Өлі табиғат
Денелер. Заттар. Табиғи құбылыстар
Дүниетану сабағының жоспар-конспектісі
Мұғалім: Исанова Б. К.
Технология: БжС (ауызша сабақ)
1-кезең. Ұйымдастыру
Сабаққа кіріспе
Амандасу, оқушыларды түгендеу, назарын сабаққа аудару. Оқушылар орындарынан тұрып, қонақтармен сәлемдеседі.
Өлең жолдары
Жарқырап күнде ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз.
Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз.
Психологиялық дайындық
Барлығы бірге
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
Осындай жылумен сабақты бастаймыз. Биоинформатика және синергетика технологиясы бойынша бүгін ауызша жұмыс жүргізіледі.
Көшбасшыға сөз
Біз Қазақстанның үлгілі ұрпағы боламыз ба?
ИәБіз мектептің мақтанышы боламыз ба?
ИәДүниетану пәнінен “5” алып, нәтижеге жетеміз бе?
Иә2-кезең. Үй тапсырмасы
“Табиғатты адам қалай зерделейді?” тақырыбы бойынша қарама-қарсы сұрақтарға жауап беру. Жұмыс матрица арқылы ұйымдастырылады.
Қарама-қарсы сұрақтар (20)
- Адам айналаны қоршаған дүниеде нелермен жиі кездеседі?
- Адамның өз көзқарасы қалай қалыптасады?
- Табиғатты бақылау әдісі дегеніміз не?
- Бақылауды дұрыс жүргізу үшін алдымен нені анықтап алу керек?
- Одан кейін не құрылады?
- Тірі және өлі табиғатты бақылау бірдей ме?
- Тірі табиғатты бақылауға қанша уақыт керек деп ойлайсың?
- Өсімдікті бақылауға мысал келтір.
- Жануарды бақылау неліктен қиын?
- Жәндіктерді бақылауға қанша уақыт керек?
- Бақылап болған соң жәндікті не істеу керек?
- Ірі жануарларды қалай бақылайды?
- Бақылау әдісін жақсы меңгерген адамда не қалыптасады?
- Ертедегі адамдарды не қызықтырған?
- Бақылау әдісінің қандай түрлерін білесің?
- Тәжірибе жасау дегеніміз не?
- Тәжірибе жасау үшін қанша уақыт керек?
- Тәжірибе соңынан не жасалады?
- Бақылау құралының негізгісі не?
- Қандай сағат түрлері ойлап табылған?
3-кезең. Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын нақтылау
Қабылдауды ұйымдастыру: тірек сөздер
Тақтада тақырыпқа қатысты тірек сөздер ұсынылады. Оқушыларға 30 секунд уақыт беріліп, әр ұғымның мағынасы қысқаша талданады.
4-кезең. Ұғынуды ұйымдастыру
Мәтінмен жұмыс
- Мәтінді оқу: 1 бетке — 3 минут.
- Тірек сөздердің мазмұнын ашу — 5 минут.
Негізгі ой
Оқушылар мәтін арқылы дене, зат және табиғи құбылыс ұғымдарын ажыратып, тірі және өлі табиғат белгілерін салыстырады.
5-кезең. Түсінуді біріншілік тексеру
Матрица бойынша барлық оқушы сұралады. Нәтиже пайызы есептеліп, жауап сапасына талдау жасалады.
Қиылыс сұрақтары (20)
- Адам қайда өмір сүреді?
- Дене дегеніміз не?
- Қандай денелерді табиғи денелер дейміз?
- Қандай денелерді жасанды денелер дейміз?
- Табиғи денелер нешеге бөлінеді?
- Тірі денелердің жиынтығын қалай атаймыз?
- Өлі табиғатқа нелер жатады?
- Тірі және өлі денелердің айырмашылығы неде?
- Айналадағы табиғи және жасанды денелерді қалай ажыратамыз?
- Табиғи және жасанды денелер неден тұрады?
- Кез келген дене неден тұрады?
- Заттарды бір-бірінен қалай айырамыз?
- Тірі дененің құрамы қандай болады?
- Табиғат құбылыстары дегеніміз не?
- Қыс мезгілінде қандай құбылыстар байқалады?
- Күз мезгілінде қандай құбылыстар болады?
- Адам табиғат құбылыстарын өзіне толық бағындыра ала ма?
- Адам қандай табиғат құбылыстарын өз қажетіне пайдалана алады?
- Жаз мезгілінде қандай құбылыстар болады?
- Көктем мезгілінде қандай құбылыстар болады?
6-кезең. Біріншілік бекіту (сыни ойлау)
Матрица бойынша барлық оқушы қатысады. Пайыз есептеліп, қателескен тұстар бойынша кері байланыс беріледі.
“Дұрыс/Бұрыс” тұжырымдары
- 1 Адам қоршаған ортада өмір сүреді. Дұрыс
- 2 Адамды қоршаған ортаны дене деп атаймыз. Бұрыс
- 3 Күн, Ай, жұлдыз, бұлт — табиғи денелер. Дұрыс
- 4 Тас, аң, құс — жасанды денелер. Бұрыс
- 5 Табиғи денелер екіге бөлінеді. Дұрыс
- 6 Тірі денелердің жиынтығын өлі табиғат деп атаймыз. Бұрыс
- 7 Өлі табиғатқа ауа, құм, су, тас жатады. Дұрыс
- 8 Тірі және өлі денелердің арасында айырмашылық болмайды. Бұрыс
- 9 Айналадағы жасанды денелерді ұстап көру арқылы тануға болады. Дұрыс
- 10 Табиғи және жасанды денелер заттардан тұрады. Дұрыс
- 11 Кез келген дене тастан тұрады. Бұрыс
- 12 Заттарды бір-бірінен қасиеттері арқылы ажыратуға болады. Дұрыс
- 13 Тірі дененің құрамы әрқашан жұмсақ болады. Бұрыс
- 14 Табиғаттағы өзгерістерді табиғат құбылыстары деп атаймыз. Дұрыс
- 15 Қыс мезгілінде жаңбыр жауады, топырақ борайды. Бұрыс
- 16 Күз мезгілі көбіне жауын-шашынды болады. Дұрыс
- 17 Адам табиғат құбылыстарын толықтай өзіне бағындыра алады. Бұрыс
- 18 Адам жауын-шашынды өз игілігіне пайдалана алады. Дұрыс
- 19 Жаз мезгілінде қар жауады. Бұрыс
7-кезең. Талдау және қорытынды
Тақырыптық сөздік қор (ТСҚ)
Оқушылар мәтіннен сөздерді немесе мәтін мазмұнын қысқаша жазады. Мақсат: 37 сөз. Уақыт: 5 минут.
- Матрицаны толтыру.
- Ең көп сөз жазған оқушы өз сөздерін оқып береді.
- ТСҚ пайызы есептеледі.
Бағалау шкаласы
Норматив
Оқушылардың кемінде 63%-ы 5 ұпай алуы тиіс.
Үй тапсырмасы
ТСҚ бойынша 4 белгіден төмен нәтиже көрсеткен оқушыларға қосымша үй тапсырмасы беріледі.