Топқа түрлі түсті қағаз арқылы бөліну
Сабақтың тақырыбы
Қағаздан гүл жасау
Сабақтың мақсаты
Оригами тәсілі арқылы гүл жасауды меңгерту.
Білімділігі
Қағазды бүктеу тәсілдері арқылы лалагүлді құрастырып үйрену; ең тиімді әрі қарапайым әдісті меңгеріп, әдемі өнер туындысын жасау.
Дамытушылығы
Қол икемділігін дамытып, ойлау және танымдық қабілеттерін арттыру; бейімділігін қалыптастыру; сөздік қорын молайту.
Тәрбиелігі
Әсемдікке баулу, сабақта алған білімді өмірде қолдануға тәрбиелеу және табиғатты қорғауға үйрету.
Сабақ туралы мәлімет
- Сабақтың түрі
- Жаңа білімді меңгерту
- Технологиясы
- Сын тұрғысынан ойлау
- Сабақтың әдістері
- Түсіндіру, ассоциация құру, синквейн әдісі
- Пәнаралық байланыс
- Дүниетану, ана тілі
- Көрнекілігі
- Интерактивті тақта, тақырыпқа сай суреттер мен мәліметтер, гүлдер, гүл жасау жолдары (нұсқаулық).
- Қажетті құрал-жабдықтар
- 35 см × 35 см форматтағы түрлі түсті қағаз, скотч.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру
Психологиялық дайындық
Қане, шеңбер құрайық,
Дөңгелене тұрайық.
Ұнаған түсті таңдап алып,
Тобымызды табайық.
Оқушылар түрлі түсті қағаз арқылы топқа бөлінеді.
II. Қызығушылықты ояту
1) Мақалды толықтыр
Дала — ... қадірлі, Ана — ... қадірлі.
2) Жұмбақты шеш
Құлпырса, қадірлейді, аялайды,
Қураса, сыпырғышқа жарамайды.
Жауабы: Гүл
3) Өлеңді мәнерлеп оқы
Үй гүлі
Өз қолыммен ыдысқа
Отырғыздым үй гүлін.
Сабақтарын қып-қысқа,
Терезеден сүйді күн.
Топырағын қопсытып,
Мезгілімен суардым.
Жапырақ жайып өсті тік,
Қызыға қарап жүр әркім.
Оразақын Асқар
Ортақ ой
Берілген тапсырмалардың ортақ тақырыбы — гүл.
Ассоциация құру: «Гүл»
III. Мағынаны тану
Лалагүл туралы қысқаша мәлімет
Лалагүл (Lilium) — лалагүл тұқымдасына жататын көпжылдық, жуашықты өсімдік. Қазақстанда кездесетін түрі — бұйра лалагүл (L. martagon). Ол Алтай, Тарбағатай және Жетісу (Жоңғар) Алатауында таралған.
Орманды, таулы, шалғынды жерлерде өседі. Биіктігі 60–100 см, сабағы түкті. Жапырағы таспа немесе қандауыр пішінді, ұзындығы 8–10 см, ені 1,5–2 см.
Гүлдері ірі, жеке немесе шашақ гүлшоғырына топтасады. Ашық қызыл, қызыл-сары түсті, қара дақтары бар, түтік не қоңырау пішінді, ұзындығы 13–15 см, хош иісті. Жемісі — қауашақ, көп тұқымды. Маусым–шілдеде гүлдейді.
Лалагүл ертеден әсемдік үшін қолдан өсіріледі. Одан медицинада дәрі жасалады, бояу алынады, жуашығы тағамға жарамды, гүлінен ара бал жинайды, эфир майы өндіріледі.
Гүлшоқтары үшін жаппай жинау және пиязшықтарын жиі қазу лалагүл санының азаюына әкелді. Сондықтан ол Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.
Практикалық бөлім
- Гүлді жасау кезеңдерімен (нұсқаулықпен) таныстыру.
- Тренинг: «Мен гүлмін» — әр топтан бір оқушы өзін гүлге теңеп, оның қасиетін сипаттайды.
IV. Рефлексия
Синквейн әдісі
Не?
Гүл
Қандай?
Әдемі, хош иісті
Не істейді?
Гүлдейді, аңқиды, құлпырады
4 сөзден тұратын сөйлем
Гүл өссе — жердің көркі.
Синоним
Өсімдік
Экологиялық үндеу
Елбасының халыққа жолдаған «Жасыл ел» бағдарламасын орындауға өз үлесімізді қосуымыз қажет. Ол үшін мектептің және үйіміздің айналасын көгалдандырып, жасыл желекке айналдыру — бәріміздің ортақ парызымыз.
V. Үй тапсырмасы
Лалагүлдерден композиция құрастыр.
VI. Бағалау және қорытынды тренинг
«Сізге сыйлаймын»
Гүлдер әрдайым қуаныш сыйлайды. Сондықтан адамдар бір-біріне гүл сыйлайды — әрі бұл дәстүр жалғаса береді.