Сандарға байланысты жұмбақтар айту
Тақырыбы: Қызықты математика
Бұл ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті 1-ден 5-ке дейін тура және кері санауды меңгертуге бағытталған. Жұмбақтар, мақал-мәтелдер және логикалық есептер арқылы балалардың есте сақтау қабілеті артып, ой-өрісі дамиды, ұйымшылдыққа тәрбиеленеді.
Мақсаты
- 1-ден 5-ке дейін тура және кері санау.
- Жұмбақ, мақал-мәтел, логикалық есептер арқылы ойлау мен есте сақтауды дамыту.
- Ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік
- Геометриялық пішіндер.
- Суреттер.
Әдіс-тәсілдер
- Сұрақ-жауап.
- Жұмбақ және логикалық есептер.
- Сергіту жаттығулары.
Ұйымдастыру кезеңі: «Шаттық шеңбер»
Балалар дөңгелекке тұрып, қол ұстасады.
Өлең жолдары
Дөңгелекке тұрамыз, Шеңберді біз құрамыз, Қол ұстасып бәріміз, Ақ тілекті жолдайық. Әлемде нұр, тыныштық, Әрбір үйде күн ыстық. Қайырлы таң, балабақша, Қайырлы таң, достарым!
Қарсы алу
Достарымды көргенде, Қуана қарсы аламыз: «Сәлем, сәлем, сәлем!»
Тәрбиеші балаларды мадақтайды: «Жарайсыңдар, балалар!»
Жыл мезгілі туралы сұрақ-жауап
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс мезгілі.
- Қыс мезгілінде неше ай бар?
- 3 ай.
- Қазір қыс мезгілінің қай айы?
- Қаңтар.
Одан кейін балалар қыс туралы тақпақтарын айтады.
Тосын сәт: Түлкінің өтініші
Топқа түлкі кіріп, балалармен амандасады. Ол мынадай хабар жеткізеді: аң патшасы арыстан орман мектебін ашпақшы. «Кім менің тапсырмаларымды орындай алса, сол мектепке қабылданады» депті. Бірақ түлкі тапсырмаларды өзі орындай алмай, балалардан көмек сұрап келеді.
Тәрбиеші: «Балалар, түлкіге көмектесеміз бе?»
Балалар: «Иә, көмектесеміз!»
Тапсырмалар топтамасы
1-тапсырма: Санау
1-ден 5-ке дейін тура және кері санау. Санамақ айту.
Негізгі дағды
Сандарды ретімен айту және кері тәртіпте қайталау.
2-тапсырма: Логикалық есептер
-
Табақта 5 алма. Біреуін Алима алды, біреуін Сәлима алды. Табақта неше алма қалды?
Жауабы: 3.
-
Екі қоянның неше құлағы бар? Неше құйрығы бар?
Жауабы: құлағы — 4, құйрығы — 2.
-
Қорада 2 балапан тұр, далада 3 балапан жүр. Барлығы неше балапан?
Жауабы: 5.
3-тапсырма: Мақал-мәтелдер
Сандарға байланысты мақал-мәтелдерді айту.
- 1 тал кессең, 10 тал ек.
- Ер кезегі — 3-ке дейін.
- 7 рет өлшеп, 1 рет кес.
4-тапсырма: Жұмбақтар
-
Кезікті бір жануар, үстінде 2 тауы бар.
-
Оң жағында 5 сарбаз, сол жағында 5 сарбаз. Болады барлығы неше сарбаз?
Жауабы: 10.
5-тапсырма: Геометриялық пішіндерден зымыран құрастыру
Балалар геометриялық пішіндерден зымыранды ойып, құрастырады. Дайын зымыранмен «Таңғажайып табиғат» ғаламшарына ұшуға дайындалады.
Ұшу сәті
Көзімізді жұмып, 1-ден 5-ке дейін тура және кері санаймыз. Жарайсыңдар, балалар!
Қайту
Енді көзімізді жұмып, зымыранға мініп балабақшаға қайтамыз.
Сергіту сәті
Қимыл-қозғалыспен бірге санаймыз:
1, 2, 3 — ал, қанекей, ұш! 4, 5, 6, 7 — анау ауыл шеті. 8, 9, 10 — ал, қанекей, қон!
Қорытынды
Балалар түлкінің барлық тапсырмаларын толық орындап шықты. Енді аң патшасы арыстан түлкіні орман мектебіне қабылдайды. Балалар түлкіге сәттілік тілейді.
Түлкі: «Рақмет, балалар. Сендерден көп нәрсе үйрендім. Сау болыңдар!»
Түлкі қоштасып, шығып кетеді.