Қызықты өткен сабақ
Қызықты өткен сабақ
Бір күні бізде ерекше көңілді күн болды. Апайымыз Жадыра Файзоллақызы әдетінше күлімсіреп сыныпқа кіріп келді. Қазақ тілі сабағы еді. Бізбен амандасып, шаттық шеңберін жасатты да, бәрімізге жылы тілектер айтқызды. Тіпті «отшашу» жасап, көтеріңкі көңіл күй сыйладық.
Сосын апай бүгін диктант жазатынымызды айтты. Біздің сынып диктантты жақсы көреді, сондықтан бәріміз бірден қуанып кеттік.
Күтпеген сұрақ
Бір кезде апайымыз: «Балалар, “ішік” дегеніміз не?» — деп сұрады.
Ерғазының жауабы
«Ол — малдың, адамның ас жүретін ішегі».
Арайлымның жауабы
«Домбыраның жібі».
Апай бір күліп алды да: «Жарайды, отыра қойыңдар» — деді. Біз де үнсіз келісіп, өзара күліп алдық.
Бір мезетте апай диктанттың тақырыбы «Ішік» екенін айтып, дәл осы туралы жазатынымызды түсіндірді. Әдеттегідей мәтінді оқи бастады.
Мағынасы мүлде басқа болып шықты
Біз «ішік» деген сөз әлгі жауаптардағыдай мағынада емес екенін түсінгенде аң-таң болып, тағы да күліп алдық. Сөйтсек, ішік — жануар терісінен иленіп, тігілген қысқы сырт киім екен.
Сол күні «білмейтініміз көп екен» деген ойға келдім. Маған бұл сабақ өте қызық болды, әрі сол күлкілі сәтті достарыммен бөлісуді жөн көрдім.
Оқырманға ұсыныс
Достар, сіздер де мектептегі осындай қызықты сәттерді жазып жүріңіздерші. Бір күліп алайық!
Естелік: бір сөздің көп мағынасы барын ұмытпау — тіл үйренудің ең қызық тұстарының бірі.