Қыс мезгіліне байланысты диалог құру

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Бұл сабақ жоспары 6-сыныпқа арналған және «Қыс» тақырыбын қамтиды. Сабаққа арналған презентация қарастырылған.

Білімділік мақсаты

Модуль бойынша өткен әртүрлі тапсырмалар арқылы грамматикалық ережелерді пысықтау.

Дамытушылық мақсаты

«Қыс» тақырыбы бойынша сөздік қорды бекіту, ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, оқушылардың ойлау қабілеті мен белсенділігін арттыру.

Тәрбиелік мақсаты

Жылдың әр мезгілінің өзіне тән әсемдігі мен қажеттілігі бар екенін ұғындыру.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Бастапқы кезең
  • Оқушылармен сәлемдесу.
  • Сыныптың дайындығын тексеру.

II. Жаңа сабақ

Негізгі бөлім

Психологиялық дайындық

Бағалау парағы
  • Сабақ басталар алдында оқушылар өз көңіл күйін көрсетеді.
  • Оқушыларға бағалау парағы таратылады.

Тыңдалым (3 минут)

Компьютер арқылы

Қыс желтоқсан айынан басталады. Бұл мезгілде күн суытады. Батыстан суық жел соғады. Күн қысқарып, түн ұзарады. Жиі-жиі қар жауады. Жердің бетін аппақ қар басады. Адамдар қыста жылы киінеді. Бұл мезгілді балалар ұнатады. Олар коньки тебеді, шаңғымен сырғанайды, қардан аққала жасайды.

Тыңдалымнан кейінгі сұрақтар

  • Бұл мәтін не туралы?
  • Жылдың қай мезгілі сипатталған?
  • Саған қыс ұнай ма? Неліктен?

Тақырыпты ашуда презентация қолданылады.

III. Үй жұмысын тексеру (8 минут)

Жобалық жұмыс

1-топ

Қыс мезгіліне байланысты жоба дайындау.

2-топ

Қыс мезгіліне байланысты диалог құру.

3-топ

Қыс мезгіліне байланысты жұмбақ дайындау.

IV. Тапсырмалар топтамасы

Оқылым • Тілдесім • Жазылым

1) Оқылым: 1-тапсырма (5 минут)

Тақырып қою

Берілген сөйлемдерден 1-топ және 3-топ өз мәтінін құрастырып оқиды, 2-топ мақал-мәтелдерді жазып оқиды. Соңында әңгімеге ат қойылады.

Мақал-мәтелдер

  • Жаздың бір күні, қыстың мың күні.
  • Қыстың көзі — қырау.

Мәтінге арналған сөйлемдер

  • Қыс дегеніміз — өте әдемі әрі көңілді мезгіл.
  • Қар көп жауып, нағыз қыс болды.
  • Қыста адамдар отын жағады.
  • Балалар ойын ойнайды: сырғанақта коньки тебеді, аққала жасайды.
  • Терезеден қарасаң, үйлердің төбесіндегі қарды көресің.
  • Қыста ойнап келгеннен кейін бетің шымырлай бастайды.
  • Қыстың пейзажы қандай тамаша!

Сөздік

Дегеніміз
это
Нағыз
настоящая
Отын
дрова
Сіркіреп
моросит
Сырғанақта
на катке
Құрт-құмырсқа
насекомые
Төбесінде
на крыше
Дайындалып жүр
готовятся
Қырау
иней
Шымырлай бастайды
шиплет

2) Тілдесім: сурет бойынша диалог (5 минут)

Рөлдік тапсырма (слайд)

Берілген сурет негізінде жұппен немесе топпен диалог құрылады. Оқушылар рөлдерді бөліп алып, қысқы көріністі сипаттап сөйлеседі.

3) Жазылым: етістік (3 минут)

Грамматика

Талқылау сұрақтары

  • Етістік қандай сұраққа жауап береді?
  • Сөйлемде етістік көбіне қай орында тұрады?
  • Етістіктің астын қалай сызамыз?

Етістіктің түрлері

Етістіктің дара және күрделі түрі бар. Дара етістік бір сөзбен айтылады, ал күрделі етістік екі немесе одан да көп сөзден құралады.

Дара етістік

келді, отырды, жазды

Күрделі етістік

ойнап отыр, қарап тұр

4) Флипчарт тапсырмасы (4 минут)

Сәйкестендіру

«Аққала» бейнесіндегі сөздерді алып, екінші жақтағы сөздермен мағынасына қарай сәйкестендіреді.

5) Жаңылтпаш айту (4 минут)

Сөйлеу қарқыны

Оқушылар жаңылтпашты мүмкіндігінше тез әрі анық айтады.

V. Қорытынды бөлім (4 минут)

Рефлексия • Бағалау

Қайталау тақырыптары

күндер түндер ауа райы қысқы демалыс мерекелер табиғат қысқы ойындар

Бағалау және кері байланыс

  • Оқушылар көңіл күйін қайта көрсетеді.
  • Бағалау парағы толтырылады.
  • Оқушылар өз бағаларын айтады.

Сабақты аяқтау: жұмбақ-өлең

Аяз қысып, өрнек сызып,

Терезені торлайды.

Қарға омбығып, бет домбығып,

Сырғанап балалар ойнайды.

Кейде ұлып, кейде ысқырып,

Ұйытқып боран соғады.

Айтыңдаршы, балалар,

Бұл қай кезде болады?

VI. Үй тапсырмасы

Келесі сабаққа

Қыс мезгілі туралы өлең жаттап келу.

VII. Қорытынды сұрақ-жауап

Сабақты бекіту

Сабақ соңында қысқа сұрақ-жауап арқылы негізгі ұғымдар бекітіледі және бағалау парағындағы нәтижелер қорытындыланады.

Оқушының аты-жөні 1-тапсырма 2-тапсырма 3-тапсырма 4-тапсырма 5-тапсырма Қорытынды