсіну деңгейі қатар дамытылады.

Білімділік

  • Ондықтар мен бірліктерден құралған сандарды дұрыс жаза білу.
  • Сандар қатарын (тура және кері) білу, алдыңғы және кейінгі сандарды анықтау.
  • Қарапайым есептердің өткен түрлерін шығара білу.
  • Есеп құрастыру, шығару және берілгенге кері есеп құрастыра білу.

Дамытушылық

  • Математикалық ойлау стилін, зейін мен есте сақтау қабілетін дамыту.
  • Білімді өмірлік жағдайларда қолдануға бағыттау.
  • Қоршаған құбылыстарды жалпылау арқылы түсіндіретін ғылым ретінде математиканың рөлін ұғындыру.
  • Ой-өрісті кеңейту, шығармашылық пен қиялды дамыту.

Тәрбиелік

  • Зеректікке, шапшаңдыққа, адамгершілік пен мейірімділікке тәрбиелеу.
  • Оқу-білімге құштарлықты, ізденімпаздық пен еңбекқорлықты қалыптастыру.

Сабақтың барысы

I

Психологиялық дайындық

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
  • Бір-біріне сәттілік тілеу.
II

Қызығушылықты ояту

«Гүлдерге орналастыр» ойыны

Сандарды алдымен кему, кейін өсу ретімен орналастыр:

51 47 26 48 36

«Ой қозғау» стратегиясы

«Қай мысал шешілді?» ойыны: тақтадағы мысалдардың ішінен көрсетілген жауапқа сәйкес келетінін табу.

5 + 2 4 + 6 6 − 6 10 − 3 8 + 2 7 + 1 8 + 1 6 − 2

Қызықты есеп (ауызша)

Шатырда 7 антенна бар. Электр маманы оның 4-еуін ғана бекітті. Қалғанын оның ағасы бекітті. Ағасы қанша антенна бекітті?

Шешуі: 7 − 4 = 3

Қосу және азайту кестесін қайталау

  1. 7 мен 2-нің айырмасы неше?
  2. Азайғыш: 10, азайтқыш: 3. Айырманың мәнін тап.
  3. 5-ті 3 бірлікке арттыр.

«Кім жылдам?» ойыны

Оқушылар 3 топқа бөлінеді. Әр топ есептерді мүмкіндігінше жылдам әрі дұрыс орындайды.

I топ

  • 9 − 1
  • 8 + 1
  • 6 + 4
  • 70 − 10

II топ

  • 10 − 1
  • 9 + 1
  • 5 + 4
  • 60 − 10

III топ

  • 8 − 1
  • 7 + 1
  • 5 + 4
  • 50 − 10

«Техника жәрмеңкесі» ойыны

Тапсырма: есепті шығару арқылы қажетті затты «сатып алу».

Есеп → Нәтиже → Таңдау

1-топ тапсырмалары

  • (7 + 2) + 1 Қағаз
  • (5 + 5) − 5 Компьютер
  • (7 + 2) − 5 Телефон

2-топ тапсырмалары

  • 5 + (4 − 2) Ұялы телефон
  • 6 − (4 + 1) Факс
  • (10 − 3) + 3 Фотоаппарат
III

Сергіту сәті

Оң қолымда 5 саусақ
Сол қолымда 5 саусақ
Алақанды ашайық
5-ке 5-ті қосайық
Нешеу болар барлығы?

IV

Бекіту тапсырмалары

Екі таңбалы сандарды жаз

Берілген ондық пен бірліктен сан құрастыр.

2 ондық, 6 бірлік
3 ондық, 0 бірлік
5 ондық, 6 бірлік
3 ондық, 9 бірлік

«Допты қақпаға кіргізу» ойыны

Үш топ есептерді шығарып, ұпай жинайды.

I топ

  • 53 + 30
  • 85 − 30

II топ

  • 35 + 40
  • 75 − 40

III топ

  • 46 + 50
  • 96 − 50

Мәтінді есеп

Алаңға футбол ойнауға Алматы командасынан 12 адам, Астана командасынан 10 адам шықты. Барлығы неше футболшы қатысты?

Қосымша: кері есепті ауызша құрастыр.

V

Рефлексия

«Құстарды танисың ба?» тапсырмасы

Құстың атын тауып, астындағы есепті шығар.

Сәйкестендіру + есептеу

Қарға

62 + 30

Тауық

43 − 20

Үйрек

65 − 20

Тоқылдақ

45 + 20

Қаз

36 − 10

Сауысқан

92 − 30

Бірқазан

23 + 20

Кептер

46 − 10

Аққу

85 − 20

Шығармашылық тапсырма

«Ойлан, тап»: шаршының айнадағы көшірмесін түсір.

Қорытындылау

Үй тапсырмасы

8-бет, №2.

Бағалау

Оқушылар бір-бірін өзара бағалайды (дәлдік, жылдамдық, белсенділік).