Кулон тәжірибесін түсіндір

Сабақтың тақырыбы

§32. Электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі.

Сабақтың мақсаты (білімділік)

Электр өрісі ұғымын түсіндіру және кернеулік атты жаңа физикалық шаманы енгізу.

Сабақтың мақсаты (дамытушылық)

Оқушылардың материя туралы түсінігін кеңейту, ойлау қабілетін дамыту.

Сабақтың мақсаты (тәрбиелік)

Ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа және зеректікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі

  • Электрондық кітапша
  • Суреттер
  • Карточкалар

Сабақтың түрі

Ойын сабақ.

Пәнаралық байланыс

Математика.

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру

Сыныптың жұмысқа дайындығын тексеру, сабақтың форматын түсіндіру.

2) Үй тапсырмасын тексеру (сайыс)

Сынып 2 топқа бөлініп жарысады. Қайталау тақырыбы: §31. Электр зарядтарының өзара әрекеттесуі. Кулон заңы.

Жарыс ұраны

«Кулон заңын біз жақсы түсінгенбіз, біліммен биіктерден көрінеміз».

Әділқазы: осы сыныптың оқушысы Жасболатова Еркежан.

Сайыстың өтілу жоспары

1) Топ басшылары ұғымдарды түсіндіреді

1-топ: Протон

Протон — ядро құрамындағы оң зарядталған бөлшек. Оның заряды электрон зарядының модуліне тең. Протон массасы электрон массасынан шамамен 1840 есе үлкен.

2-топ: Электрон

Электрон — атомның сыртқы қабықшасында болатын теріс зарядталған бөлшек. m = 9,1×10−31 кг, q = 1,6×10−19 Кл.

2) Сұрақтар

  1. 1Кулон заңы қалай тұжырымдалады?
  2. 2Нүктелік заряд деген не?
  3. 3Кулон тәжірибесін түсіндір.
  4. 41 Кулон деген не?
  5. 5Зарядталған денелердің өзара әрекеттесу күштері қалай бағытталады?
  6. 6ε қандай шама?

3) Формулалар

  • Кулон күшінің формуласы
  • k тұрақтысы
  • ε0 мәні
  • k-ның сан мәні

4) Есеп шығару

Есеп шарттары экранда беріледі (жұппен/топпен талдау және шығару).

5) Тәжірибе көрсету

  • Электрометр
  • Электроскоп

6) Бағалау және сергіту сәті

Оқушылардың белсенділігі бойынша бағалау жүргізіледі. Одан кейін қысқа физминутка орындалады.

Жаңа сабақ

Қарастырылатын мәселелер

  • Электр өрісі
  • Электр өрісінің кернеулігі
  • Күш сызықтары

Сұрақ-тәжірибе арқылы түсіндіру

Мұғалім: «Балалар, электр өрісінің бар екенін қандай тәжірибелерден көруге болады?»

Бір оқушы тәжірибе көрсетеді: қағаз қиындыларының тартылуы және гильзаның эбонитке тартылуы арқылы электр өрісінің әсерін түсіндіреді.

Тақырып «Физика в картинках» дискісіндегі көрнекі материалдар арқылы қосымша түсіндіріледі.

Бекіту: «Ақылдың алты қалпағы» ойыны

Ойын барысында анықтамалар, формулалар және есеп шығару тапсырмалары қамтылады. Соңында оқушылар тақырыпты қалай түсінгенін айтып, өз ойларын ортаға салады.

Деңгейлік тапсырмалар

Оқушылардың дайындығына қарай тапсырмалар беріледі, күрделі есептер талданып шығарылады.

Қорытынды

Баға қою, үй тапсырмасын беру және қысқа тест арқылы білімді тексеру.

Тест сұрақтары

Әр сұраққа дұрыс жауапты таңдаңыз.

  1. 1) Кулон тәжірибесінде нені пайдаланды?

    • A) Электрометр
    • B) Динамометр
    • C) Иірілмелі таразы
    • D) Электроскоп
  2. 2) Екі нүктелік зарядталған дененің арақашықтығын 2 есе арттырса, олардың арасындағы өзара әрекеттесу күші қанша есе өзгереді?

    • A) 2 есе кем
    • B) 4 есе кем
    • C) 2 есе артық
    • D) 4 есе артық
  3. 3) Зарядтың өлшем бірлігі

    • A) Кл
    • B) Па
    • C) Н
    • D) Дж
  4. 4) k коэффициенттің мәні

    • A) 9,1×10−31 кг
    • B) 1,6×10−19 Кл
    • C) 9×109 Н·м²/Кл²
    • D) 8,82×10−31 м
  5. 5) Зарядталған денелердің өзара әрекеттесу күштері сан жағынан

    • A) Үлкен
    • B) Кіші
    • C) Тең
    • D) Тең емес
  6. 6) Кулон заңы қай жылы ашылды?

    • A) 1980 ж
    • B) 1785 ж
    • C) 1836 ж
    • D) 1854 ж
  7. 7) ε0 мәні

    • A) 9×109 Н·м²/Кл²
    • B) 8,85×10−12 Кл²/(Н·м²)
    • C) 9,1×10−31 кг
    • D) 1,6×10−19 Кл
  8. 8) k-ның формуласы

    • A) kx
    • B) ρνg
    • C) 1 / (4π ε0 ε)
    • D) μN
  9. 9) Теріс зарядталған бөлшек

    • A) Протон
    • B) Нейтрон
    • C) Электрон
    • D) Электрометр
  10. 10) Кулон күшінің формуласы

    • A) F = kx
    • B) F = ρνg
    • C) F = mg
    • D) F = k q1 q2 / r2