Қөбелектер тобы
Сабақтың бағыты
Тіл дамыту және сауат ашу сабағында Т, Д дыбыстарын дұрыс айту, ажырату және қолдану дағдыларын қалыптастыруға арналған жарыс-сабақ жоспары.
Сабақтың басталуы: жұмбақ арқылы қызықтыру
Сабақ жұмбақ шешуден басталады. Балалар жауап табу арқылы жаңа тақырыптың мәнін түсінеді және дыбыстарды есту арқылы ажыратуға дайындалады.
Жұмбақтар
Төрт бұрышты, бір ауызды.
Жауабы
Сандық
Асты тас, үсті тас, ортасында шандыр бас.
Жауабы
Тасбақа
Киелі бір жануар, үстінде екі тауы бар.
Жауабы
Түйе
Қабат-қабат қаттама, ақылың болса аттама.
Жауабы
Кітап
Сөзі дана, үні жоқ. Сөйлемейді, тілі жоқ. Қолыңа алсаң шешен, ақылы асқан көсем.
Жауабы
Кітап
Топқа бөлу және сайыс ережесі
Сабақ қызықты әрі белсенді өту үшін балалар екі топқа бөлініп, тапсырмаларды орындау арқылы ұпай жинайды. Әр тапсырмада дұрыс әрі мәнерлі жауап берген балаларға жұлдызшалар беріледі.
1-топ: «Көбелектер»
Топ басшысы: Ботагөз
2-топ: «Құмырсқалар»
Топ басшысы: Мирас
Сайыс тапсырмалары
Әр кезеңде балалар Т және Д дыбыстарын дұрыс айтып, сөз ішінде анық естіртуге және орынды қолдануға назар аударады.
1-тапсырма: Сөйлем құрастыру
Т, Д дыбыстары бар сөздерді қолданып сөйлем құрау (әр топ 3 сөйлемнен).
Құмырсқалар
Дана дүкеннен доп сатып алды.
Көбелектер
Дариға домбырамен ән салды.
2-тапсырма: Жаңылтпаш айту
Жаңылтпашты бірнеше рет жаңылмай айту. Айту барысында Т, Д дыбыстарының анық шығуына көңіл бөлу.
Көбелектер
- Далада көп шөп жатыр, Милана. Көп шөптің үстінде көк доп жатыр.
- Орта қойдым, жорта қойдым, Салтанат. Жорта қайдым, орта қойдым.
Құмырсқалар
- Ақ тайлақ па, Сырымбек, қара тайлақ па?
- Тебіншек ат — шегіншек, Адина. Шегіншек ат — тебіншек.
3-тапсырма: «Өтірік өлең»
Қиял-ғажайып, күлкілі мазмұнда қысқа өлеңді мәнерлеп айту.
Көбелектер
Мадина: Инелікке мініп айға ұшып, жұлдызды жерге ала түстім.
Адина: Масаны кісендеп, жарысқа үйреттім; тоң тұрған пішен жегізіп, сиырды билеттім.
Құмырсқалар
Әли: Айда жүрдім қырық күн, айға қақпан құрып ап. Шөпшек жақтым, көлдің суын жылыттым.
Әлия: Үлкен бөдене дүбірлете, домбырамен күй тартты.
4-тапсырма: Достық пен әдептілік ережелері
Екі топ достық, сыйластық, әдептілік туралы ережелер мен мысалдарды айтады.
Достық туралы
- Мирас: Достар бір-біріне әрқашан көмектеседі, қолындағысымен бөліседі, бір-бірін сыйлайды.
- Милана: Достық — адамдар арасындағы сыйластыққа негізделген қарым-қатынас.
- Ботагөз: Достарыңды отбасы мүшелеріндей жақсы көріп, сыйлап, үнемі қолдау көрсету керек.
- Адина: Достар жанжалдаспайды, өтірік айтпайды, бір-біріне көмектеседі.
Әдептілік туралы
- Айсұлу: «Сәлеметсіз бе?», «Сау болыңыз», «Рақмет», «Кешіріңіз», «Кездескенше» сияқты сөздер — әдептілік белгісі.
- Нұрали: Әдептілік — адам бойындағы ең асыл қасиеттердің бірі.
- Аулым: Әдепті бала ұқыпты, тілалғыш, шыншыл, қайырымды, еңбекқор, адал болады.
- Арыстан: Автобуста үлкендерге және кішкентай балаларға орын береді.
- Ерхан: Ата-анасының айтқанын орындайды.
- Аяжан: Айналасындағылармен жақсы қарым-қатынас жасап, көмек қажет болса, дайын тұрады.
5-тапсырма: Тыйым сөздер
Тәрбиелік мәні бар тыйым сөздерді мәнерлеп айту.
Құмырсқалар
- Дильназ: Үйге қарай жүгірме.
- Айсұлу: Беліңді таянба.
Көбелектер
- Әли: Жұлдызды санама.
- Ерхан: Табалдырықты баспа.
6-тапсырма: Суреттер бойынша әңгіме құрау
Тәрбиеші мазмұнды суреттерді ұсынады. Балалар суреттерді ретімен орналастырып, оқиға желісі бойынша қысқаша әңгіме құрайды.
7-тапсырма: Дыбысты жануар үнімен сәйкестендіру
Дыбыстарды дауыстап айтып, қай жануардың не жәндіктің үніне ұқсайтынын табу.
Ж
ж-ж-ж-ж-ж
Қоңыздың үні
Р
р-р-р-р-р
Иттің ырылы
С
с-с-с-с-с
Жыланның ысылы
З
з-з-з-з-з
Шыбынның ызыңы
8-тапсырма: Т және Д дыбысынан басталатын сөздерді табу
Әр топ берілген сөздер ішінен Т және Д әріптерінен басталатын сөздерді таңдап, оқып, тақтаға іледі (әр топ 10 сөзден).
Қосымша: Тәрбиеші текшемен жұмыс ұйымдастырып, табылған сөздерді тақтаға жазғызады.
9-тапсырма: Ертегі мен әңгіме кейіпкерлері
Берілген ертегі/әңгімелердің кейіпкерлерін атап, оқиғаның немен аяқталатынын қысқаша айту.
Көбелектер
- «Мақта қыз бен мысық»
- «Әке мен бала»
- «Қарлығаш пен дәуіт»
- «Қамқорлық»
Құмырсқалар
- «Суретші»
- «Тәтті тоқаш»
- «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?»
- «Алтын бала»
10-тапсырма: Топ басшыларына ойын — «Миллион кімге бұйырады?»
Қысқа сұрақтарға дұрыс жауап беру арқылы ұпай жинау.
Мирас (Құмырсқалар)
- Ең суық мезгіл: қыс (жаз / қыс)
- Бір аптада неше күн бар: 7 (5 / 7)
- Қазақстан Республикасының астанасы: Астана (Алматы / Астана)
Ботагөз (Көбелектер)
- Бір жылда неше жыл мезгілі бар: 4 (5 / 4)
- Бір жұдырықта неше саусақ бар: 5 (5 / 6)
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі: қазақ тілі (қазақ тілі / түрік тілі)
Қорытынды
Тәрбиеші екі топтың жұлдызшаларын санап, қорытынды жасайды. Белсенді қатысқан балалар ерекше аталып, барлық топтарға алғыс айтылады. Сабақ аяқталады.