Тығыздықтың формуласы
Сабақтың тақырыбы
Қайталау сабағы: «Шырша қызықтары».
Сабақтың мақсаты
- Білімділік: оқушылардың алған білімдерін тексеру.
- Дамытушылық: шапшаңдыққа, алғырлыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу; пәнге қызығушылығын арттыру.
Көрнекіліктер
Динамометр, термометр, мензурка.
Сабақ туралы
- Пән аралық байланыс: қазақ тілі, математика.
- Сабақтың түрі: сайыс сабағы.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындықты тексеру.
2) Қайталау (сайыс ережесі)
Мұғалім: «Балалар, Жаңа жыл мерекесі жақындап қалды. Сондықтан бүгінгі қайталау сабағымызды “Шырша қызықтары” деп атаймыз».
Шыршаға 20 сұрақ ілінген. Кейбір сұрақтардың ішінде сыйлық бар. Сыйлықты алу үшін сұраққа дұрыс жауап беру керек. Егер оқушы жауап бере алмаса, келесі оқушы жауап беріп, сыйлықты ұтып ала алады.
Сұраққа жауап берген оқушы қағазды өзімен бірге алып кетеді. Сабақ соңында кім көп сұраққа жауап берсе, сол оқушыға сыйлық беріледі.
Сыныпта екі қатар болғандықтан, оқушылар екі топқа бөлінеді. Кезек-кезек шығып, сұрақтарға жауап береді.
Ескерту: Сыйлыққа ие болудың басты шарты — нақты, қысқа әрі дәл жауап беру.
Сұрақтар тізімі (20 тапсырма)
- Материялық нүкте деген не?
- Табиғатты зерттеу әдістері қандай?
- Атомның құрылысы қандай?
- Өз осіне қарама-қарсы айналатын планета қайсы?
-
Тәжірибе: инерция құбылысын көрсет.
(Үстелде: бос стакан, қағаз, 50 теңге.)
-
Тәжірибе: диффузия құбылысын көрсет.
(Үстелде: суы бар ыдыс, бояу түйіршігі.)
- Мензурка туралы не білесің?
- Термометр туралы не білесің?
- Динамометрмен жүкті өлшеп көрсет.
-
Осы сұраққа жауап берсең, шыршаны жағасың:
Егер серпімділік күші 2 есе өссе, серіппенің ұзындығы қалай өзгереді?
-
Есеп: дұрыс шығарсаң сыйлық аласың.
(Үлестірме қағаздан есеп беріледі.)
- Формула: дұрыс жазсаң сыйлық аласың — тығыздықтың формуласы.
- Сыйлық: ауырлық күшінің формуласы.
-
«Асылдың сұрағы»:
(11-сынып оқушысы Ерболатова алдын ала сұрақ дайындап келеді.)
- Мына мақал қай құбылысқа арналған: «Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді»?
-
Мына шумақтың мазмұнын түсіндір:
Соңғы жылдар көркейіпті еліміз, Кереметтей жетістікке жетіппіз. Халқымыздың әл-ауқаты жақсарып, Тасқын судай алға жылжып келеміз.
- Физикалық шама деген не?
- Сыйлық: үлестірме қағаздан есеп ал.
- Заттың күйлері туралы айтып бер.
- Деформация деген не?
Қорытынды бөлім
Нәтиже
Мұғалім: «Бүгінгі сабақты қорытындылайық. Сұрақтарға өте жақсы жауап берген Үсенбаев Самат шыршаны жағу құрметіне ие болды».
Сондай-ақ қолында шыршадан алынған сұрақ қағаздары көп оқушыларға да сыйлықтар беріледі.
Бағалау және үй тапсырмасы
- Сабақта белсенділік танытқан оқушыларға «5» бағасы қойылады.
- Үй тапсырмасы: өткен тақырыптарды қайталау.
Мұғалімнің тілегі: «Балалар, Жаңа жылда алатын сыйлықтарың көп болсын!»