Тақырып бойынша қарапайым сұрақтарға жауап беруге баулу

Сабақтың тақырыбы

Еңбек түбі – береке.

Мақсаты

Оқушыларды тақырып бойынша қарапайым сұрақтарға жауап беруге баулу; байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру және сұраққа толық, жүйелі жауап беруге дағдыландыру.

Грамматикалық тақырыпты әртүрлі тапсырмалар арқылы қайталау.

  • Мақал-мәтелдердің мағынасын түсінуге және оларды орынды қолдана білуге үйрету.
  • Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
  • Рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, жалпыадамзаттық қасиеттерге ие тұлға тәрбиелеу.
  • Тіл байлығын арттыру, шешендікке баулу.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушыларды түгендеу, назарын жаңа сабаққа аудару.

Фонетикалық шынықтыру

Мақсаты — сөйлеу шапшаңдығын арттырып, дыбыстарды анық айту (тез әрі қатесіз орындау).

Заңгер меңгергенді дәрігер меңгере ала ма?

Дәрігер меңгергенді заңгер меңгере ала ма?

Тілдік талдау жұмыстары

  • Бір оқушы тақтада «КІТАПҚА» сөзіне сатылай кешенді талдау жасайды.
  • Қалған оқушылар ауызша тізбек бойынша «ҚҰРЫЛЫСШЫ» сөзіне фонологиялық талдау жасайды.

Жаңа сабаққа кіріспе

Не білуіміз керек?

Тақырыптың негізгі мазмұнын және еңбек туралы ойды жүйелі жеткізудің жолдарын.

Нені игеруіміз керек?

Сұраққа толық жауап беру, мақал-мәтел мағынасын түсіну және қолдану.

Проблемалық сұрақ

Адам бақытты өмір сүру үшін не істеуі керек?

Үй тапсырмасы

«Мамандықтар» тақырыбын қысқа мерзімді жоба әдісі арқылы қорғау.