Қалқаман мен Мамырдың әңгімесі
Сабақтың тақырыбы
Ш. Құдайбердіұлының «Қалқаман – Мамыр» поэмасы.
Сабақтың түрі мен әдістері
Сабақтың түрі
Дәстүрден тыс ойын сабағы.
Сабақтың әдістері
- Мәтінмен жұмыс
- Сұрақ-жауап, пікір айту
- Топтық және жұптық жұмыс
- «Алтын сақа» ойыны арқылы талдау
Көрнекіліктер
Шәкәрімнің портреті, шығармалар жинағы, сұрақтар салынған конверттер, асық, слайд.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Поэманың мазмұны негізінде Қалқаман мен Мамыр бейнесін ашу, сондай-ақ Қалқаман мен Көкенай әрекетіне екі түрлі қырынан баға беру.
Тәрбиелік
Поэма кейіпкерлерінің жақсы мінез-құлқы мен орынды іс-әрекеттерін талдау арқылы оқушыларды адамгершілікке, мейірімділікке, қамқорлыққа баулу.
Дамытушылық
Оқушының ой еркіндігін және эстетикалық сезімін ояту; қысқаша мазмұндату арқылы тілін дамыту; сөйлеу мәдениетін қалыптастыру; ойын арқылы қызығушылығын арттыру.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
- Оқушыларды түгендеу.
- Оқу құралдарын тексеру.
- Өткен сабақ материалын сұрау.
II. Тақырып пен мақсатты таныстыру
Сабақ жоспары
- 1 Іздендіру бағытындағы жұмыстар: сұрақ-жауап, еске түсіру.
- 2 «Қалқаман – Мамыр» поэмасының мазмұнын талдау және жинақтау: Композиция • Аннотация • Көркемдік тіл
III. Жаңа сабақ
Мұғалімнің кіріспе сөзі
Қазақ әдебиеті тарихында Абайдан кейін тұлғалы ақын атанған Шәкәрімнің өмірі мен шығармашылығымен өткен сабақта толық таныстық. Бүгін өздерің алдын ала оқып келген «Қалқаман – Мамыр» поэмасына терең талдау жасаймыз. Махаббаттың қос шынары — Қалқаман мен Мамыр; ал олардың жолына тікен болып қадалған — батыр Көкенай. Осы образдарға екі қырынан баға беріп, жыр желісі бойынша топтық және жұптық жұмыстар орындаймыз.
I топ
Композиция- Басталуы: Қалқаман мен Мамырдың алғашқы кездесуі.
- Байланысы: бір-бірін ұнатуы, бастаңғы жасауы, сөз байласуы.
- Дамуы: Мамырдың айттырылуы.
- Шарықтау шегі: серттесіп қашуы; Мәмбетейлер мен Тобықты руының жанжалдасуы.
- Шешімі: Мамырдың аянышты өлімі; Қалқаманның елден кетуі.
II топ
АннотацияПоэманы бөлімдерге бөліп, әр бөлімге атау береді:
- 1Кездесу
- 2Бастаңғы
- 3Тосын жағдай
- 4Батыл шешім
- 5Қатыгездік
III топ
Көркемдік тіл- Диалог: Қалқаман мен Мамырдың әңгімесі.
- Баяндау: алғашқы кездесу сәтінің суреттелуі.
- Жырдағы суреттеу, мінездеу, портрет тәсілдерін мәтіннен табу.
IV. «Алтын сақа» ойыны
Ойынның мақсаты мен шарты
- Табалдырық сұрақтарына жауап берген төрт ойыншы ортаға шығады.
- Ойын асық иіру арқылы басталады: асығы алшысынан түскен ойыншы бірінші бастайды.
- Кезеңдер: Әудем жер → Қозыкөш → Беласар → Жерұйық.
Табалдырық сұрақтары
- 1Әнет баба, Мәмбетей, Кішік — кімдер? Жырда олар қалай таныстырылады?
- 2Қалқаман мен Мамыр бір-біріне қалай туыс?
- 3Бастаңғы дегеніміз қандай салт?
- 4Той жасаған Орта жүз ханы кім еді?
Кезең 1: «Әудем жер»
Конверт таңдауОйыншылар таңдаған конверттегі сұрақтарға жауап береді:
- 1Жылқыда жүрген Мамырға Қалқаман жұмбақ-мысал іспетті бір сөз айтады. Ол қандай сөз?
- 2Орта жүз ханы Сәмеке не үшін той жасады? Жырда ол қалай баяндалған?
- 3Мамыр сауық кешінде жұмбақ өлең айтады. Оның сыры неде?
- 4Мамырдың «Бүрсігүннен арғы күн болады алыс» деуінің мәні қандай?
Кезең 2: «Қозыкөш»
ЕрежеАсығы бүк түскен ойыншы келесі асуға өтпейді.
- 1Орта жүзге үлгі болған ғұлама би Әнет бабаның сол кездегі жасы нешеде?
- 2Қалқаман мен Мамырды құтқаруда Әнет баба қандай амал-айла ойластырады?
- 3Көкенай кім? Жырда ол қалай суреттеледі?
Кезең 3: «Беласар»
Екі оқушы ортаға шығып жауап береді:
- 1Қалқаманды атамыз деген шешім шыққанда, оны қандай жүйрікке мінгізеді?
- 2Өлімнен аман қалған Қалқаманға ауыл бозбалалары той жасайық дегенде, Қалқаман не дейді?
Кезең 4: «Жерұйық»
Қорытынды сұрақСұрақ: Көкенай Мамырды атқан кезде Мамыр оған қандай ақтық сөз айтады?
V. Пікір алмасу
Поэма бойынша жүргізілген жұмыстардан кейін кейіпкерлер тағдырына тереңірек үңіліп, негізгі мәселелер бойынша пікірталас ұйымдастырамыз.
- 1. Қалқаман мен Мамырдың қосылғаны дұрыс па?
- 2. Көкенай әрекетін қалай бағалайсыңдар? Жырда ол батыр ретінде суреттеледі. Оның батырлығы көріне ме?
- 3. Қалқаманның елден кетуі дұрыс шешім бе?
VI. Қорытынды
Қалқаман мен Мамырдың қосылуын біржақты «дұрыс» немесе «теріс» деп кесіп айту қиын. Бұл — әйел затының еркіндігі шектеліп, салт пен қатал қағида үстем тұрған кезеңнің шындығы.
Еркіндікке ұмтылған Қалқаман мен Мамыр жүрек қалауын мақсат етіп, адал махаббатқа жүгінеді. Шәкәрімнің де көздегені — осы қайшылықты ашып, заманының қатал қағидасына сын көзбен қарау.
Бүгінгі сабақтан алар тәлім
- Ата салтын аттауға болмайды.
- Жүрек қалауын да жоққа шығаруға болмайды.
VII. Үй тапсырмасы
Шығарма: «Егер мен Қалқаман болсам…»
VIII. Бағалау
Оқушылардың сабаққа қатысуы, топтық және жұптық жұмысқа белсенділігі, жауаптарының дәлелділігі негізінде бағалау жүргізіледі.